«Логика» (вариативті компонент негізінде мектепалды даярлық сыныбына арналған.) Қоныс орта жалпы білім беретін мектебінің мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі Аменова Әлия Тілеуғалиқызының іс-тәжірбиесінен



бет50/50
Дата21.01.2023
өлшемі421,5 Kb.
#62213
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50
Байланысты:
ЛОГИКА вариатив (1)

«Қандай сандар жетіспейді?»
Мақсаты: Сандарды тани білуге, аталған сан арасындағы санды атай білуге үйрету.
Көрнекілік: сіріңке қорабындағы таратпа материалдағы сандар.
Барысы: тәрбиеші екі санды атайды, мысалы: 3-5 десе, балалар қораптан сол сандарды алып, ортасындағы санды қою керек.
«Көрші–көрші»
Мақсаты: Сан құрамын атап, неше бірліктен тұратынын, сандарды салыстыра білуге үйрету.
Көрнекілік: Кеспе қалтадағы сандық карточкалар: 1-10.
Барысы: Тәрбиеші бір санды атайды, м:7 санын. Тақтаға бір бала шығып аталған санды «кеспе қалтадағы» сандар арасынан 7 санын алып қояды. Тәрбиеші: осы санның көршілерін көрсетіндер дегенде , екі бала шығып 6 және 8 санын көрсетеді. Әр бала өз санын түсіндіру керек, м: 7 саны 6 санынан 1-уі артық, 8 санынан 1-уі кем, 7 бірліктен тұрады.


Қорытынды.

«Таным» білім беру саласындағы логика бөлімін ұйымдастыруға арналған талаптарға мыналарды жатқызуға болады деп ойлаймын.



  • Заттық іскерлік (ең қарапайым есептеулерді жүргізу , қоршаған дүниеден геометриялық пішіндерді тани білу, шамаларды ажырату және өлшеу, т.б.)

  • Математикалық білімдерді күнделікті өмірде қолдану;

  • Өз бетінше ойлау мен пайымдау, алынған ақпаратты талдау мен қорытынды жасау.

шығармашылық тұрғыда ойлау және іс-әрекеттерді болжау, басты нәрсені екінші дәрежелі нәрседен ажырата алу мен заңдылықтарды таба білу іскерлігі;

  • көзбен көріп қабылдау мен қиялдау, зейін қою мен есте сақтау;

  • тұлғаның ойлау қызметі мен даму амалдарының аса маңызды компоненті ретіндегі балалардың сөйлеу мәдениеті.

Математиканы оқытудағы ақыл-ой әрекетінің белсенді ойын және қызықтырушылық формалары негізінде құрылды.
Сабақ кезінде жақсы көңіл – күй ахуалы орнап, өзара әңгімелесу емін-еркін түрде
жүреді. Мектеп жасына дейінгі кезде тұлғаның жалпы дамуында эмоция аса маңызды
рөлдің біріне ие. Бұл балалар денсаулығын сақтау үшін де өте маңызды.
Тәрбиешінің ісерлі сөзі, әрбір балаға мейірім – ықыласпен қарауы олардың бойында сергек, жақсы көңіл-күй қалыптастырады, мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілердің сабаққа ынтасы артады, бұл жаңа білімдерді игеруге оң ықпал етеді. Егер балалар тапсырманың орындауда ынталылық танытып жатса, тапсырма түгел немесе дәл орындалмаған күннің өзінде де оларды мақтап қойған жөн.
Балалардың сүйіспеншілік оятқан сабақ келесі сабақтарды өткізуге де жағымды әсер етеді.

Пайдаланылған әдебиеттер.



  1. Құрманалина . Ш.Х., Сәрсенбаева.С. Ш. Өміртаев Р. Қ.

Математикадан дидактикалық ойындар мен қызықты тапсырмалар, 1-сынып.
Алматы, «Атамұра», 1997, 48б

  1. А.Жұмаділдаев. «Геометриялық фигуралар». 2007.

  2. Дүсенбай Е. «Санамақ» алматы 1996

  3. Елубай Е «Балаларға базарлық». Алматы 2007

  4. «Айгөлек», «Блдырған», «Баламен балабақша» журналдары 2013-2015-2016жылдар басылымдары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет