ҚЎлпыбаев с



бет179/315
Дата16.09.2023
өлшемі3 Mb.
#108084
түріОқулық
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   315
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007

Қордың меншікті қаражаттары оның жарғылық капиталынан және комиссиялық сыйақыдан құралады және солардан тұрады.
Қордың:
1) міндетті әлеуметтік аударымдарды шоғырландыруды жүзеге асыруға;
2) Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайтын тәртіппен бағалы қағаздарға және басқа қаржылық құралдарға байланысты қызметпен айналысуға;
3) Қор қызметін жүзеге асыруға комиссиялық сыйақы алуға;
4) қаражаттардың қозғалысы туралы Орталықтан ақпарат алуға;
5) Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінде қарастырылған жағдайларды қоспағанда, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушыларынан Қор қызметін қамтамасыз етуге қажетті ақпаратты сұратуға және алуға құқығы бар.
Қор мыналарды:
1) Орталықтың әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру үшін қаражаттардың уақтылы аударылуын қамтамасыз етуге;
2) Ұлттық банк арқылы қаржылық құралдарға Қордың уақытша бос қаражаттарын орналастыруға;
3) жыл сайын аудит өткізуді қамтамасыз етуге;
4) Қазақстан Республикасы заңнамалық актілеріне сәйкес өзге міндеттемелерді атқаруға міндетті.
Қордың активтерін кепілге беруге және заңмен қарастырылмаған кәсіпкерлік және өзге қызметпен айналысуға Қор құқылы емес.
Қордың активтерін Қор мен Ұлттық банк арасында жасалатын келісімшарт негіздемесінде Ұлттық банк арқылы қаржылық құралдарға орналастыру жолымен Қор инвестициялық қызметті жүзеге асырады. Ұлттық банк Қордың активтерін шоғырландыру және орналастыру жөніндегі, инвестициялық табыс алу жөніндегі барлық операциялардың есебін жүргізеді және жасалынған келісімшартқа сәйкес Қор шоттарының және оның активтерімен жасалатын инвестициялық қызметтің жай-күйі туралы Қорға тоқсан сайын есеп беруді табыс етіп отырады.
Қордың активтері әлеуметтік аударымдар, әлеуметтік аударымдарды төлеу мерзімін өткізіп алғаны үшін алынған өсімпұл, Қор қызметін қамтамасыз етуге арналған комиссиялық сыйақылар шегерілген инвестициялық табыс, Қазақстан Республикасы заңнамасымен қарастырылған басқа көздер есебінен қалыптасады.
2005–2007 жылдар міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін кезең-кезеңмен енгізу жылдары болды.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар үшін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төленуге тиісті әлеуметтік аударымдар оларды есептеу объектінен 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1,5%, 2006 ж.– 2%, 2007 ж. – 3% мөлшерінде белгіленді; 2009 жылдан бастап аударымдар мөлшері – 4%, 2010 ж.– 5% болып белгіленген.
Салық заңнамасына сәйкес арнаулы салық режімі қолданылатын өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар* үшін олардың өз пайдасына төлейтін әлеуметтік аударымдарда осы мөлшерде белгіленген, бірақ Республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін ең төменгі жалақының тиісінше 4 және 5 пайызынан кем емес болады.
Қордың активтері тек мына мақсаттар үшін:
1) әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыруға;
2) тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайтын қаржылық құралдарға орналастыруға;
3) әлеуметтік аударымдардың артық төленген сомалары мен өзге қате есептелген қаражаттарды қайтаруға пайдаланылуы мүмкін.
Әлеуметтік төлемақылар мынадай әлеуметтік қатерлер туындаған жағдайларда: асыраушысынан, еңбек ету қабілетінен, жұмысынан айырылған, жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына, бала бір жасқа толғанға дейін онң күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайларда төленеді.
Қор бухгалтерлік есеп жүргізеді және Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіппен Қордың меншікті қаражаттары мен активтері бойынша бөлек қаржылық есептеме тапсырады. Қор бухгалтерлік есеп және есептеме жасау кезінде пайдаланылатын құжаттардың есебі мен сақталуын қамтамасыз етуге міндетті. Сақталуға жататын негізгі құжаттардың тізбесі мен олардың сақталу мерзімі Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленеді.
Мемлекет Қордағы әлеуметтік аударымдардың сақталуына және нысаналы пайдаланылуына кепілдік береді.
Әлеуметтік аударымдардың сақталуы мыналар арқылы қамтамасыз етіледі:
1) Қордың қызметін, оның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тиісті нормалар мен лимиттерді белгілеу арқылы реттеу;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі арқылы инвестициялық қызметті жүзеге асыру;
3) Қор активтерін инвестициялық басқару жөніндегі барлық операцияларды Ұлттық банкте есепке алу;
4) Қордың меншікті қаражаттары мен активтерінің бөлек есебін жүргізу;
5) Қордың қызметін қамтамасыз етуге арналған шығыстарға шектеулер енгізу;
6) жыл сайын аудит жүргізудің міндеттілігі;
7) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен Қордың ұдайы қаржылық және статистикалық есептемесі;
8) Қор активтерін инвестициялау үшін қаржылық құралдардың тізбесін Үкіметтің айқындауы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет