Тақырыбы: «Ң ң» дыбысы және әрпі
Мақсаты: Құрамында Н, Ң дыбыстары бар сөздерді талдау, оларды ажырата білуге, Ң дыбысы жөнінде дұрыс ұғым алуға үйрету. Балалардың тілдерін дамыту, сөздерді дұрыс оқуға баулу.
Табиғатты, жабайы андарды қорғауға тәрбиелеу. Олар табиғаттың бір бөлігі екенін түсіндіру.
- Балалар, бүгін біз "Орманда" деген тақырып бойынша жұмыс жасаймыз.
Орманда нелер мекендейді? (қасқыр, аю, түлкі, қоян т.б.).
- Оларды бір сөзбен не деп атаймыз?
- Енді, балалар, "аң" сөзімен сөйлем құрап көрейікші.
- Ал, "Орманда" деген тақырыпқа кім шағын ертегі құрап береді?
- Ормандағы жануарларды неге "аң" деп атайды.
Аң сөзін буынға бөлу, дыбыстарды ретімен ата, Ң дыбысының қай дыбыстан сон тұрғанын сұрау, оның дауыссыз екенін түсіндіру.
- Ң дыбысы қай дыбысқа ұқсайды? Н мен Ң дыбыстарын жеке-жеке дыбыстату арқылы, айтылуына көңіл аударту. Бір қатарға н, екіншісіне ң дыбысы бар сөздерді ойлап айтуды тапсыру. Ол сөздердегі н, ң дыбыстарын салыстыра отырып талдау жасау, бұлар қандай дыбыс екенін айтқызу, н-ның ң әрпінен айырмашылығы барын түсіндіру, аң сөзін құрату.