Логикалыќ пікірлердіњ негізгі тџсініктері


ЕСЕПТЕУ ТЕХНИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ



бет2/6
Дата11.01.2022
өлшемі78 Kb.
#23935
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ref -kompjuterdin-logikalyq-negizderi

1. ЕСЕПТЕУ ТЕХНИКАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ
1.1. Компьютерлерді жүйелеу
Мәліметтерді автоматты түрде өңдеуге арналған құрылғылардың жиынтығын есептеу техникасы деп атайды. Өзара қарым қатынаста болатын құрылғылар мен программалар жиынтығын есептеу жүйесі деп атайды. Есептеу жүйесінің негізгі құрылғысы компьютер болып табылады.

Компьютерлер қолданылуына қарай мынадай топтарға бөлінеді:

Үлкен ЭЕМ;

Мини ЭЕМ;

Микро ЭЕМ;

Дербес компьютерлер;

1999 жылдан бастап дербес компьютерлер үшін халыққаралық стандарт

РС 99 спецификациясы жұмыс істейді. Жаңа стандарт бойынша дербес компьютерлерді келесідей топтарға бөледі:

Бұқаралық дербес коппьютер (Consumer PC);

Іс дербес компьютері (Office PC);

Ықшам компьютер (Mobil PC);

Жұмыс бекеті (Workstation PC);

Ойын ДК (Entertainment PC);

Қазіргі кездегі қолданыстағы компьютерлердің көпшілігі бұқаралық дербес компьютерлер тобына жатады. Іс дербес компьютерлерінің графиктік бейнелеу құралдарына қойылатын талаптар шағын болады. Ықшам компьютерлердің құрамында байланыс құралдары болуы міндетті түрде талап етіледі. Жұмыс бекетіне жататын компьютерлердің мәліметтерді сақтау құрылғыларына жоғары талаптар қойылады. Компьютерлерді өлшемдері бойынша үстелдік, ықшам, қалталық деп бөлуге болады.

Үйлесімділігі бойынша жүйелеу. Әлемде компьютерлердің көптеген түрлері мен типтері бар. Олар түрлі фирмаларда жасалып, түрлі бөлшектерден жинақталып, әр түрлі программалармен жұмыс атқарады. Мұндай жағдайда компьютерлердің үйлесімділігі ең басты мәселе болып табылады. Сан алуан компьютерлерге арналған құралдардың өзара ауыспалылығы, программалардың бір компьютерден екіншісіне тасымалдану қабілеттігі, әр типтес компьютерлердің ортақ мәліметтерімен бірігіп жұмыс атқару мүмкіндіктері олардың үйлесімдігіне тікелей байланысты.

Ақпараттық үйлесімдік. Ақпараттық үйлесімділігі бойынша компьютерлер ақпараттық платформаларға бөлінеді. Дербес компьютерлер саласында кең тараған екі негізгі ақпараттық платформа бар: IBM PC және Apple Macintosh. Бұлардан басқа кейбір жеке алған региондар мен салалар ғана қолданыс тапқан ақпараттық платформалар да бар. Компьютерлердің бір ақпараттық платформаға жатуы олардың үйлесімдігін күшейтеді.

Ақпаратттық үйлесімдіктен басқа операциялық жүйе деңгейіндегі үйлесімдік, программалық үйлесімдік, мәліметтер деңгейіндегі үйлесімділіктер де бар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет