ҚЎлпыбаев с



бет42/315
Дата16.09.2023
өлшемі3 Mb.
#108084
түріОқулық
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   315
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007

3.3.Шаруашылық жүргізуші
субъектілердің қаржысын басқару

Ұлттық шаруашылық салаларының қаржысын басқаруды министрліктердің, ведомстволардың, компаниялардың, акционерлік қоғамдардың, серіктестіктердің қаржы басқармалары мен бөлімдері және қаржы службалары жүзеге асырады.


Қоғамдық ұйымдардың қаржысын осы ұйымдардың қаржы бөлімдері мен топтары басқарады.
Бірқатар министрліктер мен ведомстволарда қаржыны басқарудың сызбасы басқарудың басқа функцияларымен: жоспарлауды (болжауды), есепке алуды орындаумен қоса атқарылады. Мұндай жағдайларда жоспарлау қаржылық немесе қаржылық бухгалтерлік басқармалар жұмыс істейді. Бұл органдар жүйенің шаруашылық-қаржылық қызметін талдайды, қаржыны: айналым қаражаттарының айналымдылығын тездетуді, шаруашылық айналымына пайдаланылмай жатқан тауар-материалдық құндылықтарды тартуды, өнімсіз шығыстар мен ысыраптарды қысқартуды, ведомствоға қарасты объектілердің залалдығын азайтуды және жоюды; ішкішаруашылықтық резервтерді жұмылдыруды, ресурстарды пайдалануды жақсартуды, шығындарды төмендетуді, табыстылықты (рентабелділікті) арттыруды пайдалана отырып оның тиімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстар дайындайды. Олар сонымен бірге ведомствоға қарасты шаруашылық бірліктерінің қаржылық жұмыстарын реттейтін нұсқаулар, нұсқаулықтар, әдістемелік материалдар дайындайды.
Министрліктер мен басқа жоғары органдардың қаржы басқармаларының аппараты жиынтық қаржыны болжау (жоспарлау), кірістер мен шығыстардың жиынтық балансын бақылау жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырады, ведомствоға қарасты шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы бөлімдерінің жұмысын үйлестіреді.
Фирмаларда, компанияларда қаржылық жұмысты дербес құрылымдық бөлімше болып табылатын қаржы бөлімі жүзеге асырады. Шағын фирмаларда қаржы бөлімдері өткізім бөлімімен немесе бухгалтериямен (қаржы өткізім немесе бухгалтерлік қаржы бөлімдері) қоса атқарылуы мүмкін.
Қаржы жүйесінің бұл буынында рынок жағдайларында басқару қаржылық менеджмент деп аталады және шаруашылық жүргізуші субъектілердің кәсіпкерлік қызметі арқылы және соның шеңберінде әлеуметтік-экономикалық үдерістерді және ақша ағындарының қозғалысын басқарудың нысаны болып табылады. Кәсіпкерлік қызмет қауіп-қатерлі болып келеді және тауарларды өндіру мен сатудан, жұмыстарды орындаудан, қызметтер көрсетуден, мүлікті пайдаланудан табыс (пайда) алуға бағытталған.
Төменгі буындарда қаржылық менеджменттің объектілері мыналар болып табылады: жылжымайтын мүлік, мүліктік құқықтар, жұмыстар және қызметтер, ақпарат, зияткерлік (интеллектуалдық) қызметтің нәтижелері, материалдық емес игіліктер.
Қаржылық менеджмент уәждемелерге – адамдардың немесе ұжымдардың қажеттіліктері мен тиісті қылықтарын анықтайтын мақсаттарды іске асыру жөніндегі қызметке негізделеді. Уәждеме іскерлік белсенділікті, еңбек өнімділігі мен сапасын ынталандыру үдерісінде көрінеді.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы бөлімдері (службалары) кредиттік және есеп айырысу операцияларының (акцияның, векселдің, факторингтің және басқалардың) жаңа нысандарын пайдалана отырып, оперативті қаржылық жоспарлауды, қаржылық ресурстармен оңтайландыруды жүзеге асырады.
Шаруашылық серіктестіктерінде қаржыны басқаруды басқа функциялармен қатар, жоғарғы органдар – олардың қатысушыларының жалпы жиналысы (өкілдіктердің жиналысы), акционерлік қоғамдарда – акционерлердің жалпы жиналысы үйлестіріп отырады. Атқарушы орган – басқарма өзінің лауазымды адамдарының, соның ішінде қаржыны басқару жөніндегі лауазымды адамдардың құрамына мыналарды кіріктіреді: қаржы жөніндегі вице-президентті (басқарушының орынбасарын); ол серіктестіктің (қоғамның) тиісті бөлімшесіне – қаржы бөліміне, топқа, секторға жетекшілік етеді немесе оның бағынышындағы жеке қызметшілер – шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық қызметінің бағыттары жөніндегі қаржы менеджерлері жұмыс істейді.
Қаржы бөлімінің құрылымы (3.1 сызбаны қараңыз) әдетте болжамды-талдамалық, есеп-қисап, кінарат-талаптық, оперативтік-қаржылық жұмыстың бағыттарын кіріктіреді.Қаржы бөлімінің типтік құрылымы мыналарды кіріктіреді: жоспарлау-экономикалық бюросы (қаржылық-кредиттік жоспарлау, оперативтік жоспарлау мен бақылау, экономикалық талдау топтары); банк және кассалық операциялар бюросы (тапсырыс берушілермен есеп айырысу, сатып алушылармен есеп айырысу, кінәрат-талап топтары). Валюталық операцияларды жүзеге асыратын кәсіпорындарда валюталық топ құрылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет