БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
1. Коммерциялық шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын ұйымдастырудың негізгі қағидаттарын атап шығыңдар.
2. Шаруашылық жүргізуші субъектілерде қандай қаржылық қорлар қалыптасады?
3. Негізгі өндірістік қорлар (капитал) дегеніміз не және олардың толық айналымы қалай жасалады?
4. Айналым өндірістік қорлары және айналыс қорлары дегеніміз не?
5. Өндірістік капиталдарды қалыптастырудың және олардың өсімінің көздері қандай?
6. Шаруашылық жүргізуші субъектінің пайдасы қалай қалыптасады және қалай бөлінеді?
7. Өнім өткізуден түсетін табыс (түсім-ақша) құнның қандай элементтерін кіріктіреді?
8. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің шығындары дегеніміз не және олар қалай сыныпталады?
9. Компаниялардың, фирмалардың қаржылық менеджменті дегеніміз не?
10. Қаржыны басқару мен қаржылық менеджменттің ерекшекліктері неде?
11. Қаржылық менеджментте қандай әдістер мен тәсілдер пайдаланылады?
12. «Ақша ағыны» ұғымы нені білдіреді?
9-тарау. Коммерциялық емес ұйымдар
мен мекемелердің қаржысы
9.1. Коммерциялық емес ұйымдар
мен мекемелер қаржысының
мазмұны және оны ұйымдастыру
Коммерциялық емес қызмет қызметтер сферасының көптеген салаларын кіріктіреді, оның құрамында материалдық өндіріске тән қамтамасыз ететін құрылымдар жұмыс істеуі мүмкін. Сонымен бірге өндірістік емес сферада коммерциялық негізде жұмыс істейтін тұрғын үй-коммуналдық және тұрмыстық қызмет көрсету, сақтандыру, банк және басқа кәсіпорындарымен (ұйымдарымен) қатар, коммерциялық емес қызмет жүргізетін ұйымдардың үлкен бөлігі жұмыс істейді.
Кіріс түсіру негізгі мақсаты болып табылмайтын және алынған таза табысты қатысушылар арасында бөлмейтін заңи тұлға коммерциялық емес ұйым деп
танылады.
Коммерциялық емес ұйымдар туралы Қазақстан Республикасының заңына сәйкес коммерциялық емес ұйымдар әлеуметтік, мәдени, ғылыми, білім беру, қайырымдылық, басқару мақсаттарына қол жеткізу; азаматтардың және ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау, даулар мен жанжалдарды шешу, азаматтардың рухани және өзге кажеттіліктерін қанағаттандыру; азаматтардың денсаулығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау, дене шынықтыру мен спортты дамыту, заң көмегін көрсету үшін, сондай-ақ қоғамдық игіліктерді және өз мүшелерінің (қатысушыларының) игіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған басқа да мақсаттарда құрылуы мүмкін.
Коммерциялық емес ұйымдар қызметінің мақсаттары кұрылтай құжаттарымен айқындалады.
Коммерциялық емес ұйымдар мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғам, тұтыну кооперативі, қор, діни бірлестік, қауымдастық (одақ) нысанындағы заңи тұлғалардың бірлестігі нысанында және заңнамалық актілерде көзделген өзге нысанда құрылуы мүмкін. Бүл ұйымдар қызметінің мақсаты пайда немесе табыс табу емес, керісінше жеке меншік сектор жасағысы келмейтін немесе қамтамасыз ете алмайтын қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру болып табылады. Бұдан басқа стратегиялық қоғамдық дамудың қажеттілігі бойынша қызметтің белгілі бір түрін орталықтандырылған тәртіппен мемлекетте шоғырландыру қажет болады.
Коммерциялық емес қызмет негізінен қоғамдық тауарлар, игіліктер мен қызметтерді өндіру және олармен қамтамасыз етудің қажеттігімен айқындалады, олардың мазмұны 10.1 параграфта баяндалған. Қоғамдық тауарлардын белгілі бір түрлерін өндіруді едәуір ауыс пайдасымен байланысты мемлекет өзіне алады.
Қызметтің коммерциялық емес түрлері (мемлекеттік секторды шығара отырып) жөнге келтірілген рыноктық экономикасы бар елдерде айтарлықтай дамып отыр. Кітапханаларды, мұражайларды, ауруханаларды, оқу орындарын, театрларды, әр түрлі қайырымдылық қорларды, кәсіби бірлестіктерді ұйымдастырудың коммерциялық емес нысаны жекеше бастаманы қоғамдық-пайдалы қызметпен үйлестіруге мүмкіндік береді. Бұл тәрізді даму қоғамдық игіліктерді өндірушілер пайдаланатын салық жеңілдіктерімен ғана түсіндірілмейді. Жеңілдік беру кезінде мемлекет әр түрлі ұйымдарды саралайды, мұндағы басты критерий – көрсетілетін қызметтердің қоғамдық пайдалылығының дәрежесі. Мемлекет сонымен бірге халыққа қызмет көрсететін белгілі бір ұйымдарды қаражаттандырады.
Коммерциялық емес ұйымдар арқылы қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру жөніндегі мемлекеттің іс-қимылы халыққа қызмет көрсету жөніндегі олардың үлкен икемділігімен және жеделдігімен түсіндіріледі. Қызметтің коммерциялық емес түрлерінен алатын пайданы немесе табысты пайдаланудың каржылық механизмі, мысалы, АҚШ-та олардың ұйым мүшелерінің, не ұйымды бақылауға қатысты тұлғалар арасында бөлінбейтінін анықтайды. Пайда немесе табыс не ұйымның дамуына, не олардың қызметін пайдаланатын тұлғаларға (аурулар, оқушылар, қажетсінетін азаматтар және т.б.) бағытталады.
Қазақстан Республикасының заңнамалық практикасы басқаша іс-әрекет етеді: мұнда кәсіпкерлік қызметтен алынған кез келген табысқа, салық салудың өзге объектілеріне (айналымдар, тауарлар, мүлік және т.б. сияқты) салық салынады. Коммерциялык емес ұйымның сыйақы, грант, кіру және мүшелік жарналар, қайырымдылық көмек, өтеусіз берілген мүлік, өтеусіз негіздегі аударымдар мен қайырымдылық түрінде алған табысы салық салуға жатпайды.
Қазақстанда «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы» заңға сәйкес үкіметтік емес ұйымдар мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру кезінде мемлекеттік органдар өз құзыры шегінде оларға ақпараттық, консультациялық, әдістемелік, ұйымдық-техникалық колдау көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |