Дидактикалық ойын: «Мен қайдамын»
Мақсаты: сюжеттік-рөлдік ойын арқылы өзі тұратын жерді анықтай білу дағдысын қалыптастыру.
Артикуляциялық жаттығулар: «Тәтті тосап», «Құлыншақ», «Кесе».
Мақсаты: осы жаттығулар арқылы тілдің, еріннің қимыл-қозғалысын дамыту.
Оқу қызметіне арналған көрнекілік құралдарын дайындау.
09.15-09.45
Тақырыбы: Дыбыс және әріп «С с»
Мақсаты:
Білімділігі: «С» дыбысы мен және әрпімен таныстыру. «С» дыбысынан басталатын сөздер айтқызып, буынға бөлуді үйрету.
Тәрбиелігі: балаларды ұқыптылыққа, ептілікке тәрбиелеу.
Дамытушылығы: ойын арқылы сөздік қорларын дамыту.
Қолданылатын көрнекіліктер: жұмыс дәптері, АТК Дидактикалық ойын:Ойын «Дыбысты анықта».
Ойынның шарты: Балалар орындарын тұрып, тәрбиеші «а» дыбысынан басталатын сөздер айтқан кезде қолдарын шапалақтайды, ал «с» дыбысынан басталатын сөздер айтқан кезде аяқтарын топылдатады.
- Балалар, «С» дыбысына байланысты тағы бір ойын ойнап бүгінгі ашық оқу іс - әрекетімізді қорытындылап жіберейік.
Ойын: «Кім тез ойлайды?».
Ойын шарты: Үстел үстінде тұрған заттардың ішінен, ойынға шыққан бала «С» дыбысынан басталатын затты таңдап алып, атын атау және сол сөзге сөйлем құрау. Ойынға шыққан бала сырғаны алып «Бұл сырға, сырға сөзі - с дыбысынан басталады. Сырғаны анам тағады» деп сөйлем құрайды.
Ашық оқу іс - әрекетіне жақсы қатысқан барлық балаларды мадақтау.
Ортаға келіп тұрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы.
Сау - саламат болайық!
09.55-10.25
Тақырыбы: Дыбыс және әріп «С с»
Мақсаты:
Білімділігі: «С» дыбысы мен және әрпімен таныстыру. «С» дыбысынан басталатын сөздер айтқызып, буынға бөлуді үйрету.
Тәрбиелігі: балаларды ұқыптылыққа, ептілікке тәрбиелеу.
Дамытушылығы: ойын арқылы сөздік қорларын дамыту.
Қолданылатын көрнекіліктер: жұмыс дәптері, АТК Дидактикалық ойын: Ойын «Дыбысты анықта».
Ойынның шарты: Балалар орындарын тұрып, тәрбиеші «а» дыбысынан басталатын сөздер айтқан кезде қолдарын шапалақтайды, ал «с» дыбысынан басталатын сөздер айтқан кезде аяқтарын топылдатады.
- Балалар, «С» дыбысына байланысты тағы бір ойын ойнап бүгінгі ашық оқу іс - әрекетімізді қорытындылап жіберейік.
Ойын: «Кім тез ойлайды?».
Ойын шарты: Үстел үстінде тұрған заттардың ішінен, ойынға шыққан бала «С» дыбысынан басталатын затты таңдап алып, атын атау және сол сөзге сөйлем құрау. Ойынға шыққан бала сырғаны алып «Бұл сырға, сырға сөзі - с дыбысынан басталады. Сырғаны анам тағады» деп сөйлем құрайды.
Ашық оқу іс - әрекетіне жақсы қатысқан барлық балаларды мадақтау.
Ортаға келіп тұрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы.
Сау - саламат болайық!
11.10-13.00
Жеке сөйлеу картасы бойынша баламен жеке жұмысты дамыту
Әр баланың сөйлеу тілі ерекшелігін ескере отырып, тапсырмалар дайындау.
14.00-15.00
Құжаттармен жұмыс жасау
Циклограмма жазу, оқу қызметіне қажетті материалдар дайындау.