ҚЎлпыбаев с


Ғылыми және ғылыми-техникалық



бет141/315
Дата16.09.2023
өлшемі3 Mb.
#108084
түріОқулық
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   315
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007

13.3. Ғылыми және ғылыми-техникалық
прогресті қаржыландыру

Fылым мен инновациялық технологиялар қазiргi әлемде экономиканы дамытудың шешуші факторлары болып табылады. Әр түрлі бағалаулар бойынша дамыған елдерде өндіріс өсімінің 70-тен 90%-ға дейінгісі инновацияларды пайдалану есебінен қамтамасыз етіледі екен. Тек жаңа технологиялар елге өндірістің тұрақты өсуін кепілдендіруі, сондай-ақ әлемдік шаруашылық байланыстар жүйесіне экономиканы үйлестіру интеграциясын қамтамасыз етуі мүмкін.


Ғылыми-техникалық прогресті (ҒТП) қаржыландырудың көзін таңдау кезеңдерге және, тиісінше, ғылыми-техникалық зерттеулердің түрлеріне, соның ішінде: іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерге, жобалау-конструктор­лық зерттемелерге, жаңа техника мен технологияны, өндірісті, еңбекті және басқару­ды ұйымдастырудың әдістерін енгізуге байланысты.
Елімізде ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті қаржыландыруға жеткіліксіз қаржы бөлінетіндігін атап айтқан жөн. Өйткені, бұл көрсеткіш Қазақстанда қазір ІЖӨ-нің 0,26 %-ына тең болса, Швецияда – 3,8%, Финляндияда – 3,5%, Жапонияда – 3,04%, Швейцарияда – 2,73%, АҚШ-та – 2,84%, Германияда – 2,44%-ды құрайды. Алайда, 2014 жылға қарай біздің елде ғылымға бөлінетін бюджеттік қаражаттардың көлемін ІЖӨ-нің 1%-ы деңгейіне жеткізу және одан әрі кезең-кезеңімен ұлғайту жоспарланып отыр.
ҒТП-ні қаржымен қамтамасыз етудің негізгі қағидаттары қаржыландыру көздерінің көптігі және олардың мақсатты бағыттылығы болуы тиіс.
Fылым тұтас алғанда рыноктық қатынастарға бaғдарлана алмaйтын қызмет сферасына жатады: мәселен, iргелi ғылым түгелдей коммерциялық критерийлерге түсіп кетпейді, сондықтан экономиканың маңызды секторларындағы технологияны революцияландыра алатын iргелi зерт­теулер мен келешектегi зерттемелердi қаржыландырудың мiндетiн мемлекет өзiне алады. Мемлекеттiк ғылыми-техникалық, инвестициялық, экологиялық, iзгiлiктiк және өзге бaғдарламалар саласында келiсiлген саясат жүргiзу қажет. Айтылғaн бaғдарламалар мен жобалардың бағдарлама­ларын қаржыландырy орталықтaндырылғaн қаражаттар есебiнен жүргiзiлyi мүмкін.
«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті қаржыландыру мемлекеттік бюджеттен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздерден жүзеге асырылады.
Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті мемлекеттік бюджеттен қаржыландыру мынадай нысандарда жүзеге асырылады:

  1. базалық қаржыландыру;

  2. гранттық қаржыландыру;

  3. бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру.

Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін қаржыландыру ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру тәртібінде белгіленген ретпен және шарттармен бір мезгілде әр түрлі қаржыландыру нысандары бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
Ғылыми, ғылыми-техникалық жобаларды немесе бағдарламаларды іске асыруға арналған шартты ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъекті уәкілетті органмен немесе салалық уәкілетті органмен олар іске асырылатын бүкіл мерзімге, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге жасасады.
Мемлекеттiк бюджет есебiнен қаржыладыpудың басымдығы жалпымемлекеттiк маңызы бар аса маңызды iргелi зерттеулерге, салааралық проблемалар бойынша жұмыстарғa, мемлекеттiк және халықаралық ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобалардың тапсырмаларына берiледi.
Ғылыми қызметті және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды дамыту мақсаттарында Қазақстанда «Ғылым қоры» акционерлік қоғамы жұмыс істейді, оның жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы жүз пайызды құрайды. Қоғам қызметінің негізгі предметі елде ғылыми зерттемелерді практикалық іске асыруды қамтамасыз ететін, басымдық, бастамалық, тәуекелдік зерттелімдерді дамытуға жәрдемдесу болып айқындалған. Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетіне Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік етуге және оны пайдалануға құқық берілген.
FТП-нiң қолданбалы және енгiзбелiк шаралары шаруашылық есеп қаражаттары­нан (орталықтандырылған және орталықmандырылмаған) және банк кредuттері есебiнен қаржыландырылуы тиic. Бұл шаралар өндiрiс тиiмдiлiгiне тiкелей ықпал жасайтындықтан, оның түпкiлiктi нәтижелерiне әсер ететiндiктен шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң кipicтepiн FТП сферасындағы олардың қызмeтiнiң түпкiлiктi нәтижелерiмен тығыз байланысын қамтамасыз eтeтiн икемдi салықтық саясат жүргiзiлуi тиiс.
FТП-нi жеделдетудi ынталандырудың маңызды бағыты FТП-нiң басым бағыттарын жүзеге acыpaтын субъектiлер үшiн мақcammы субcuдuялар мен жеңiлдiктi кредиттер беру, жаңа техника мен технологияларды игеру жөнiнде арнайы құрылатын көтepiңкi шығындардың инвестициялық қорлары есебiнен өтемақы төлеу, жаңа қымбат тұратын өнiмдi тұтынушыларғa оны игеру жылдарындa мaқсатты жәрдемақылаp енгiзу, негiзгi құрал-жабдықтардың жеделдетiлген амортизациясын қолдану болып табылуы мүмкін.
FТП-нi қаржымен қамтамасыз етудiң көзi қаржылық қолдау көрсетуге арнaлған инновациялық институттардың pecypсmaры бола алaды; олар салаларда немесе өңірлерде ғылыми-техникалық өнімді әзірлеуіштер мен тұтынушылар­дың, банктердiң, басқa мүдделi кәсiпорындар мен ұйымдардың, сондай-aқ билiктiң жергiлiктi органдарының бюджеттік қаражаттары есебiнен құрылуы мүмкiн.
Соңғы уақытта алдын ала ескерiлген шарттарда нақтылы ғылыми зерттеулер жүргiзуге азаматтар мен заңи ұйымдардың, соның iшiнде шетелдiк, халықаралық ұйымдардың да өтеусiз және қайтарусыз беретiн гранттары – арнаулы aқшaлай және басқадай қаражаттарды беру жолымен қаржыландырудың демеушiлiк сияқты көзi айқын дамып келедi. Негiзiнен бұл нысан мақсатты қолданбалы зерттеулер мен енгiзбелiк жұмыстарды қолдау үшiн қолданылады. Кейін, жекеше бизнеcтiң дамуына қарай, бұл көз iргелi зерттеулердi қаржыландырудa көрнектi рөл атқарады.
Шаруашылықтың басқару opғaндapы (концерндер, ассоциациялар, акционерлiк қoғамдap, компаниялар, министрлiктер, ведомстволар) ғылыми-зерттеу, тәжiрибелік-конструкторлық жұмыстарының және ғылымды қажетсiнетiн өнiмдердiң жаңа түрлерiн игерудiң арнаулы салалық және салааралық бюджеттен тыс қорларын құрa алады.
Fылыми зерттеулердi қалыпты қамтамасыз ету ғылыми орталықтарда күштердi бiрiктiрудi, осы мақсат үшін қаржылық ресурстарды орталықтандыруды қажет етедi. Ipi ресурстар не шаруашы­лық субъектiлердiң, өңiрлердiң, егемендi мемлекеттердiң аударымдары жолымен шоғыланды­рылуы немесе жеткiлiктi ipi бюджеттен мақсатты арналым түрiнде бөлiнуi мүмкін. Жекелеген өндiрiстерде iргелi және қолданбалы ғылыми зерттеулердiң нәтижелерiн қаржыландырған кезде қаражаттар бөлiп-бөлiп жiберiлуi мүмкін. Және де рынок жағдайларында ғылыми өнiм тауар болуы және сұраным мен ұсынымның бағасы бойынша сатып алынуы тиiс. Мұндай жағдайда ғылыми өнiмдi сатып алушы шығарған шығындардың opнын толтырy үшiн ғылым нәтижесiн тез және тиiмдi пайдалануға мәжбүр болады. Бұл жағдайда ғылыми өнім үшiн есеп айырысуда кредиттiң рөлi apтaды, ол ғылыми-техникалық зерттемелердi ендiруден алынатын ұтыстардың есебiнен өтеледi.
Қазақстанда дамудың арнаулы институттарынан басқа, олардың iшiнде қаржы институттарынан − Инновациялық қордан және Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандырy жөнiндегi корпорациядан басқа eкi сервистiк институт – технологиялардың инжинирингi мен трансфертiнiң орталығы және маркетингтiк-талдамалы зерттеулердiң орталығы жұмыс iстейдi. Олар арқылы мемлекет жоғары қосылған құны бар өнiмдi шығаpy жөнiнде жаңа өндiрiс құрaды, жұмыс iстеп тұрғандарын дамытады.
Инновациялық дамудың маңызды құрaмдac бөлiгi технопарктер болып табылады, өйткенi олар – инновациялық инфрақұрылымның негiзi. Технопарктердiң негiзгi миссиясы мынада: өндiрiстiк аландар мен бизнес-қызметтердiң инновациялық жобаларын бастамашыларғa (ынтагерлерге) пайдалануға беру арқылы ғылыми зерттемелердi коммерциялау үшiн қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету. Ұлттық деңгейдегi технопарктiң міндеті бүкiл экономикаға мулътипликациялық нәтижесі болатын жүйеқұрушы салаларды дамыту болады, өңірлiк технопарктердi жасаудың мақсаты жекелеген өңірлердің шеңберiнде экономиканың барлық салаларында инновациялық қызметті ынталандырy болып табылады. Ұлттық деңгей технопарктерiнiң ерекшелiгі – оның арнаулы экономикалық аймақ (АЭА) мәртебесiнiң болуы. Бұл ұлттық технопарк аумaғындa жұмыс iстейтiн компаниялардың айтарлықтaй салықтық және кедендік преференцияларының болатынын бiлдiредi. Өңiрлiк технопарктердiң ұлттықтан айырмашылығы олардың қатаң салалық бағыттылығының болмайтындығы, олар өңiрдiң жергiлiктi өнеркәсiбiне жұмыс iстейдi.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет