Дидактикалық ойын: «Менің әкем»
Мақсаты: сюжеттік-рөлдік ойын арқылы ата-ананың еңбегін, қадірін түсіндіру.
Артикуляциялық жаттығулар: «Тәтті тосап», «Құлыншақ», «Кесе».
Мақсаты: осы жаттығулар арқылы тілдің, еріннің қозғалысын дамыту.
11.10-13.00
Жеке сөйлеу картасы бойынша баламен жеке жұмысты дамыту
Әр баланың сөйлеу тілі ерекшелігін ескере отырып, тапсырмалар дайындау.
14.00-15.00
Құжаттармен жұмыс жасау
Циклограмма жазу, оқу қызметіне қажетті материалдар дайындау.
«Бекітемін»
«Құлыншақ» б/б меңгерушісі
_______________Г.Т.Уалиева
Логопедиялық оқу қызметінің циклограммасы Уақыты: 04-08 сәуір 2022 жыл
Топтар: мектепке дейінгі ересек тобы, мектепке дейінгі орта жас тобы, кіші жас топ
Өтпелі тақырып: «Біз еңбекқор баламыз»
Уақыт
Топтар
Ұйымдастырылған оқу қызметі
8.50
9.00
Кабинетті желдету, сабақ өтуге дайындау.
9.05
9.10
Оқу қызметіне арналған көрнекілік құралдарын дайындау.
09.15-09.45
Тақырыбы: Дыбыс және әріп «Р р»
Мақсаты: Балаларға өткен сабақты еске түсіре отырып, Р дыбысы мен және әрпімен таныстыру. Дидактикалық материалдар арқылы Р дыбысы бар сөздер ойлауға, сөйлем құрауға үйрету. Сөздік қорларын байыту, ой - өрісін, танымын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
1. Суретпен жұмыс. Қарғаның суретін көрсете отырып, сипаттау.
- Мынау ненің суреті балалар?
- Оның түсі қандай?
- Ол қалай дыбыстайды?
- Енді осы сөздерді қатыстырып сөйлем құрап көрейікші:
- Қара қарға қарқылдайды.
- Қай дыбыс басым естіліп тұр?
- Демек біз бүгін Р дыбысымен және әрпімен таныс боламыз.
2. Р әрпін тақтаға ілу.
Р - ға тілі келмейді,
Кей баланың басында.
Р - де десең «И»дейді,
Ол басқа әріп расында.
- Шынымен балалар, кей балалардың Р - ға тілі келмейді екен.
- Қане бәріміз дыбыстап көрейікші - Р - Р - Р - Р - Р
3. Суретке қарап сөйлем құрау.
- Орманда қасқыр, жолбарыс, қарға және аралар радио тыңдап отыр.
- Суреттен тағы не көріп отырмыз?
- Балалардың жауаптарын тыңдау,
- Р дыбысы бар сөздерді буынға бөлгізу (шапалақтау арқылы буынға бөлгізу).
- Р дыбысының сөздің басында, ортасында, аяғында кездесетінін түсіндіру.
4. Енді тақтаға назар аударайық.
- Тақтада Р дыбысына қатысты суреттерді тамашалай отырып қайталау.
5.”Кім тапқыр ” ойыны.
Р дыбысы бар сөздер ойлау, сол сөзді қатыстырып сөйлем құрау (Ойын доп лақтыру арқылы жүргізіледі)