ҚЎлпыбаев с


сызба. Қоғамдық жүйедегі қатынастардың дәйектілігі (бағыныңқылығы)



бет9/315
Дата16.09.2023
өлшемі3 Mb.
#108084
түріОқулық
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   315
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007

сызба. Қоғамдық жүйедегі қатынастардың дәйектілігі (бағыныңқылығы)

Жалпы қоғамдық қатынастар



Өндірістік қатынастар



Экономикалық қатынастар



Ақшалай қатынастар



Қаржылық қатынастар

Салықтық

Бюджеттік

Мемлекеттік-кредиттік

Ішкішаруашылықтық

Шаруашылықаралық

Үйшаруашылықтарының

Сыртқы экономикалық












Қаржылық қатынастар қаржылық мүдделер жайында, негізінде – ақшалай тұлғаланымда, ақшалай өлшенімде ортақтастырылған қатынастар субъектілерінің материалдық мүдделері жайында пайда болады. Кез келген экономикалық субъект басқа субъектке талаптар қоюы сияқты оның оған міндеттемелері де болуы мүмкін.


Өндірістік қатынастар тауарларды, игіліктерді және қызметтерді қоғамдық өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну үдерісінде қалыптасады, бұл тауарлар, игіліктер және қызметтер осы үздіксіз жалғасып жататын төрт стадияның (фазаның) өзара байланысы және өзара тәуелді үйлесімі ретіндегі ұдайы өндірісті сипаттайды. Ұдайы өндіріс стадиялары қоғамдық өндіріс үдерісінің қатысушылары арасында тауарлық қатынастардың болуын айқындайды, өйткені өндірілген өнімдер сатып алуға-сатуға жататын тауарлар ретінде болады: өнім оны тұтынудан бұрын айырбастау және бөлу стадияларынан өтеді. Бұл ретте материалдық өндіріс қатысушыларының ғана емес, қоғамдық қатынастардың барлық қатысушыларының қажеттіліктері мен мүдделері қанағаттандырылуы тиіс.
Сөйтіп, жалпы қоғамдық өнімнің құны мақсатты арналымдар мен субъектілер бойынша бөлініп, олардың әрқайсысы өндірілген өнімдегі өзінің үлесін алуы тиіс.
Өз кезегінде тауарлық қатынастардың болуы экономикалық агенттердің еңбегін бөлу қажеттігінен барып шығатындықтан, бұл олар мамандандырылған еңбектің, орындалатын қызметтердің нәтижелерімен, олардың саны мен сапасына сәйкес түрлі өндірілетін игіліктермен айырбасталуы тиіс.
Жасалынған игіліктер мен құндылықтарды өлшеу құн өлшемі мен жалпыға ортақ балама ретіндегі ақшаның көмегімен жүзеге асады. Сондықтан материал­дық және материалдық емес игіліктердің, қызметтердің өндірілген массасының – қоғамдық өнімнің – натуралдық-заттай тұлғаланымен бірге оның ақшалай тұлғаланымы да болады. Қозғалыстың құндық нысаны натуралдық-заттай нысандағы өнімнің қозғалысын ортақтастыратын белгілі бір ақшалай қорларды тудырады. Басқаша айтқанда, өнімнің өндірістен тұтынуға өтуі тек тиісті ақшалай қорларды жасау, бөлу және пайдалану арқылы болады. Осы кезде пайда болатын ақшалай, экономикалық қатынастар қаржының ұғымын құрады. Қоғамдық өнімнің нақтылы іске асырылуының екі нысанының болуы қоғамдық өндірістің әрбір қатысушыларының қажеттіліктеріне сәйкес оны түпкілікті тұтынуға жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл үшін құндық категориялар – ақша, баға, қаржы, еңбекақы, кредит және басқалары пайдаланылады.
Ұдайыөндірістік үдерістің түрлі стадияларында жекелеген экономикалық категориялардың қатысу дәрежесі бірдей емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет