Əлеуметтік дара код – азаматқа, сондай-ақ осы заңға сəйкес зейнетақымен қамсыздандыру құқығы қолданылатын адамдарға берілетін тұрақты жеке код.
Б Бағалы қағаздар –мүліктік құқықтарды куəландыратын белгілі бір жазбалар мен басқа да белгіленімдердің жиынтығы; акциялар, борыштық бағалы қағазадар, депозитарлық жазбалар, инвестициялық қорлардың пайлары, исламдық бағалы қағаздар.
Бағалы қағаздар рыногының өзін-өзі реттейтін ұйымы– бағалы қағаздар рыногында өз қызметінің бірыңғай ережелері мен стандарттарын белгілеу мақсатымен қауымдастық (одақ) нысанында бағалы қағаздар рыногының кəсіпқой қатысушылары құрған заңи тұлға. Оныңнегізгі міндеті өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің жəне олардың клиенттерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында кəсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың бірыңғай жағдайларын жасауды қамтамасыз ету болып табылады.
Бағалы қағаздар рыногының кəсіпқой қатысушы – өз қызметін бағалы қағаздар рыногында лицензия негізінде не заңнамалық актілерге сəйкес жүзеге асыратын жəне акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында жұмыс істейтін (клиенттердің есебін жүргізу құқығын берместен брокерді жəне (немесе) дилерді, тіркеушіні, трансфер-агентті қоспаған) заңи тұлға.
Бағалы қағазды ұстаушы –бағалы қағаздар бойынша құқықтары бар, бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдері жүйесінде немесе номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде тіркелген тұлға, сондай-ақ пайлық инвестициялық қор.
Бағалы қағаздардың бастапқы рыногы– эмитенттің бұрын қайталама бағалы қағаздар рыногында өзі сатып алған эмиссиялық бағалы қағаздарын бұдан əрі орналастыруын қоспағанда, эмитенттің (андеррайтердің немесе эмиссиялық консорциумның) жарияланған эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруы.
Бағалы қағаздардың қайталама рыногы –орналастырылған бағалы қағаздардың айналысы үдерісінде бағалы қағаздар рыногының субъектілері арасында қалыптасатын құқықтық қатынастар.