Сауалнама. Сауалнаманың көмегімен отбасы құрамы, отбасы тәрбиесінің ерекшеліктері, ата-аналардың оң тәжірибесі, олардың қиындықтары, қателіктері туралы барлық қажетті ақпарат жиналады. Сауалнаманың сұрақтарына жауап бере отырып, ата-аналар тәрбие мәселелері, бала тәрбиесінің ерекшеліктері туралы ойлана бастайды. Ата-аналардың логопедтік білімге деген қажеттілігін анықтауға бағытталған мәселе маңызды болып табылады. Жауаптарды талдау сөйлеу проблемаларының толық көрінісін жасауға , ата-аналармен жұмысты дұрыс жоспарлауға, жеке әңгімелесу тақырыбын белгілеуге мүмкіндік береді.
Жазбаша кеңес. Оның басты артықшылығы-ата-аналарды көптеген теориялық және практикалық материалдармен таныстыруға болады.