Сабақтың мақсаты 1. Білімділік: Оқушыларға Г дыбысы мен әрпін таныту, сөздегі орны туралы түсінік беру. Ол берілген сөздерді оқу және жазуға үйрету.
2. Дамытушылық: Балалардың сөйлеу мәнерін, байланыстыра сөйлеу дағдыларын, сөздік қорларын, жұмбақ
шешу, сөз ойлау арқылы тіл байлықтарын дамыту.
3. Тәрбиелік: Балаларды ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа баулу, таза, сауатты жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ жауап.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер кеспе әріп.
III Жаңа сабақ
Мұғалім: Аналарға сыйлайтын,
Аралар бал жинайтын.
Бұл немене балалар,
Үзуге адам қимайтын.
(Гүл)
Мұғалім: балалар гүл дегенде қандай дыбыс естіліп тұр. Оқушылар Гг дыбысы. Мұғалім олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Гг дыбысы және әрпімен танысамыз.
Г - электронный түрінде айту. Мұғалім: Гг дыбысы, дауыссыз дыбыс, ұяң дыбыс, сөздердің басында ортасында кездеседі.
Гүлдің суреті. ГҮЛ - гүлді мерекеде, тойда, қуанышта, туған күнде, бір - бірімізге сыйлаймыз.
Оқулық пен жұмыс:
Е -гін – егіс алқабы, бидай егетін алқабы.
Е- геу - үйге қажетті қолданылатын құрал.
Е -гіз - бірге туған екі адам.
Се- гіз - сан: жетіден кейін келетін, (математикадан алдыңғы уақытта өтеміз).
Ке- ре- ге - киіз үйдің бөлігі «шаңырақ, уық кереге»
Бе- те- ге «шөптесін өсімдік қазақта «бетегеден биік, жусаннан аласа» деген мақал бар.
Ше -ге - күнделікті тұрмыста қолданылады, ағашты бір - біріне біріктіру үшін шеге қағады.
Не -ге - сұрақ.
Шең- гел - тікенді өсімдік.
Мез -гіл - уақыт, жылдың төрт мезгілі бар.
11.10-13.00
Жеке сөйлеу картасы бойынша баламен жеке жұмысты дамыту
Әр баланың сөйлеу тілі ерекшелігін ескере отырып, тапсырмалар дайындау.
14.00-15.00
Құжаттармен жұмыс жасау
Циклограмма жазу, оқу қызметіне қажетті материалдар дайындау.