Борыш мониторингі – мемлекеттің өзі уəкілеттік берген органдар арқылы борышты есепке алу, талдау жəне қалыптастыру, өзгерту жəне қызмет көрсету үдерісін бақылау жөніндегі қызметі.
Борышқа қызмет көрсету– белгілі бір уақыт кезеңіндегі сыйақының, комиссиялық төлемдердің, айыппұлдардың жəне қарыз алу шарттарынан туындайтынөзге төлемдердің жиынтық төлемі.
Борышты өтеу –қарыз алушының алған қарыз сомасын қарыз келісімшар тында белгіленген тəртіппен қайтаруы, қарыз келісімшартынан туындайтын басқа міндеттемелерді орындауы.
Борыштық бағалы қағаздар –мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар, облигациялар жəне Қазақстан Республикасы заңнамасына сəйкес борыштық бағалы қағаздар болып танылған басқа бағалы қағаздар.
Борыштық бағалы қағаздар бойынша дисконт –борыштық бағалы қағаздардың номиналдық құны мен бастапқы орналастырылу (купон есепке алынбаған) құны немесе сатып алыну (купон есепке алынбаған) құны арасындағы айырма.
Борыштық бағалы қағаздар бойынша купон –шығарылым шарттарына сəйкес эмитент борыштық бағалы қағаздардың номиналдық құнының үстінен төлейтін (төленуге жататын) сома.
Борыштық бағалы қағаздар бойынша сыйлықақы –шығарылым шарттары бойынша купон төлеу көзделетін борыштық бағалы қағаздардың бастапқы орналастырылу (купон есепке алынбаған) құны немесе сатып алыну (купон есепке алынбаған) құны мен номиналдық құнының арасындағы айырма.
Бөлшек сауда –тауарларды тұтынушыларға олардың жеке пайдалануы үшін сату жөніндегі кəсіпкерлік қызмет. Брокер – қор жəне тауар биржаларында, валюта рыноктарында тауарларды, бағалы қағаздарды, валюталар мен басқа құндылықтарды сатып алушылар мен сатушылар арасында мəміле жасау кезінде арада жүретін делдал.
Бұзушылық –бюджеттік қаражаттарды жəне мемлекет активтерін, байланыстырылған гранттарды, мемлекет кепілдендірген қарыздарды пайдалануға, мемлекет кепілгерлігін беруге байланысты қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының бюджет жəне өзге заңнамасының қағидаларын бұзуға əкеп соққан əрекет (іс-əрекеттер немесе əрекетсіздік).