Логопедиялық қызметтің апталық циклограммасы Уақыты: 10-14 қаңтар 2022 жыл Топтар: мектепке дейінгі ересек тобы, мектепке децінгі орта жас тобы, кіші жас топ Өтпелі тақырып: «Табиғат әлемі»



бет27/42
Дата29.11.2022
өлшемі120,93 Kb.
#53613
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   42
Уақыты:
Топтар:
Өтпелі тақырып: «Біздің қоршаған орта».

Уақыт

Топтар

Ұйымдастырылған оқу қызметі

8.50
9.00


Кабинетті желдету, сабақ өтуге дайындау.

9.05
9.10




Оқу қызметіне арналған көрнекілік құралдарын дайындау.

09.15-09.45

Ересектер тобы

Тақырыбы: Дыбыс және әріп «Д д»
Мақсаты:
1) «Дд» дыбысы және әріп таңбасымен таныстыра келіп, балалардың сөздің мәдениетін сақтап, анық таза сөйлеуге үйрету;
2) Сөйлем ойлап табуына назар аударып, сөздік қорын толықтыру, байланыстырып сөйлеуге үйрету. Жазуға қолдарын жаттықтыру.
3) Ертегі - саяхаты арқылы балалардың оқуға деген сүйіспеншілігін арттыру.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, кеспе әріптер, касса, карточка, суреттер, текшелер.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ.
Оқу қызметінің көрнекілігі: Суреттер, кеспе әріптер, өз бетімен жұмыс жасау. оқу, жазу.
Оқыту технологиясы: Дамыта оқыту.
Жаңа білім.
Жұмбақ
- Сол аяқ пен оң аяқ, Кезек оны тебеді.
Ол тынымсыз домалап, Зыр жүгіре береді.
- Доп қай әріптен басталады?
- Ендеше бүгін «Дд» дыбысымен танысамыз.
- Баспа, жазба түрін көреміз.
- Дауысты дыбыс па? Дауыссыз дыбыс па?
- Қандай текшемен белгіленеді?
- Доп сөзін текшемен жазыңдар. Буынға бөл, неше буын?
- Дыбыстық талдау жасаймыз.
Доп суретін үлестіремін.
- Доппен қандай ойын ойналады?
- Домбыра, велосипед, Айдана. «Д» дыбысы сөздің басында, ортасында, аяғында келеді.
- Балалар, ал қазір үлгі бойынша «Д» дыбысының бас әрпін және кіші әрпін бастырып жазайық.
Ауада жазу. Дәптер көзіне жазу.
- Жаңылтпаш.
Топ бала топтана, Қуып жүр, допты ала.
- Көз жаттығуы.
- Қане, бірге оқиық.
- Сөйлем құра, ойла.
- Сөз құра, ойла.

09.55-10.25

Мектепке даярлық тобы

Тақырыбы: Дыбыс және әріп «Д д»
Мақсаты:
1) «Дд» дыбысы және әріп таңбасымен таныстыра келіп, балалардың сөздің мәдениетін сақтап, анық таза сөйлеуге үйрету;
2) Сөйлем ойлап табуына назар аударып, сөздік қорын толықтыру, байланыстырып сөйлеуге үйрету. Жазуға қолдарын жаттықтыру.
3) Ертегі - саяхаты арқылы балалардың оқуға деген сүйіспеншілігін арттыру.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, кеспе әріптер, касса, карточка, суреттер, текшелер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет