Логикалық-математикалық есептер доивк-92 тобы сейіт Арайлым



бет4/8
Дата04.06.2022
өлшемі0,59 Mb.
#36336
1   2   3   4   5   6   7   8
8. Шаріп Ақжарқын
1.Мотоцикл жүргізушісі ауылға келе жатқанда жолдан өзіне қарсы ұш жеңіл машина және бір камазды кездестірді. Ауылға неше машина бара жатыр? Жауабы: Бір ғана мотоцикл
2.4 қарындаш пен 3 жалпы дәптер 54 тг, 2 қарындаш пен 2 жалпы дәптер 34 тг тұрады. 8 қарындаш пен 7 дәптер қанша тг тұрады? Шешімі: 4қ+3жд=54 2қ+2жд=34 жүйе құрып, 1 қарындаш пен 1 жалпы дәптердің құнын тауып аламыз. 1к - 3тг, 1жд - 14 8к - 24тг, 7жд - 98тг
3.Біз нені көреміз,егер бүктелген парақты аударсақ ?

4.Жеңіл машина 76 км/сағ жылдамдықпен 3 сағ асфальтпен және 46 км/сағ жылдамдықпен 2 сағ қара жолмен жүрді.Машина асфальтпен қара жолға қарағанда неше км артық жүрген?
Жауабы 136 км
5.«Бір бидонда бірнеше литр, ал екіншісінде 10 л сүт бар. Бірінші бидонға тағы 2 л сүт құйылғанда, ал екіншісінен 3 л сүт құйып алғанда, екі бидондағы сүттің мөлшері бірдей болды. Бірінші бидонда неше литр сүт болған еді?».
х + 2 = 10 – 3
х + 2 = 7
х = 7 – 2
х = 5
Жауабы: 5 литр.

9. Шәкір Айым
1) Дөңгелек бойына тоғыз сан жазылған: төрт рет 1 саны және бес рет 0 саны жазылды. Әр секунд сайын бұл сандарға мынадай операциялар қолданылады: - әрбір көрші тұрған сандар әртүрлі болса, олардың арасына 0 саны қойылады. - әрбір көрші тұрған сандар бірдей болса, арасына 1 саны жазылады. Сосын бұрынғы жазылған сандарды өшіріп тасталынады. Біраз уақыт өткен соң, дөңгелек бойындағы сандар бірдей болуы мүмкін бе? Жауабы : Жоқ. Себебі, бірдей сандарды алу үшін 1 мен 0 сандары кезектесуі керек. Ал бұл есеп шарты бойынша мүмкін емес.
2)Сенің жасыңды үш есе арттырса, менің жасымдай болады. Ал менің жасымнан сенің жасыңды алып тастаса, 20 қалады. Мен нешедемін?
Х=10; (х*3)- х=20
Жауабы: мен 30 жастамын.
3) Суретті есеп.

Жауабы: 35.15.20
4) Автобус А қаласынан В қаласына 40км/сағ жылдамдықпен барды. В қаласынан А қаласына 60 км/сағ жылдамдықпен барды. Автобустың орташа жылдамдығы қанша? Жауабы.: 48 км/сағ
5) «Бүркіттің ұшу жылдамдығы 30 м/с, ал ол сұңқардың ұшу жылдамдығынан 10м/с артық. Сұңқардың жылдамдығы неге тең?»
Жауабы: 20 м/с



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет