ҚЎлпыбаев с



бет159/315
Дата16.09.2023
өлшемі3 Mb.
#108084
түріОқулық
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   315
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007

Бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалау оларды әзірлеу, рес­публикалық және жергілікті бюджеттерді жоспарлау, оларды іске асыру, іске асырылуын бақылауды жүзеге асыру стадияларында жүзеге асырылады.
Орталық мемлекеттік органдарды және олардың аумақтық бөлімшелерін ұстауға жұмсалатын шығындар Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерімен бекітілетін штаттық сан лимиті мен Үкімет бекітетін натуралдық нормалар негізінде жоспарланады.
Бюджеттің атқарылуы кезінде функциялық және экономикалық сынып­тамалардың негізгі бөлімшелерін кіріктіретін тоғыспалы сыныптама түрінде екі сыныптаманың үйлесуі пайдаланылады.
Бюджеттік сыныптама автоматтандыру құралдарын қолдана отырып, басқарудың жоғарғы оралымдығына жету үшін түсімдер мен шығыстарды жан-жақты айқын және атаулы түрде жүйелеуге мүмкіндік береді.
Мемлекеттік бюджеттің (бюджеттік бағдарламалардың) шығыс бөлігінің ағымдағы шығыстар (бағдарламалар) бюджетіне және даму бюджетіне бөлінуінің мынадай әлеуметтік-экономикалық мағынасы бар. Ағымдағы бюджетте әлеуметтік қамсыздандырушылықтың қолданыстағы нормалары мен қалыптасқан деңгейінен туындайтын барлық шығыстар шоғырландырылған. Ол бюджетте шоғырландырылатын ақша қорланымдары мен түсімдерінің өсуі есебінен толық баланстанылған. Даму бюджетіне ұлғаймалы ұдайы өндіріспен байланысты инвестициялық және инновациялық қызметті қаржыландыруға қаржы бөлу және басқа шығындар кіріктіріледі. Даму бюджетінде ұлғаймалы ұдайы өндірістің қажеттіліктерімен, жаңа әлеуметтік-экономикалық шараларды орталықтандырылған қаржыландырумен байланысты шығындар кіріктіріледі; даму бюджетінің құрамды бөліктерін талдау мемлекеттің жаңа қосымша шығыстарына неғұрлым сындарлы және аңдап келуге мүмкіндік береді. Бұл жерде мына қағидат дәйекті жүзеге асырылуы тиіс: қажеттіліктерді қатаң нақтылы алынатын, меншікті және қарыздық көздер шегінде қаржыландыру. Даму бюджетінің қарастырылған шығыстарының міндетті сипаты болмауы тиіс және оларды жоғары шек ретінде қарастыру керек, яғни егер бюджеттің атқарылуы барысында табыстар ала алмайтын болса, онда даму бюджетінің шығыстарын қысқартуға тура келеді.
Бюджеттік кодексте бюджеттік инвестициялар – бюджеттен ортақ қаржыландыру шартымен бюджеттік инвестициялық жобаларды, концессиялық жобаларды іске асыру арқылы заңи тұлғалардың жарғылық капиталдарын қалыптастыру және ұлғайту мемлекет активтерін құру есебінен мемлекет активтерінің құнын ұлғайтуға бағытталған республикалық немесе жергілікті бюджеттен қаржыландыру бөліп қарастырылған. Бюджеттік инвестициялар бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру, концессиялық жобаларды ортақ қаржыландыру; мемлекеттің заңи тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы арқылы жүзеге асырылады. Шешілетін міндеттер мәнділігінің деңгейіне қарай бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалар республикалық және жергілікті болып бөлінеді.
Бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу, іске асыруды мониторингтеу және бағалау ережесі бюджеттік инвестициялық, соның ішінде техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап етпейтін жобалар бойынша инвестициялық ұсыныстарды әзірлеу, қарау және іріктеу; бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, әзірлеу; техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап етпейтін бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу; сметалық құнды ұлғайту болжанатын бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруды мониторингтеу және бағалауды жүргізу тәртіптерін айқындайды.
Бюджеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау үш кезеңде: инвестициялық ұсыныстар әзірлеу; бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізу; бюджетті әзірлеу сатысында бюджет­тік инвестициялық жобаларды іріктеу кезеңінде жүзеге асырылады.
Үкімет және жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасына сәйкес концессиялық міндеттемелер қабылдауы мүмкін. Конценссия- концеденттің концессионерге мемлекеттік меншікті пайдалану құқығын беруі нәтижесінде мемлекет(концедент) және жекеше заңи немесе жеке концессионер арасында туындайтын қатынасстар жүйесі; өщара пайл\далы жағдайларда эеономиканы дамытуға шақыратын меслекет және жекеше бизнес арасындағы өзара іс-қимыл мен әріптестік нысаны.
Республикалық бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобаларды орталық мемлекеттік органдар республикалық бюджеттің қаражаттары есебінен, жергілікті бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобаларды жергілікті атқарушы органдар іске асырады.
Бюджеттік кодексте сонымен бірге гранттарды – донорлардың (шет мемлекеттер, олардың үкіметтері мен агенттіктері, халықаралық және шетелдік мемлекеттік ұйымдар, қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясына қайшы келмейтін шет елдерің үкіметтік емес қоғамдық ұйымдары және қорлары) Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұйымдарына беретін өтеусіз қаржылық немесе техникалық көмегін қолдану қарастырылған.
Гранттар берілу шарттары бойынша былай бөлінеді:
1) байланыстырылған гранттар – Қазақстан Республикасы Үкіметінің грант берген донардан одан ары қарыз алуын немесе байланыстырылған грантты іске асыруға бағытталған тиісті бюджеттік бағдарлама­ның шеңберінде республикалық және жергілікті бюджеттерден ортақ қаржыландыруды көздейтін гранттар;
2) байланыстырылмаған гранттар – Қазақстан Республикасы Үкіметінің грант берген донардан одан ары қарыз алуын немесе республикалық және жергілікті бюджеттерден ортақ қаржыландыру көзделмейтін гранттар.
Байланыстырылған гранттарды пайдалану жеке бюджеттік бағдарлама бойынша көзделеді және оны байланыстырылған грант туралы келісімге және Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес мемлекеттік ұйымдар – гранттарды алушылар жүзеге асырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет