Логопедиялық кабинеттің жабдықтары Жиһаз: үстел, балалардың санына сай орындықтар, құрал-жабдықтарға арналған шкафтар, сөрелер. Қабырғаға және әр балаға жеке айналар.
Логопедиялық зондтар: массажға және дыбыстарды қоюға арналған, дыбыс айтуды түзетуге арналған қосымша заттар (шпателдер, рәзеңкеден жасалған соска); инструменттерді санитарлық зазалсыздандыру заттары (кішкентай және орташа мөлшердегі ыдыстар, спирт, мақта, мақта таяқшалары, сулықтар, дәке, марганцовка).
Тексерумен түзету жұмысына арналған дидактикалық материалдар:
- дыбыс айтуын, сөздің буындық құрамын тексеруге және түзетуге арналған альбомдар;
- көрнекі-графикалық белгілердің жиынтығы (тақырыптар бойынша: дыбыстар, буындар, дыбыстық-буындық талдау мен жинақтауға арналған сызбалар; сөйлем, әңгіме құрауға арналған сызбалар, сөзжасам мен теңдеуге арналған сызбалар);
- тақырыптар (жалпылама түсініктер (ыдыс-аяқтар, көкөністер-жемістер, жабайы және үй жануарлары, көлік, жануарлардың төлдері, киім, аяқ киім), тұтас зат және оның бөліктері, адаммен жануардың дене мүшелері, іс-әрекет сөздер, заттардың қасиеттері(сапалық, сандық), антоним сөздер, синоним сөздер, астарлы сөздер) бойынша сөз қоырн молайтуға арналған құралдар;
- дамытуға арналған құрал-жабдықтар: тақырыптар бойынша сөйлеу тілінің грамматикалық құрылымын; байланыстырып сөйлеуін дамытуға: суреттер, суреттер сериялары, сюжетті анықтауға арналған заттық және сюжетті суреттер жиынтығы; сипаттама-әңгіме құрастыруға арналған ойыншықтар; ертегілер, әңгімелеп айтуға арналған әңгімелер, хрестоматиялар; балалардың жасына сай жұмбақтар, жаңылтпаштар.
- оптика-кеңістіктік бағдарлауын дамытуға: парақтар, көлемді және жазыөтықтағы геометриялық пішіндер, үстел үсті және қабырға паннолары, модульдер, шытырмандар, Монтессори ойындары, эвристикалық кубиктер;
- графомоторлы дағдыларын дамытуға: қолдардық сезімталдығы мен қозғалғыштығын дамытуға арналған жиынтықтар, қабырға және үстел үсті паннолары, модульдері,
Монтессори ойындары, құрастырғыштар, қаламдар, қарындаштар, фломастерлер, балшық, ермексаз;
- сауат ашу негіздерін оқытуға арналған дидактикалық құралдар: кеспелі әліппе, сөздердің сызбалары; әріптердің контурлы, силуэтті, көлемді және басқа бейнелері (оның ішінде аралас немесе жетіспейтін элементтері бар әріптер, жұмыс дәптерлері, жазу дәптерлері);
- логопедтің құжаттары: - жеке сөйлеу карталары, логопедиялық сабақтардың жеке дәптері, кезеңдер бойынша жеке және шағын топтардағы сабақтардың жоспарлары, логопедпен тәрбиешінің өзара байланыс жұмысының дәптері, орындалған жұмыс жөніндегі логопедтің есебі (оқу жылының соңында), ата-аналар жиналысының уақыты мен тақырыптары.