Логопедиялық қызметтің апталық циклограммасы Уақыты: 10-14 қаңтар 2022 жыл Топтар: мектепке дейінгі ересек тобы, мектепке децінгі орта жас тобы, кіші жас топ Өтпелі тақырып: «Табиғат әлемі»


«Бекітемін» «Құлыншақ» б/б меңгерушісі



бет38/42
Дата29.11.2022
өлшемі120,93 Kb.
#53613
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42
«Бекітемін»
«Құлыншақ» б/б меңгерушісі
_______________Г.Т.Уалиева


Логопедиялық оқу қызметінің циклограммасы
Уақыты:
Топтар:
Өтпелі тақырып: «Салттар мен фольклор».

Уақыт

Топтар

Ұйымдастырылған оқу қызметі

8.50
9.00


Кабинетті желдету, сабақ өтуге дайындау.

9.05
9.10




Оқу қызметіне арналған көрнекілік құралдарын дайындау.

09.15-09.45

Ересектер тобы

Тақырыбы: «Ұ ұ» дыбысы және әрпі
Мақсаты: Ұ дыбысы және әрпімен таныстыру. Жеке сөздерді оқуға және тез оқуға дағдыландыру. Ұ дыбысы кездесетін сөз, сөйлем ойлатып, оларға дыбыстық талдау жасатуға үйрету. Ұқыптылыққа, әдемі жазуға дағдыландыру. Ұ дыбысы бар сөздерді оқыту, жаздыру, осы әріп арқылы сөздер құрастыра отырып, ойларын өрбіту. Балалардың есте сақтау қабілетін, логикалық ойлауын, сөздік қорларын, танымдық дағдыларын дамыту.
Әдіс - тәсілі: Сұрақ - жауап, түсіндіру, әңгімелесу, ойындар
Көрнекі құралдар: Слайд, бейне материалдар, суреттер, буындар, кеспе әріпте, ойын материалдары, карточкалар.
Жаңа сабақ
Әріп туралы түсінік беру
Әрине, бүгін біздің танысатын сиқырлы әрпіміздің аты Ұ деп аталады.
Енді дыбыстың айтылуына мән беріңдер. Ұ - ұ - ұ
Қалай дыбысталып тұр?
Егер, созылып, әндетіп айтылса, ол қандай дыбыс болғаны? Қандай текшемен белгілейміз?
Ұ - жуан дауысты дыбыс. Ол сөздің басында, ортасында кездеседі. Сөз соңында кездеспейді.
б) «Сөз ойла, тез ойла» ойыны
Ұ дыбысы кездесетін сөздер ойлап табу
в) Бейне материалдан Ұ дыбыс кездесетін сөздерді қарау
г) Дыбыстық талдау жасау
құ - дық, ұ - лу, бұ - зау
д) Әріп таңбасын салу
Тәрбиеші әріп таңбасын салып көрсетеді (Тақтаға, ауаға)
е) Дәптермен жұмыс

09.55-10.25

Мектепке даярлық тобы

Тақырыбы: «Ұ ұ» дыбысы және әрпі
Мақсаты: Ұ дыбысы және әрпімен таныстыру. Жеке сөздерді оқуға және тез оқуға дағдыландыру. Ұ дыбысы кездесетін сөз, сөйлем ойлатып, оларға дыбыстық талдау жасатуға үйрету. Ұқыптылыққа, әдемі жазуға дағдыландыру. Ұ дыбысы бар сөздерді оқыту, жаздыру, осы әріп арқылы сөздер құрастыра отырып, ойларын өрбіту. Балалардың есте сақтау қабілетін, логикалық ойлауын, сөздік қорларын, танымдық дағдыларын дамыту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет