ҚЎлпыбаев с


Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы



бет149/315
Дата16.09.2023
өлшемі3 Mb.
#108084
түріОқулық
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   315
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007

14.2. Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы


Бюджет жүйесі дегеніміз экономикалық қатынастар мен заңды нормаларға негізделген бюджеттердің барлық түрлерінің жиынтығы. Қазақстан Республика­сының Бюджеттік кодексінде бюджет жүйесі Қазақстан Республикасының Ұлтық қорын кіріктірумен түсіндіріледі.
Бюджет құрылысы – бұл бюджет жүйесін құрудың қағидаттары, оның буындарының өзара байланысының ұйымдық нысандары.
Бюджет жүйесінің құрамы елдің ұлттық-мемлекеттік құрылымымен анықталады. Мемлекеттің федеративтік және унитарлық құрылымы болуы мүмкін. Федеративтік мемлекеттерде бюджет жүйесі үш буыннан тұрады: мемлекеттік бюджет немесе федералдық бюджет немесе мемлекеттің орталық бюджеті; федерация мүшелерінің бюджеттері (АҚШ-та штаттардың, ГФР-да – жерлердің (ландтардың), Канадада – провинциялардың, Ресейде – федерация субъектілерінің бюджеттері); жергілікті бюджеттер. Унитарлық (біркелкі) мемлекеттерде екі буынды бюджет жүйесі қолданылады: орталық (республикалық) бюджет және толып жатқан жергілікті бюджеттер. Екі жағдайда да бюджеттердің оқшаулануы мен дербестігінің түрлі дәрежесі болуы мүмкін, бірақ, әдеттегідей, әлеуметтік-экономикалық үдерістерді басқаруды орталықтандыру деңгейіне байланысты төменгі бюджеттерге қатынасы жөнінен белгілі бір реттеуші рөл орталық бюджетте сақталады.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі бюджет құрылымының уни­тарлық типімен анықталады, өйткені Қазақстан – федералдық емес, басқарудың Президенттік-парламенттік нысаны және сайланатын Парламенті бар унитарлық мемлекет.
Бюджеттік кодекске сәйкес Қазақстан Республикасында мынадай деңгейдегі бюджеттер: республикалық бюджет; облыстық бюджеттер; республикалық маңызы бар қала, астана бюджетері; аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті бекітіліп, атқарылады және дербес бюджеттер болып табылады (14.2 сызбаны қараңыз).


14.2 сызба. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі

Республикалық және жергілікті бюджеттерді біріктіретін өздерінің арасындағы өзара өтелетін операцияларды есепке алмағанда орталықтандырылған мемлекеттің қаржылық ресурстарының қоры бекітуге жатпайтын және талдамалы ақпарат ретінде пайдалануға болатын мемлекеттік бюджетті білдіреді.
Бюджеттік практикада «шоғырландырылған бюджет» ұғымы қолданылады.
Республикалық және жергілікті бюджеттерді, сондай-ақ өздерінің арасындағы өзара өтелетін операцияларды есепке алмағанда Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін бюджет жатпайтын және шоғырландырылған бюджетке түсетін түсімдерді біріктіретін, орталықтандырылған мемлекеттің қаржылық ресурстарының қоры шоғырландырылған бюджеті болып табылады, ол бекітуге жатпайды және таңдамалы ақпарат ретінде пайдаланылады.
Бюджеттік кодексте айқындалған бюджеттердің түрлері мен деңгейлерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қамтитын бюджет жүйесінің тұтастығы бірыңғай құқықтық базамен, бірыңғай бюджеттік сыныптаманы пайдаланумен, Қазақстан Республикасының аумағында бюджеттік үдерісті жүзеге асыру рәсімдерінің тұтастығымен және бюджеттің бір деңгейінің екіншісіне беретін мемлекеттің қаржы статистикасының нысандарымен, қаржы жүйесінің тұтастығымен қамтамасыз етіледі.
Шоғырландырылған бюджет өз араларында өзара өтелетін операциялар ескерілместен, республикалық бюджетті, облыстардың, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерін және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына бағытталатын түсімдерді біріктіретін мемлекеттің ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қоры болып табылады. Шоғырландырылған бюджет те мемлекеттік бюджет сияқты талдамалық ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітілуге жатпайтын бюджеттік түсімдерден құралған бюджет болып табылады.
Республикалық және жергілікті бюджеттерді біріктіретін өздерінің арасындағы өзара өтелетін операцияларды есепке алмағанда орталықтандырылған мемлекеттің қаржылық ресурстарының қоры бекітуге жатпайтын және талдамалы ақпарат ретінде пайдалануға болатын мемлекеттік бюджетті білдіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет