Логикалық операциялар Ақиқат кестесі Логика алгебрасында қарапайым пiкiрлер латынның бас әрiптерiмен таңбаланады: A=



Дата11.10.2022
өлшемі0,57 Mb.
#42389
Байланысты:
10 класс


Логикалық операциялар
Ақиқат кестесі
Логика алгебрасында қарапайым пiкiрлер латынның бас әрiптерiмен таңбаланады:
A= {Абай — қазақ халқының ұлы ақыны}.
B= {А. С. Пушкин — ұлы математик}.
Ақиқат пiкiрге «1», ал жалғанға «0» белгісі сәйкес қойылады.
Сондықтан A = 1, B = 0.
Екi немесе одан көп пiкiрлердi «және» жалғаулығы көмегiмен бiрiктiру амалы логикалық көбейту немесе конъюнкция деп атайды.
Конъюнкция:
— табиғи тiлде «және» жалғаулығынасәйкес келедi;
пiкiрлер алгебрасында немесе & белгiлерiнiң бiрiмен таңбаланады.
Логикалық көбейту (конъюнкция).
Екi немесе одан да көп пiкiрлердi «немесе» жалғаулығы көмегiмен бiрiктiру амалы логикалық қосу немесе дизъюнкция деп аталады.
Дизъюнкция:
— табиғи тiлде «немесе» жалғаулығына сәйкес келедi;
— пiкiрлер алгебрасында белгiсiмен таңбалады.
«Логикалық қосу (дизъюнкция).
« Емес» жалғаулығының көмегiмен пiкiрдi терiске шығару амалы логикалық терiске шығарунемесе инвер-сиядеп аталады.
Инверсия:
— табиғи тiлдегi «дұрыс емес», «терiске шығару» сөздерiне және «емес» жалғаулығына сәйкес келедi;
— пiкiрлер алгебрасында Ā белгiсiмен таңбаланады.
«Логикалық терістеу (инверсия)
«Ақиқат кестесі— кіріс айнымалылардың барлық мүмкін болатын мәндерінде күрделі пікірдің ақиқаттығын көрсететін кесте.
Логикалық өрнекті есептеу тәртібі:
  • Жақшадағы өрнек есептеледі.
  • Инверсия (кері сан) есептеледі.
  • Конъюнкция (көбейту) есептеледі.
  • Дизъюнкция (қосу) есептеледі.

Логикалық амалдардың ақиқат кестесін құру алгоритмі
  • Логикалық өрнекті айнымалылар саны n-ді анықтау
  • Кестедегі қатар саны m=2ᵑ- ді анықтау
  • Өрнектегі амалдар санын анықтау
  • Амалдарды басымдығына қарай орындалу ретімен орналастыру
  • Енгізілген айнымалылардың жиынтығын жазу
  • Кестені толтыру

Мысал.
А·Вˉ есебінің ақиқат кестесін құрайық
А·Вˉ · С ˉ есебінің ақиқат кестесін
құрастырыңдар
Тапсырма

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет