ҚЎлпыбаев с



бет69/315
Дата16.09.2023
өлшемі3 Mb.
#108084
түріОқулық
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   315
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007

Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы ақшалай нысанда ұлғаймалы ұдайы өндіріс үдерісінің негізгі жақтарын білдіреді және экономикалық заңдардың талаптарына сәйкес оны жүзеге асыруға септігін тигізеді. Ол ұлттық шаруашылықты одан әрі дамытуға қажетті ақшалай табыстар мен қорланымдарды жасау, бөлу және пайдалану үшін қолданылады. Бұл даму ұлттық шаруашылықты басқару жүйесінің маңызды экономикалық тетігі, экономиканы қайта құрудың қуатты құралы болып табылатын шаруашылық жүргізуші субъектілердің берік әрі жақсы қалыптасқан қаржыларысыз мүмкін емес. Өндірістік қатынастардың бір бөлігі ретінде олар басқа өндірістік қатынастардың жиынтығында ұлттық шаруашылықты басқарудың төменгі буындарының шаруашылық қызметінің тиімділігіне тікелей әсер етеді.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы өзіне қоғамдық пайдалы қызметтің сан алуан сфераларында өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік, жабдықтау-өткізу (делдалдық), сауда, дайындау, геологиялық барлау, жоба­лау қызметін, халыққа тұрмыстық қызмет көрсету, байланыс, тұрғын үй-комму­налдық қызметтерін, түрлі қаржылық-кредиттік, сақтық, ғылыми, білім, меди­циналық, ақпараттық, маркетингтік және басқа қызметтерді жүзеге асыратын кәсіп­ор­ындардың, фирмалардың, қоғамдардың, концерндердің, ассоциациялардың, сала­лық министрліктер мен басқа шаруашылық органдарының, шаруашылық­аралық, салааралық, кооперативтік ұйымдардың, мекемелердің қаржыларын кіріктіреді.
Меншік нысандарының дамуы кәсіпорындардың жаңа тұрпаттарының пайда болуына әкелді: жекеше, кооперативтік (тауарлар, өнім өндіру, қызметтер көрсету жөніндегі), акционерлік, аралас, шет елдердің кәсіпорындарымен және фирмаларымен бірлескен кәсіпорындар. Мемлекеттік кәсіпорындарды шетелдік және отандық инвесторлардың басқаруына беру жолымен мемлекеттік меншікті пайдалану тәртібі өзгерді. Келесі саты мемлекеттік кәсіпорынды өтеуін төлеп алу, оны толық иеленуге көшіру және жекеше немесе бірлескен кәсіпорынға айналдыру болып табылады.
Экономикалық реформалар барысында пайда болған мемлекеттік меншікті республикалық, коммуналдық меншікке бөлу сонымен бірге мемлекеттік кәсіпорындардың, олардың бірлестіктерінің және коммерциялық негіздердегі бірлескен басқару органдарының – қоғамдардың, ассоциациялардың, консорциумдардың, концерндердің және т.б. көптеген нысандарыда да мүмкіндік туғызады. Коммерциялық есептің дамуы, өңірлердің өзін-өзі басқаруға, өзін-өзі қаржыландыруға көшуі бұл үдеріске мүмкіндік жасайды.
Ұлттық шаруашылықтың әрбір саласы қаржысының бұл саланың техникалық-экономикалық ерекшеліктерінен туындайтын елеулі айырмашылықтары бар. Бірақ сонымен бірге барлық салалардың қаржысының мәні мен оны ұйымдастырудың негізгі қағидаттары бірдей, бұл шаруашылық жүргізудің ортақ қағидаттарына және бірыңғай экономикалық заңдарға байланысты. Мұның бәрі олардың барлығын бастапқы буынға – шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысына біріктірудің мүмкіндігі мен қажеттігін алдын ала анықтайды.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының мәні және көрінісінің сыртқы нысандары болады. Мәні деп қаржыны ерекше құндық категория – қаржылық категория ретінде анықтайтын қаржының ішкі мазмұны ұғынылады.
Қаржының мәні мен көріну нысандары өзара байланысты. Бірақ олардың орнықтылық дәре­жесі бірдей емес. Қаржының көріну нысандары оның мәніне қарағанда анағұрлым жиі, жылдам өзгерімге ұшырайды. Мысалы, кәсіпорындардың мемлекеттік бюджетпен өзара қатынастарының нысандары бірнеше рет өзгерді және жетілдірілді: пайдадан төленетін көпарналы төлемдерден олар пайдаға салық салуға, одан кейін табыс салығына ауыстырылды; шаруашылықтық мұқтаждарды қаржыландыруға бюджеттен берілетін қаражаттардың кері қозғалысы негізінен өзін-өзі қаржыландыру әдісімен ауыстырылды; кәсіпорындар ішінде, оның бөлімшелері, әкімшілігі және жұмыскерлері арасында ақшалай қаражаттар қозғалысының нысандары өзгерді – бұл қатынастар баламалы сипатқа ие болады және коммерциялық негізге көшіріледі. Қаржылық ресурстардың құрылымында, қалыптасу әдістерінде және оларды пайдалану бағыттарында өзгерістер болуда. Сонымен бірге қаржының мәні де өзгеруде. Ол өндірістік қатынастармен ғана емес, сонымен бірге олардың даму деңгейімен, шаруашылық, әлеуметтік және мәдени құрылыста мемлекеттің ауқымдарымен және рөлімен алдын ала айқындалады. Қаржылық қатынастар – бұл ең алдымен, ұдайыөндірістік қатынастар. Өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну жүйесі өзгерістерге ұшырайды, бұл жүйені қайта құруда, өндіріс тиімділігін көтермелеуде бөлгіштік қатынастар мен қаржының рөлін күшейтуде тұрақты қажеттік болады. Қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың ұдайы өндірісінің, рыноктық қатынастардың дамуы үдерісінде кәсіпорындардың мемлекеттік бюджетпен және кредит жүйесімен қаржылық қатынастарының, шаруашылық механизмін жетілдірудің нысандары мен әдістері өзгеруінің ғылыми-техникалық прогресті тездетуде, дамудың белгіленген бағдарлама­ларын, экономикалық өсудің қарқындарын жүзеге асыруда және қоғамдық еңбек өнімділігін өсіру­де ұдайыөндірістік қатынастар мен қаржылардың ынталандырушы рөлін арттыру мақсаты болады.
Тұтас алғанда қаржының функциялары сияқты шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының функциялары туралы мәселе бойынша экономикалық әдебиеттерде бірыңғай пікір жоқ. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржыларын айқындайтын экономикалық қатынастар жүйесіне не кіреді? Біраз ғалымдар тауарларды сатып алу-сату, сонымен бірге шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық қатынастарына әсер ететін, бірақ өзі қатынастардың элементі болып қызмет етпейтін еңбекке ақшалай ақы төлеу кезінде пайда болатын ақшалай қатынастарды қаржыға жатқызуға болмайды деп санайды. Алайда ғалымдар қаржының ұдайыөндірістік тұжырымдамасының жақтаушылары аталған қаты­настарды қаржылық қатынастарға жатқызады, өйткені өндіру мен айырбастауда қаржылық қатынастардың барын мойындайды. Мәселен, айырбастау кезінде өнімді өткізуден алынатын табыс қалыптасады, одан шаруашылық жүргізуші субъект жеткізуші тұтыну және қорлану ресурстарын жасайды. Өткізу барысы жеткізілім келісімшарттарының талаптары сақталынбаған кезде қаржылық санкцияларды қолданумен, жеткізуші мен сатып алушының екі жаққа бірдей берешектің жасалуымен қабаттаса жүруі мүмкін. Еңбекке ақы төлеу, сыйлықақылар төлеу кезінде пайда болатын ақшалай қатынастар арнаулы қорларды: еңбекке ақы төлеу, тұтыну, айналым қаражаттары (аяқталмаған өндіріске жұмсалатын шығындар, кредиторлық берешек бөлігінде) қорларын жасаумен және жұмсаумен қоса жүреді. Ұдайыөндірістік тұжырымдаманың жақтаушылары қаржылық қатынастар ша-руашылық жүргізуші субъектілердің өндірістік қорларының толық айналымының барлық стадияларына қатысады деп санайды. Осыған байланысты шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы ұдайыөндірістік функция орындайды деп қорытынды жасауға болады. Оның мазмұны жай және ұлғаймалы ұдайы өндіріс кезінде материалдық және ақшалай қаражаттар арасындағы олардың толық айналымы үдерісіне сәйкестікті қамтамасыз етуде болады. Ол үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер өнім өндірудің және өткізудің жоспарлары, болжамдары және ниеттері, белгіленген экономикалық нормативтер негізінде уақыттың белгілі бір кезеңіне арналған кірістер мен шығыстардың көлемдерін әзірлейді; шығыстар қандай дәрежеде меншікті қаржылық ресурстар, бағалы қағаздар шығару, басқа ұйымдар мен өз жұмыскерлерінің уақытша тартылған қаражаттары, банк кредиттері есебінен, ерекше жағдайларда бюджеттен бөлінетін қаржы есебінен жабылу мүмкіндігі анықталады. Сөйтіп, шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің өнімдері, олардың капиталы – негізгі және айналым капиталы ұдайы өндіріледі. Қызметтер сферасында адамның тіршілік қызметінің аса маңызды әлеуметтік параметрлері – денсаулық, білім, мәдени және рухани құндылықтар ұдайы өндіріледі.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының бақылау функциясы кәсіпорын экономикасында маңызды рөл атқарады: есепсіз және бақылаусыз шаруашылық жүргізуге болмайды. Ақшамен бақылау тек шаруашылық жүргізуші субъектілердің ішінде ғана емес, сонымен бірге оның басқа субъектілермен, жоғарғы ұйымдармен және қаржы-кредит мекемелерімен өзара қарым-қатынастарында да жүзеге асырылады. Субъектілер арасындағы өзара қатынастарда бақылау жеткізілім тауарларға, көрсетілген қызметтерге және орындалған жұмыстарға ақы төлеу кезінде болады. Қаржы-кредит органдарымен өзара іс-әрекет кезінде бақылау бюджет алдындағы міндеттемелердің орындалуы кезінде, банк кредиттерін алған және қайтарған кезде жүзеге асырылады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің экономикалық қызметі сферасындағы өндірістік қатынастардың айрықшалықты өзіндік ерекшеліктері, таза қаржылық қатынастардың басқа ақшалай қатынастармен матасуы, өндірістік қорлардың толық айналымымен олардың аса тығыз байланысы, бірқатар ғалымдардың пікірлері бойынша, кәсіпорындар мен салалар қаржысы жалпы белгілерге қарағанда, жалпымемлекеттік қаржыдан елеулі айырмашылығы бар қаржы жүйесінің буыны болып табылады дегенге жеткізеді. Олардың пікірлері бойынша, егер бұл буынға кәсіпорынның ақшалай қатынастарының бүкіл жиынтығын кіріктірсе, онда дербес экономикалық категорияның – кәсіпорындар мен ұйымдардың ақшалай шаруашылығы* бар екені туралы мәселені қоюға болады.
Қаржылық қатынастардың құрамында шаруашылық жүргізуші субъектілер­дің ақшалай қатынастарының мынадай ірілендірілген топтарын бөліп көрсетуге болады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет