ҚЎлпыбаев с


Салық төлеушінің электрондық құжаты –



бет305/315
Дата16.09.2023
өлшемі3 Mb.
#108084
түріОқулық
1   ...   301   302   303   304   305   306   307   308   ...   315
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007

Салық төлеушінің электрондық құжаты – белгіленген электрондық форматта берілген, қабылданғаннан жəне бірдейлігі расталғаннан кейін салық төлеушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куəландырылған электрондық құжат.
Салық төлеушінің электрондық цифр­лық қолтаңбасы – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған жəне электрондық құжаттың дəйектілігін, оның салық төлеушіге тиесілілігін жəне мазмұнының өзгермейтінін растайтын электрондық цифрлық нышандардың реттілігі.
Сақтандыру – сақтық ұйымы өз активтері есебінен жүзеге асыратын сақтық төлемі арқылы сақтандыру шартында белгіленген сақтық жағдайы немесе өзге де оқиғалар туындаған кезде жеке немесе заңи тұлғаның заңды мүдделерін мүліктік жағынан қорғауға байланысты қатынастар кешені.
Сақтандыру келісімшарты – қарыз алушы қарыз талаптары бойынша өзінен алынуға тиесілі соманы белгіленген мерзімде төлемеген жағдайда, сақтық ұйымының қарыз берушінің алдындағы мемлекет кепілгерлігімен немесе мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілген қарыз бойынша берешекті өтеу жөніндегі міндеттемесін көздейтін келісімшарт.
Сақтандырушы – Қазақстан Республикасы заңдарында белгіленген тəртіппен Қазақстан Республикасының аумағында сақтық қызметін жүзеге асыру құқығына лицензия алған, сақтық жағдайы басталған кезде сақтанушыға немесе пайдасына келісімшарт жасалған өзге тұлғаға (пайда алуға) келісімшартта айқындалған сома (сақтық сомасы) шегінде сақтық төлемін жасауға міндетті заңи тұлға.
Сақтандырылушы – өзіне қатысты сақтандыру жүзеге асырылатын тұлға.
Сақтанушы – сақтандырушымен сақ­тан­дыру келісімшартын жасасқан тұл­ға. Егер сақтандыру келісімшартында өзгеше көзделмесе, сақтанушы бір мезгілде сақтандырылушы болып табылады.
Сақтық жағдайы – басталуына орай сақтандыру келісімшарты сақтық төлемін жүзеге асыруды көздейтін оқиға.
Сақтық рыногы – сақтандыру бойынша қызметтер көрсету саласы, бұл қызметтерді сақтық компаниялары мен ұйымдары көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   301   302   303   304   305   306   307   308   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет