ҚЎлпыбаев с


Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық



бет82/315
Дата16.09.2023
өлшемі3 Mb.
#108084
түріОқулық
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   315
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық
қызметі нәтижелерінің қалыптасу
СЫЗБАСЫ

1. Жалпы айналым (компанияның, фирманың) немесе сату құны.


2. Өнімді (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түсетін табыс = жалпы айналым – (минус) қосылған құн салығы, акциздер, басқа салықтар мен міндеттемелер, қайтарылған тауарлардың, сатылымдар мен баға шегерімдерінің құны.
3. Өнімнің өзіндік құны, яғни компанияның, фирманың тура шығындарының: амор­тизациялық аударымдардың, материалдар шығыстарының, энергияның, өндіріс жұмысшылары жалақысының құны.
4. Жалпы пайда= өнімді (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түсетін пайда – (минус) өнімнің өзіндік құны.
5. Қаржыландырудан түсетін табыстар (пайыздар, роялти, дивидендтер).
6. Басқадай шығыстар.______________________________________________
* Тоқтатылған қызмет не шығып қалған, не сату үшін арналған ретінде сыныпталған субъектінің компоненті болып табылады.

7. Өнімді сату және қызметтер көрсету шығыстары.


8. Әкімшілік шығыстар.
9. Қаржыландыру шығыстары (алынған кредиттер, мүлікті жалдау үшін пайыздар бойынша шығыстар).
10. Басқадай шығыстар.
11. Үлестік қатысу әдісі бойынша есепке алынатын ұйымдар пайдасының үлесі.
12. Жалғастырылған қызметтен алынған кезеңдегі пайда (зиян) = жалпы пайда + қаржыландырудан түсетін табыстар + басқадай табыстар – өнімді сату және қызметтер көрсету шығыстары – әкімшілік шығыстары – қаржыландыру шығыстары – басқадай шығыстар + (-) үлестік қатысу әдісі бойынша есепке алынатын ұйымдардың пайдасы (зиян).
13. Тоқтатылған қызметтен алынған табыс (зиян).
14. Салық салынғанға дейінгі табыс (зиян) = жалғастырылған қызметтен алынған кезеңдегі пайда (зиян) – тоқтатылған қызметтен алынған пайда (зиян).
15. Корпоративтік табыс салығы бойынша шығыстар.
16. Кезеңдегі жиындық пайда (зиян) (азшылық үлесін шегергенге дейін) = салық салынғанға дейінгі табыс (зиян) – корпоративтік табыс салығы бойынша шығыстар.
17. Азшылық* үлес.
18. Кезеңнің жиындық пайдасы (шығын) = кезеңнің жиындық пайдасы (зиян) – азшылық үлесі.
Пайданы бөлу оның бір бөлігін мемлекеттік бюджетке немесе мемлекеттік бюджеттен тыс қорларға заңнамалық түрде белгіленген үлесте, қолданыстағы салықтар мен басқа міндетті төлемдерге қарай бірінші кезекте аударуға саяды.
Табысты бөлу салық салудың заңнамамен белгіленген сызбаларына байланысты болады.
Басында әр түрлі негіздемелер бойынша баланстық табысты көбейтуге*5 немесе азайтуға түзету жүргізіледі:
табыстардың немесе пайданың бөлек басқа мөлшерлемелері бойынша (дивидендтер, пайыздар және т.б.) салық салынатын сомасы шығарылады (алып тасталады);
жергілікті бюджеттерге төленген салықтар мен алымдар шығарылады;
резервтерге және сақтық қорларға аударылған аударымдар есепке алынады.
Әр түрлі нұсқаларды баланстық табыстан басым мақсаттарға (өндірісті ғылыми-техникалық жетілдіру, күрделі қаржылар, әлеуметтік және табиғат қорғау шаралары, сауықтыру және қайырымдылық қорлары, мәдени және табиғи мұраларды қалпына келтіру және т.б.) пайда есебінен жұмсалатын шығындар толық көлемде немесе бекітілген нормативтер шектерінде шығарылады.
Жүргізілген түзетуден кейін салық салынатын пайда алынады, оған шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің әр түрлі жақтарын ынталандыру үшін жеңілдіктер белгіленуі мүмкін. Пайданың бір бөлігі мемлекеттік бюджетке алынады, қалған бөлігі шаруашылық жүргізуші субъектілердің қарамағына түседі және таза пайда (салықтарды төлегеннен кейінгі табыс пайда деп аталады. Оны бөлу тәртібі шаруашылық жүргізуші субъектілердің ұйымдық-құқықтық нысандарына байланысты болады және меншік иесі, құрылтайшы, кәсіпорын жарғысы бекіткен нормативтер бойынша немесе жасалынған қаржы жоспарына сәйкес белгіленуі мүмкін. Пайданың бұл бөлігі басқарудың жоғарғы органының орталықтандырылған қорларын қалыптастыруға, бағалы қағаздар бойынша оларды ұстаушыларға дивидендтер мен пайыздар төлеуге, бірлескен шараларды (мысалы, табиғат қорғау) қаржыландыруға, қайырымдылық мақсаттарына бағытталуы мүмкін.
Таза пайда есебінен шаруашылық жүргізуші субъектілер өндірісті дамытуға қаражаттарды толықтырады, ұжымның әлеуметтік қажеттіліктеріне, жұмыскерлерді материалдық көтермелеуге жұмсалады.
Пайданы бөлуге шаруашылық жүргізуші субъектілердің құқық­тары кең, тек резервтік қордың мөлшері ғана заңнамалық шектеуге тартылады.
Табысты бөлудің тәртібі салық салудың қолданылып жүрген сызбасына байланысты белгіленеді. Мәселен, Қазақстан Республикасында жиынтық жылдық табыс және еңбекке ақы төлеу шығындарын қамтитын заңмен белгіленген шегерімдер бойынша сызба қабылданған («Корпоративтік табыс салығын» қараңыз).
Басқа сызбаларда бұл шығындар жалпы табысқа кіріктіріледі және оның құрамында салық салуға жатады. Салықтарды төлегеннен кейінгі табыс, бұл нұсқада еңбекке ақы төлеуге және шаруашылық жүргізуші субъектінің өндірістік және әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыруға бөлінеді.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижелері жеке көрсеткіштер бойынша тиісті есепте – пайдалар мен зияндар туралы есепте бейнелеп көрсетіледі. Бұдан басқа, ақшалай қаражаттардың қозғалысы туралы есеп жасалады, онда бұл қозғалыс үш бағыт бойынша көрсетіледі:
операциялық қызметтен (шаруашылық жүргізуші субъектінің негізгі қызметін сипаттайтын);
инвестициялық қызметтен (ұзақ мерзімді активтердің құрамы мен мөлшеріндегі өзгерістерді тудыратын);
қаржылық қызметтен (меншікті капитал мен қарыздық қаражаттардың құрамы мен мөлшеріндегі өзгерістерді тудыратын).
Бағыттардың әрқайсысы бойынша ақшалай түсімдердің нақтылы түрлері, тиісті қызметтің нәтижелерінде олардың шығып қалуы мен көбеюуі немесе азаюы көрсетіледі. Қаражаттардың құрамы, олардың көздері және белгілі бір күнге орналастырылуы туралы мәліметтер бухгалтерлік баланста келтіріледі.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық есептемесі сондай-ақ бухгалтерлік балансты, меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есепті, есепке алу саясаты туралы ақпаратты және түсініктемелік жазбашаны кіріктіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет