ҚЎлпыбаев с



бет278/315
Дата16.09.2023
өлшемі3 Mb.
#108084
түріОқулық
1   ...   274   275   276   277   278   279   280   281   ...   315
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007

Əлеуметтік дара код – азаматқа, сондай-ақ осы заңға сəйкес зейнетақымен қамсыздандыру құқығы қолданылатын адамдарға берілетін тұрақты жеке код.


Б
Бағалы қағаздар – мүліктік құқықтарды куəландыратын белгілі бір жазбалар мен басқа да белгіленімдердің жиынтығы; акциялар, борыштық бағалы қағазадар, депозитарлық жазбалар, инвестициялық қорлардың пайлары, исламдық бағалы қағаздар.
Бағалы қағаздар рыногының өзін-өзі реттейтін ұйымы – бағалы қағаздар рыногында өз қызметінің бірыңғай ережелері мен стандарттарын белгілеу мақсатымен қауымдастық (одақ) нысанында бағалы қағаздар рыногының кəсіпқой қатысушылары құрған заңи тұлға. Оның негізгі міндеті өзін-өзі реттейтін ұйым мүшелерінің жəне олардың клиенттерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында кəсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың бірыңғай жағдайларын жасауды қамтамасыз ету болып табылады.
Бағалы қағаздар рыногының кəсіпқой қатысушы – өз қызметін бағалы қағаздар рыногында лицензия негізінде не заңнамалық актілерге сəйкес жүзеге асыратын жəне акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында жұмыс істейтін (клиенттердің есебін жүргізу құқығын берместен брокерді жəне (немесе) дилерді, тіркеушіні, трансфер-агентті қоспаған) заңи тұлға.
Бағалы қағазды ұстаушы – бағалы қағаздар бойынша құқықтары бар, бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдері жүйе­сінде немесе номиналды ұстауды есеп­ке алу жүйесінде тіркелген тұлға, сондай-ақ пайлық инвестициялық қор.
Бағалы қағаздардың бастапқы рыногы – эмитенттің бұрын қайталама бағалы қағаздар рыногында өзі сатып алған эмиссиялық бағалы қағаздарын бұдан əрі орналастыруын қоспағанда, эмитенттің (андеррайтердің немесе эмиссиялық кон­сорциумның) жарияланған эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруы.
Бағалы қағаздардың қайталама рыногы – орналастырылған бағалы қағаздардың айналысы үдерісінде бағалы қағаздар рын­огының субъектілері арасында қалып­тасатын құқықтық қатынастар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   274   275   276   277   278   279   280   281   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет