ҚЎлпыбаев с



бет182/315
Дата16.09.2023
өлшемі3 Mb.
#108084
түріОқулық
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   315
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007

Ұлттық инновациялық қор Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған акционерлік қоғам нысанындағы коммерциялық ұйым болып табылады, оның жалғыз акционері ұлттық басқарушы компания болады. Ұлттық инновациялық қор дамудың ұлттық институты болып табылады.
Ұлттық инновациялық қор қызметінің мақсаты елде жалпы инновациялық белсенділікті арттыру болып табылады, соның ішінде жоғары технологиялық және ғылымды қажетсінетін өндірісті дамытуға жәрдемдесу.
Ұлттық инновациялық қордың міндеттері мыналар болып табылады:
1) инновацияларды жасау және енгізуді қаржыландыруды жүзеге асыратын инновациялық қорлар мен инвестициялық қорлардың жарғылық капиталына бақыланбайтын қатысу;
2) инвестициялайтын компаниялардың және (немесе) қаржылық лизингтің жарғылық капиталында үлестік бақыланбайтын қатысу жолымен инновацияларды жасауды және ендіруді қаржыландыру;
3) инновациялық инфрақұрылымды дамыту;
4) сыртқы рыноктарға отандық инновацияларды жылжыту;
5) инновациялық технологияларды қарызға алуды және дамытуды ауыстыру, оларды коммерциялау мен енгізу саласында халықаралық ынтымақтастықты дамыту.
Ұлттық инновациялық қордың:
1) Ұлттық инновациялық қордың инвестициялық саясаты туралы меморандумға сәйкес инвестициялық саясатты жүзеге асыруға;
2) ғылыми-техникалық экономикалық сараптамалар мен патенттік зерттелімдердің нәти­желері бойынша инновациялық жобаларды инвестициялаудың мақсатқа сәйкестігін анықтауға;
3) келісімшарттық негізде сарапшылар мен кеңесшілерді тартуға;
4) Қордың инвестициялық саясаты туралы меморандум айқындаған шектерде және тәртіппен өтімділігі жоғары қаржылық құралдардың ішкі рыногында қаражаттарды еркін орналастыруға;
5) инновациялық жобаларды іріктеуді және Қордың инвестициялық саясаты туралы меморандум белгілеген шектеулерді ескере отырып инновациялық жобаларды іріктеуді және оларды инвестициялауды жүзеге асыруға;
6) инвестициялық қызметтің мамандандырылған субъектілерін жасауға қатысуға;
7) коммерциялық нәтиже және экономиканың технологиялық дамуы тұрғысынан әлуетті перспективалық болып табылатын жаңа технологияларды, тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) жасауға бағытталған қолданбалы ғылыми зерттелімдерге, тәжірибелік-конструктуралық әзірленімдерге меншікті қаражаттардан гранттар беруге;
8) шетелдік инновациялық немесе инвестициялық қорларға инвестициялауды жүзеге асыруға құқығы бар.
Инвестицияларды жүзеге асыру үшін мына көздер пайдаланылады:
1) Ұлттық инновациялық қордың жарғылық капиталы;
2) Ұлттық инновациялық қордың кірістері;
3) халықаралық қаржы ұйымдары, шетел мемлекеттері мен қаржы институттары беретін гранттар.
Ұлттық инновациялық қордың табыстарын алудың негізгі нысаны қор инвестицияларының бастапқы құны мен шығу кезіндегі олардың өткізу құны арасындағы айырма болып келетін оның қаржыландырылатын жобалардан шығып қалу кезіндегі табыстар болып табылады.
Басқа табыстар Ұлттық инновациялық қордың уақытша бос ақшаларын басқарудан түсетін табыс, дивидендтер нысанындағы табыстар, көрсетілетін консультациялық қызметтерден түсетін табыстар, ғылыми-зерттеу жұмыстары мен тәжірибелік-конструкторлық талдамалардың нәтижелеріне мүліктік құқықтарды өткізуден түсетін табыстар болып табылады.
Қордың жылдық есебін бекітудің жиыны бойынша Ұлттық инновациялық қордың таза табысы резервтік капиталды қалыптастыруға бағытталады. Ұлттық инновациялық қордың таза табысын бөлудің тәртібін ұлттық басқарушы компания анықтайды.
Ұлттық инновациялық қордың инвестициялық қызметінде негізгі құжат Қордың инвестициялық саясаты туралы меморандум болып табылады.
Меморандум Қор инвестициялық саясатының негізгі басымдықтарын анықтайды, инвестициялық қызметті жүзеге асыру бойынша, қаржыландырылатын жобалардың, инвестицияланатын компаниялардың қаржылық жай-күйінің мониторингі және өткізуге талдау бойынша;
Ұлттық инновациялық қордың инвестицияланатын компаниялардан шығуы туралы шешім қабылдау бойынша негізгі қағидаларды ұстайды;
сандық және сапалық параметрлерді және Ұлттық инновациялық қордың инвестициялық қызметін шектеуді белгілейді.
Меморандумды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Ұлттық инновациялық қордың:
1) акциялардан басқа бағалы қағаздардың өзге түрлерін шығаруға;
2) қарыздар беруге;
3) кепілдеме мен үшінші тұлғалардың міндеттемелері бойынша кепілгерлік беруге;
4) өзіне міндеттемелер қабылдаудың шарттары мен тәртібі, сондай-ақ оларды жүзеге асыру мақсаттары Қазақстан Республикасының заңнамасына, Ұлттық инновациялық қордың меморандумына қайшы келетін міндеттемелер қабылдауға құқықтары жоқ.
Ұлттық инновациялық қор алкоголь және темекі өнімдерін шығаруға инвестицияларды жүзеге асырмайды.
Қазақстан Республикасының Үкіметі Ұлттық инновациялық қордың жалғыз акционері болып табылады.
Уәкілетті орган:
1) Қор акцияларының мемлекеттік пакетін басқару функцияларын жүзеге асырады;
2) Қор есептемесін берудің құрамын, нысандарын және мезгілділігін бекітеді;
3) Қор қызметінің Қазақстан Республикасының заңнамасының, жарғының және Қордың инвестициялық саясаты туралы меморандумның талаптарына сәйкестігін бақылауды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы заңымен қарастырылған жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік органдар мен олардың лауазымдық тұлғаларының Ұлттық инно­вациялық қордың қызметіне араласуына тыйым салынады.
Қазақстан Республикасы заңдарымен қарастырылған негіздемелер бойынша, тәртіппен өзінің міндеттемелерін атқармағаны немесе жете атқармағаны үшін Ұлттық инновациялық қордың жауапкершілігі болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет