ҚЎлпыбаев с



бет158/315
Дата16.09.2023
өлшемі3 Mb.
#108084
түріОқулық
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   315
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007

Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы бюджеттік бағ­дарламаларды іске асыру үшін мемлекеттік мекемелер жүзеге асыратын операцияларды көрсетілетін экономикалық сипаттамалар бойынша бюджет шы­ғыстарын топтастыру болып табылады. Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасын топтастыру санаттан, сыныптан, кіші сыныптан және өзіндік ерек­шеліктен тұрады.
Санат ағымдағы шығыстарды, күрделі шығыстарды, кредиттер беруді, қаржыландыруды кіріктіреді. Сынып, кіші сынып және ерекшелік шығыстардың арналымы мен сипатын нақтылайды, мысалы, ағымдағы шығыстарда: тауарлар мен қызметтерге жұмсалатын шығыстар – жұмысшылар мен қызметшілердің жалақысы – жұмысшылар мен қызметшілердің негізгі жалақысы.
Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшеліктерінің құрылымын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі – бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауға, негіздеуге, іске асыруға және нәтижелерге қол жеткізуге жауапты мемлекеттік орган. Республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалар­дың әкімшілері болып бөлінеді.
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі өзіне жүктелген функциялар мен өкілеттіктерге сәйкес айқындалады.
Егер бюджеттік бағдарламаның әкімшісі бір мезгілде бюджеттік бағдарламаның әкімшісі әрі мемлекеттік мекеме болып табылса, ол бюджеттік қаражаттарды дербес пайдаланады.
Облыстық бюджеттік бағдарламалардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік бағдарламаларының әкімшілері болып табылатын, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың ішкі істер органдарын қоспағанда, мемлекеттік органдардың құрылымдық және аумақтық бөлімшелері бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бола алмайды.
Орталық атқарушы және өзге орталық мемлекеттік органдар республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері болып табылады.
Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Қазақстан Республика­сының Үкіметі бекітетін жергілікті мемлекеттік басқарудың тұрпаттық құрылы­мы негізге алына отырып айқындалады.
Бюджеттік бағдарлама - нәтиже көрсеткіштері және бюджет шығыстарын қаржыландыру көлемі бар мемлекеттік органның стартегиялық жоспарында айқындалған стратегиялық бағыттармен, мақсаттармен, міндеттермен, нәти­желер көрсеткіштерімен өзара байланысқан бюджет шығыстарының бағыты бюджеттік бағдарламаларды олардың әкімшісі әзірлейді және мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының құрамында бекітіледі.
Бюджеттік бағдарламалар стратегиялық жоспарда тұжырымдалған мақсат­тар мен міндеттерді шешу үшін қажеттік пен жеткіліктілік қағидаттарына негізделе отырып әзірленеді. Бюджеттік бағдарламалар өзінің мазмұны бойынша мемлекеттік функциялармен, өкілеттіктермен және мемлекеттік қызметтер көрсетумен немесе бюджеттік бағдарламалар әкімшілері қызметінің бағыттарымен біртекті топталуға тиіс.
Бюджеттік бағдарламада оны іске асыруды бағалау үшін тура және түпкілікті нәтижелердің көрсеткіштері болуы тиіс, сондай-ақ бюджеттік бағдарламада сапа мен тиімділік көрсеткіштерінің болуы мүмкін.
Бюджеттік бағдарлама бюджеттік кіші бағдарламалар үшін де бюджеттік бағдарламаларға арналған нәтижелік көрсеткіштерді қолдану шартымен бюджеттік қаражаттарды жұмсаудың бағыттары нақтыланған кіші бағдарламаларға бөлінуі мүмкін.
Мазмұнына қарай бюджеттік бағдарламалар: мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді жүзеге асыруға; трансферттер мен бюджеттік субсидиялар беруге; бюджеттік кредиттер беруге; бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыруға; күрделі шығыстарды жүзеге асыруға; мемлекеттің міндеттемелерін орындауға бағытталған бағдарламалар болып бөлінеді.
Мемлекеттік басқару деңгейіне қарай бюджеттік бағдарламалар республикалық бағдарламаларға, облыстық, аудандық (қалалық) бағдарламаларға, қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтың бюджеттік бағдарламаларына бөлінеді.
Облыстық, республикалық маңызы бар қала, астана, аудандық (қалалық) бюджеттік бағдарламалар, сондай-ақ қаладағы ауданның, аудандық маңызы бар қаланың, кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің бюджеттік бағдарламалары жергілікті бюджеттік бағдарламалар болып табылады.
Бюджеттік бағдарламалар іске асыру тәсіліне қарай бір әкімші іске асыратын дара бюджеттік бағдарламаларға, белгілі және бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларының құрамында бекітілетін және бюджеттік бағдарламалардың әр түрлі әкімшілері арасында ағымдағы қаржы жылы ішінде бөлінуге жататын, бөлінетін бюджеттік бағдарламаларға бөлінеді.
Бюджеттік бағдарламалар біртұтас бюджеттік сыныптаманың құрамында тиісті белгі (код) беріле отырып, ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға және дамудың бюджеттік бағдарламаларына бөлінеді.
Дамудың бюджеттік бағдарламаларына бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыруға бағытталған бюджет шығыстары жатады. Бюджеттің қалған шығыстары ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға жатады.
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі және оған ведомстволық бағыныштағы ұйымдар мемлекеттік қызметтер стандарттарына сәйкес жеке және мемлекеттік емес заңи тұлғаларға мемлекеттік қызметтер көрсетеді.
Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде және Президенттің актілерінде қарастырылған функцияларға, өкілеттіктерінде негізделген, бюджеттік қаражаттар есебінен және Ұлттық банкттің бюджетінен ( шығыстар сметалары) қаржыланатын, құқықтарды, еркіндіктерді, заңды мүдделерді қорғауды қамтамасыз етуге және жеке және заңды тұлғалардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған, мемлекеттік қызметтердің стандарттарына сәйкес жүзеге асырылатын қызмет болып табылады.
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі және оған қарасты ұйымдар мемлекеттік қызметтердің сатандарттарына сәйкес мемлекеттік қызметтерді жеке және мемлекетті емес заңды тұлғаларға көрсетеді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету стандарты мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің, нысанының, мазмұнының және нәтижесінің сипаттамаларын кіріктіретін мемлекеттік қызметтерді көрсетуге қойылатын талаптарды анықтайды.
Мемлекеттік қызметтердің стандарттарын орталық мемлкеттік органдар әзірлейді, Үкімет бекітеді.
Қазақстан Республикасының Президентіне бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар әзірлейтін мемлекеттік қызметтер көрсету стандартын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметі мемлекеттік қызметтер көрсету тізімн бекітеді.
Мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді жүзеге асыруға бағытталған бюджеттік бағдарламаның құны олармен байланысты барлық ағымдағы шығыстарды кіріктіреді. Мемлекеттік қызметтер көрсетуге бағытталған бюджеттік бағдарламаның құнын анықтау кезінде мемлекеттік қызметтердің бекітілген стандарттары пайдаланылады.
Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын заңи тұлғаларға мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған жекелеген мемлекеттік қызметтер көрсетуге, бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға және басқа міндеттерді орындауға мемлекет тапсырыс белгілей алады, мұндай тапсырыс мемлекеттік тапсырма деп аталады. Мемлекеттік тапсырманы орындау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында көзделген конкурстық рәсімдер сақталмай жүзеге асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет