ҚЎлпыбаев с



бет10/315
Дата16.09.2023
өлшемі3 Mb.
#108084
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   315
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007

Қаржылық қатынастардың пайда болуын олардың жұмыс істеу сферасына қарай – экономиканың бастапқы буындарында яғни материалдық өндіріс сферасында – нақты секторда, немесе қоғамдық, соның ішінде экономикалық өмірді де реттейтін ұйым ретіндегі мемлекеттің қаржысы сферасында қадағалап отыруға болады.
Қаржының мәнін түсіну үшін бірінші жағдайда ұдайыөндірістік үдерісте (жекелеген шаруашылық жүргізуші субъектінің – өндірушінің өндірістік капиталының (өндірістік қорлары­ның) жалпы немесе жеке толық айналымында) есептеу нүктесі үшін құн бөлінісі­нің мезетін және дайындалған өнімді өткізу кезіндегі оның ақшалай нысанда бір­шама өздігінше қозғалысының бастауын алуға болады.
Өндірістің алдын ала шарттасылған сипаты кезінде «С», «V» және «m»-ге сәйкес элементтерге бөлінетін сатылатын өнім құрылымының үйлесімдері
(пропорциялары) қалыптасады және оларға сәйкес ақшалай қаржылық ресурстары жасалынады.
Үлкейтілген түрде экономикадағы құн қозғалысын ұдайы өндіріс үдерісін­дегі құнның басты компоненттерін сипаттайтын оның осы негізгі элементтері бой­ынша қадағалап отыруға болады:
Р = С + V + m
мұндағы: Р – жиынтық (жалпы) қоғамдық өнім;
С – өндірістің материалдық шығындары;
V – қажетті өнімнің құны;
m – қосымша өнімнің құны.
Бұл ретте айналым қаражаттары, амортизациялық және басқа аударымдар (мысалы, әлеуметтік қажеттерге), еңбекке ақы төлеу қаражаттары, пайда бөлінеді.
Бұдан ары бөлудің анықталатын нормативтерімен белгіленген үйлесімдерге сәйкес құнның аталған элементтерін қайта бөлу үдерісі болады. Алынған табыс­тың немесе пайданың бір бөлігі мемлекеттің қарамағына оның орталықтандырыл­ған қорларын қалыптастыру үшін аударылады, басқа бөлігі өндірушіде қалады және оның қалауы бойынша пайдаланылады.
Егер «С» элементіне сай келетін құнның бір бөлігі өндірістік үдерістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін өнімді өткізгеннен кейін еңбек предметтерін – айналым қорларын (айналым капиталын) сатып алуға авансыланса, онда «m» элементінен, одан басқа, қорланымға, яғни еңбек құралдарын – сонымен бірге бұл үздіксіздікті қамтамасыз ететін өндірістің аса маңызды факторы – негізгі қорларды (негізгі капиталды) сатып алуға бағытталатын бөлігі бөлінуі мүмкін.
Қалыптастырылған ресурстар қайта бөлуге, ұсақтауға немесе, керісінше, қаражаттардың мақсатты арналымына қарай ірілендіруге, оларды атаулы бағыттауға немесе өндірістік және өндірістік емес қорлардың (капиталдың) толық айналымы үдерісінде пайдалануға ұшырайды. Сөйтіп, шаруашылық жүргізуші субъект жасаған құнның бір бөлігі осы субъектінің толық айналымында қалады, бір бөлігі еңбекке ақы төлеу, әлеуметтік шығыстар нысанында жұмыс күшін ұдайы толықтыруға жұмсалады, материалдық және материалдық емес игіліктер мен қызметтерге айырбасталады, тұтынылады және одан ары қозғалыстан шығып қалады.
Материалдық өндірісте жасалған құнның едәуір бөлігі жалпы мемлекеттік қажеттерге беріледі және ақшалай нысанда өздігінше қозғалыс алып, мемлекеттің кірістері ретінде мемлекеттің қаржылық қатынастарының сферасына кіріктіріледі. Экономиканың бастапқы буындарының табыстарынан аударылатын аударымдардан басқа мемлекет халықтың қаражаттарының бір бөлігін салықтар, ерікті төлемдер – қарыздар, лотереялар, мемлекеттің қатысуымен банктерде сақталынған жинақ ақшалар нысанында жұмылдырады. Қаражаттардың бір бөлігі мемлекеттік, жекеше, қоғамдық кәсіпорындар мен ұйымдардан және халықтан әр түрлі төлемдер, аударымдар, алымдар түрінде қор және қор емес нысанында түседі. Орталықтандырылған ақшалай қорларды – мемлекеттік бюджетті, әлеуметтік сақтандыру қорларын, түрлі бюджеттен тыс қорларды қалыптастыру арқылы мемлекет деңгейінде қаржылық қатынастардың нысандары осылай пайда болады. Қаржылық қатынастардың бұл бөлігі сан алуан және аталған ресурстарды мемлекеттік басқарудың түрлі деңгейлерінде – жалпыұлттық, жергілікті деңгейлерде жасаумен, сондай-ақ аталған деңгейлерде сонымен бірге салалық, ведомстволық, өңірлік, әлеуметтік қағидаттар бойынша қайта бөлумен және пайдаланумен байланысты. Бұдан басқа, ақшаның және қорлардың қозғалысы мемлекеттік ұзақ мерзімді мақсатты бағдарламаларды – өндіргіш күштерді дамыту, әлеуметтік, экологиялық, ғылыми, өңірлік және басқаларын орындаумен шарттасылған.
Ең ақырында, ұдайыөндірістік үдерістің барлық стадияларынан өте отырып, қоғамдық өнім жаңғырады және үш өзіндік қорда: орын толтыру қорында, тұтыну қорында және қорлану қорында іске асады (1.2. сызбаны қараңыз).

1.2 сызба. Қоғамдық өнімді өндіру, оның құнын бөлу және қайта бөлу





Нәтижесінде өнімнің бір бөлігі жаңа толық айналымға түседі, ал бір бөлігі тұтынылады және одан арғы қозғалыстан шығып қалады. Қаралған үдерістер қаржылық қатынастардың, олардың басқа экономикалық қатынастармен өзара іс-әрекетінің күрделі тоқайласуына себепші болады және экономиканың тиімділігіне, оның үдемелі дамуына, қоғамдағы әлеуметтік үдерістерге олардың іс-әрекетін зерделеуге ғылыми тәсілдемені қажет етеді.


Қаржы мемлекеттің, заңи және жеке тұлғалардың арасында, жекелеген мемлекеттер арасында ақшалай ресурстарды қалыптастыру, бөлу және пайдалану жайында пайда болатын ақшалай қатынастардың жүйесі болып табылады. Басқа сөзбен айтқанда, ерекше ресурстар арқылы іске асырылатын ақшалай қатынастар – бұл қаржылық қатынастар. Алайда кез келген ақшалай қатынастар қаржылық қатынастарды білдіре бермейді және ақша әр түрлі экономикалық категориялардың – бағаның, еңбекақының, қаржының, кредиттің, сақтандырудың көмегімен жүзеге асырылатын қоғамдық өнімнің бүкіл құнының қозғалысын ортақтастыратындықтан кез келген ақшалай операция, мәміле қаржылық операцияға жата бермейді. Қаржының ақшадан мазмұны жағынан да, функциялары жағынан да айырмашылығы бар. Ақша – бұл ең алдымен ассоциацияланылған өндірушілердің еңбек шығындары өлшенетін жалпыға ортақ балама, ал қаржы – ішкі жалпы өнім мен ұлттық табысты бөлудің және қайта бөлудің экономикалық құралы, ақшалай ресурстарды жасау мен пайдалануға бақылау жасаудың құралы. Ол өндіруге, бөлуге және тұтынуға ықпал жасайды және объективті сипатта болады. Мемлекеттің, оның аумақтық бөлімшелерінің, сондай-ақ кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің ақшалай қорларын құратын тек ақшалай қатынастар ғана қаржының мазмұны болып табылады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында құнды одан ары бөлу және оны мақсатты пайдалануды нақтыландыру да қаржының негізінде жүзеге асырылады.
Қаржының қажеттігі объективті мән-жайдан – тауар-ақшалай қаты­настардың болуынан және қоғамдық дамудың қажеттіліктерінен туындайды (1.3 сызба).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет