ҚЎлпыбаев с



бет164/315
Дата16.09.2023
өлшемі3 Mb.
#108084
түріОқулық
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   315
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007

Бюджеттік түсімдерді болжауды әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ескере отырып, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
Республикалық және жергілікті бюджеттерді тиісінше мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар жыл сайын жоспарлы кезеңге әзірлейді.
Республикалық бюджет жобасын әзірлеудің кезеңдері, мерзімдегі және іс-шаралары бел­гіленген.
Республикалық бюджет жобасын әзірлеу үдерісі мынадай кезеңдерді:
1) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму болжамының жобасын әзірлеу және оны Қазақстан Республикасы Үкіметінің мақұлдауын;
2) орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының жобаларын, бюджеттік өтінімдерді әзірлеу және оларды Республикалық бюджет комиссиясында қарауды;
3) республикалық бюджет туралы заң жобасын әзірлеуді қамтиды. Мемлекеттік және республикалық бюджеттердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, Қазақстан Республикасының шоғырландырылған бюджетінің болжамдары, республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша шығыстардың болжамды көлемдері және мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының жобалары айқындалатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі мақұлдаған республиканың әлеуметтік-экономикалық даму болжамы бюджетті жоспарлаудың базалық негізі болады.
Республикалық бюджет жобасы Қазақстан Республикасы заңымен, жергілікті бюджет жобасы тиісті мәслихаттардың шешімімен бекітіледі.
Республикалық бюджеттің жобасын әзірлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды, жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу тәртібін Үкімет айқындайды.
Өтеусіз техникалық көмек түрінде байланыстырылған гранттар алынған кезде ғана, сондай-ақ тек Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық келісімшартта көзделген жағдайларда тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны түрінде бюджеттік түсімдерді көрсетуге жол беріледі. Бұл ретте шығыстарда алынған тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құнына тең көлемде бюджеттік бағдарлама көзделуге тиіс.
Бюджет шығыстарын жоспарлау үшін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ағымдағы қаржы жылының 15 мамырына дейін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға стратегиялық жоспарлардың жобаларын несеме стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын және бюджеттік өтінімдерді ұсынады. Стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік өтінімдер ұсынады.
Бюджет шығыстары базалық шығыстар және жаңа бастамалар шығыстары болып бөлінеді.
Тұрақты сипаттағы шығыстар, күрделі шығыстар, сонымен бірге бюджеттен ортақ қаржыландыру шарттарында басталған (жалғасатын) бюджеттік инвестициялық жобалардың және концессиялық жобалардың шығыстары базалық шығыстар болып табылады. Тұрақты сипаттағы шығыстар деп мемлекеттік функциялар, өкілеттіктер және мемлекеттік қызметтер көрсетумен, трансферттер төлеумен және мемлекеттің басқа міндеттемелерімен байланысты шығыстарды айтады.
Жаңа бастамалар шығыстарына: кейіннен жаңа бюджеттік бағдарламалар бойынша қаржыландырылатын стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға сәйкес әлеуметтік-экономикалық дамудың жаңа басым бағыттарын іске асыруға, макроэкономикалық және әлеуметтік көрсеткіштердің өзгеруімен байланысты емес және іс жүзіндегі бюджеттік бағдарламалар шеңберінде бюджеттік қаражаттарды жұмсаудың қосымша бағыттарын (атқарылатын мемлекеттік функциялардың, өкілеттіктердің және мемлекеттік қызметтердің көлемін кеңейтуді) көздейтін базалық шығыстарды ұлғайтуға бағытталатын шығыстар жатады.
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі шығыстардың көлемдерін негіздеу үшін кезекті жоспарлы кезеңге құжаттардың жиынтығы болып табылатын бюджеттік өтінімдер жасайды.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджет туралы заңның жобасын Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына ағымдағы қаржы жылының 15 тамызынан кешіктірмей ұсынады.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган стратегиялық жоспарлаудың жобаларын бюджеттік бағдарламар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, Қазақстан Республикасының бюджет және басқадай заңнамасына, қолданыстағы натуралдық нормаларға және мемлекеттік қызметтердің стандарттарына олардың сәйкестігі тұрғысынан қарайды.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган арасындағы келіспеушіліктер бюджеттік комиссияда қаралады.
Бюджеттік комиссия бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларын стратегиялық жоспарлардың жобаларын, несеме стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толық­тырулар жобаларын және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органдардың қорытындыларымен өзара байланыста қарайды және олар бойынша әзірлейді.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган Республикалық бюджеттік комиссия қабылдаған шешімдердің негізінде республикалық бюджет жобасының түпкілікті нұсқасы негізінде республикалық бюджет туралы заңның жобасын жасайды және оны Үкіметтің қарауына ағымдағы қаржы жылының 15 тамызынан кешіктірмей ұсынады.
Республикалық бюджет туралы заң жобасының мәтінінде:
кірістердің, трансфертер түсімдерінің, шығындардың, таза бюджеттік кредиттеудің, қаржылық активтермен операциялар бойынша сальдоның, тапшылықтың (профициттің), тапшылықты қаржыландырудың (профицитті пайдаланудың) көлемі;
жалақының, зейнетақының ең төменгі мөлшері, айлық есептік көрсеткіштің, ең төменгі күнкөріс деңгейінің және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері;
жергілікті бюджеттерден республикалық бюджетке бюджеттік алынымның көлемі;
республикалық бюджеттен жергілікті бюджеттерге берілетін бюджеттік субвенциялар көлемі;
Үкімет резервінің мөлшері;
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферт көлемі;
мемлекеттің кепілгерлік беру лимиті;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің концессиялық міндеттемелерінің лимиті;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктер беру лимиті;
үкіметтік борыш лимиті және басқа да қағидалар қамтылуға тиіс.
Кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджеттің бекітілетін тапшылығының (профицитінің) мөлшері ішкі жалпы өнімге ақшалай тұлғалауда және пайызбен көрсетіледі.
Республикалық бюджет туралы заңның жобасын Үкімет ағымдағы қаржы жылының 1 қыр­күйегінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Парламентіне енгізеді.
Республикалық бюджет жобасының түпкілікті нұсқасын қарау және айқындау ағымдағы қаржы жылының 1 тамызынан кешіктірілмей аяқталады.
Республикалық бюджет әуелі Мәжілісте, ал сонан кейін Сенатта өз кезегімен қарау арқылы ағымдағы қаржы жылының 1 желтоқсанынан кешіктірілмей палаталардың бөлек отырысында бекітіледі.
Егер Парламент ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін республикалық бюджет туралы заңды қабылдамаса Президент кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары туралы жарлық шығаруға құқылы, ол республикалық бюджет туралы заңды Парламент бекіткенге дейін қолданылады. Бұл республикалық қаржы жоспары кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет болжамының төрттен бір бөлігі көлемінде ағымдағы жылдың 25 желтоқсанынан кешіктірілмей бекітіледі. Кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары бекітілген жағдайда, осы қаржы жылына арналған республикалық бюджет сол жылғы 1 наурыздан кешіктірілмей бекітілуге тиіс. Бұл ретте осы қаржы жылына арналған республикалық бюджет сол жылдың бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары ескеріле отырып бекітіледі.
Республикалық бюджет туралы заң қосымшаларымен бірге, Президенттің алдағы қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары туралы Жарлығы қосымшаларымен бірге бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасының аумағында төтенше немесе соғыс жағдайын енгізу немесе оның күшін толық немесе ішінара жою туралы жарлықтары төтенше мемлекеттік бюджетті әзірлеу, енгізу немесе оның қолданысын тоқтату үшін негіз болып табылады. Қазақстан Республикасының бірнеше өңірінің аумағында бір мезгілде төтенше жағдайды енгізу төтенше жағдайдың салдары республиканың ұлттық мүддесі мен экономикалық қауіпсіздігіне нақты қатер төндіруі мүмкін жағдайда ғана төтенше мемлекеттік бюджетті енгізу үшін негіз болып табылуы мүмкін.
Төтенше мемлекеттік бюджетті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді және ол Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен бекітіледі.
Бюджетке түсімдердің түсуін, бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) іске асырылуын қамтамасыз ету, бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) жөнін­дегі іс-шаралар кешенін орындау бюджеттің атқарылуы болып табылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы қаулысы жоспарланып отырған жыл алдындағы жылдың 20 желтоқсанына дейін қабылданады және қаулы бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне, бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға республикалық бюджеттің уақытылы атқарылуын қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларды көздейді.
Республикалық бюджеттің атқарылуын Үкімет, жергілікті бюджеттердің атқарылуын жергілікті атқарушы органдар қамтамасыз етеді. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бюджеттердің атқарылуы саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыруды және іске асырылуын жүзеге асырады, өзінің құзыры шектерінде Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеп, бекітеді, Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы, бухгалтерлік және бюджеттік есеп, қаржылық және бюджеттік есептеме саласында әдіснамалық басшылықты жүзеге асырады.
Бюджеттің атқарылуы ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарында басталып, 31 желтоқсанында аяқталады.
Бюджеттің атқарылуы кассалық негізде жүзеге асырылады.
Бюджеттің атқарылуы республикалық бюджет туралы заңмен немесе жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімімен бекітілген тиісті қаржы жылына арналған бюджеттік қаражаттар көлемінің шектерінде жүзеге асырылады.
Бюджет атқарылуынынң негізгі мына құжаттар болып табылады:
Бюджеттік кодекс;
Республикалық бюджет туралы заң және жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімі;
Кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары туралы жарлық және жергілікті қаржы жоспары туралы жергілікті атқарушы органының қаулысы;
Қазақстан республикасының Үкіметтің немесе жергілікті атқарушы органының республикалық бюджет туралы заңды немесе жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімін іске асыру туралы қаулылары;
Республикалық немесе жергілікті бюджеттердің атқарылуы барысында қабылданатын Үкіметтің немесе жергілікті атқарушы органының шешімі;
Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары;
Нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісім;
Міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары;
Бюджеттік бағдарламалар әкімшід\ліктерінің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландырудың жоспарлары;
Мемлкеттік мекемелердің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландырудың жеке дара жоспарлары жеке дара жоспарлары;
Бюджеттік кодекске сәйкес бюджеттің атқарылу тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілер;
Бюджеттің атқарылуы кезінде бюджетті жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган қаржыландырудың жиынтық жоспары- бюджетке түсімдердің және төлемдер бойынша бюджеттік бағдарламарды қаржыландырудың баласталған айлық жопарын айқындайтын құжаты әзірлейді және бекітеді. Түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары бюджет түсімдері сыныптамасының сыныптары мен кіші сыныптары ерекшеліктер бойынша жасалатын бюджетке түсімдердің жиынтыұ жоспарынан және фунциялық топтар, бюджеттік бағдарламаладың әкімшілері және бюджет шығыстарының функциялық сыныптамасының бюджеттік бағдарламалары бойынша жасалатын төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарынан турады.
Төлемдер бойынша қаржылагдырудың жиынтық жоспары қабылданған міндеттемелердың орындалу есебіне төлемдерді жүзеге асыру үшін бюджеттік бағдарламаладың әкімшісіне және оған ведомствалық бағыныштағы мемлкеттік мекемеге қажетті бюджеттік қаражаттардың айлық көлемін оларға арналған бюджеттік қаражаттардың жылдық көлемдерін айқындайтын бюджеттік бағдарламалар әкімшіліктерінің төлемдері бойынша қаржылардыру жоспарының негізінде жасалынады.
Мемлекеттік мекемелер бюджет шығыстарының фунциялық және экономикалық сыныптамалар бойынша міндеттемелері мен төлемдер бойынша жоспарлаудың дара жоспарларын әзірлейді және оларды бекіту үшін және бюджеттік бағдарламалар әкімшіліктерінің міндеттемелері мен төлемдер бойынша жоспарлардың дара жоспарларын әзірлеу үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне береді.
Бюджеттің атқарылуы бойынша көрсетілген құжаттар жоспарлы кезеңнің бірінші жылына әзірленеді және бекітіледі.
Бюджеттік бағдарламаладың әкімшілері шығыстардың экономикалық сыныптамасының және бюжеттік бағдарламалардың кіші бағдарламаларының ерекшеліктеріне қатысты және бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстардың өзгермейтін жылдық және айлық көлемдеріне міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жоспарларына өзбетімен өзгерістер енгізуге құқылы. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне қажетті бюджеттік бағдарлама бойвнша шығыстардың айлық көлемдерінің өзгерістері бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган арқылы жүзег асырылады.
Мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландырудың дара жоспарларының өзгерістерді енгізуді мемлекеттік мекемелердің өтінімдері жөніндегі бюджеттік бағдарламаладың бағдарламалардың әкімшілері жүзеге асырады.
Бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру және бюджеттердің атқарылуы бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін үйлестіру бюджеттің атқарылуы жөніндегі тиісті уәкілетті органға жүктеледі.
Бюджеттің атқарылу рәсімдерін және оларға кассалық қызмет көрсетуді Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Бюджеттік операцияларды орталықтандырып жүзеге асыру және олардың есебін жүргізу үшін Ұлттық банкте ұлттық валютамен бірыңғай қазынашылық шот, ол шетелдік валюталардағы түсімдер бойынша және олардың есепке алуын жүргізу үшін шетелдік валюталардың түрлері бойынша шоттар ашылады. Ол бірынғай қазынашылық шот қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражаттардың қалдықтарын кіріктіреді. Қолма-қол ақшаны бақылау шоты мемлекеттік мекемелер үшін демеушілік, қайырымдылық көмектен түсетін барлық деңгейлер бюджеттерінің. Мемлекеттік мекемеледрің, Ұлттық қордың түсімдері мен жасалынған төлемдері бойынша операцияларды есепке алуға арналған
Бюджеттің атқарылуы кезінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган қаржыландырудың жылдық жоспарын – бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы бойынша бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) жылдық түсімдер көлемімен теңдестірілген қаржыландырудың жылдық көлемдерін айқындайтын құжатты жасап, бекітеді. Қаржыландырудың жылдық жоспары да бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне бағытталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет