ҚЎлпыбаев с


Мемлекет қаржысының ұғымы



бет96/315
Дата16.09.2023
өлшемі3 Mb.
#108084
түріОқулық
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   315
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007

10.3. Мемлекет қаржысының ұғымы
және құрамы


Мемлекеттің қаржысы мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, саяси функция­ларын орындау үшін оны қажетті ақшалай ресурстармен қамтамасыз ететін елдің қаржы жүйесінің маңызды сферасы болып табылады және олар экономика мен социумдағы*12 сан алуан өзара байланыстарды қамтитын мемлекеттік сектордың өндірістік және әлеуметтік қатынастардағы іс-қимылымен байланысты.
Экономикалық мәні жағынан мемлекеттің қаржысы мемлекеттің, оның кәсіпорындарының қаржылық ресурстарын қалыптастырып, алынған қаражат­тарды мемлекет пен оның кәсіпорындарының функцияларын орындауға пайдалану үшін қоғамдық өнімнің құны мен ұлттық байлықтың бір бөлігін жасаумен, бөлумен және қайта бөлумен байланысты болатын ақшалай қатынастарды білдіреді.
Мемлекет (өзінің билік пен басқару органдары арқылы), бір жағынан, және кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер, азаматтар, басқа жағынан, бұл сферадағы ақшалай қатынастардың субъектілері болып табылады.
Ішкі ұлттық өнімнің өсуімен салыстырғанда мемлекеттің шығыстары көлемінің озыңқы қарқынмен өсуі мемлекеттің қаржыларына тән сипат болып табылады. Бұл құбылыс ХІХ ғасырдағы неміс экономисі Вагнердің заңы «Өспелі мемлекеттік белсенділік заңы» ретінде белгілі. Бұл заңға сәйкес өнеркәсіп саласы дамыған елдерде мемлекеттің шығындары өндіріс көлеміне қарағанда жылдамырақ өсуі тиіс. А. Вагнер мемлекеттік белсенділіктің өсуін үш фактормен байланыстырады:
1) экономика дамуының нәтижесінде экономикалық өмірдің күрделенуімен және еңбек бөлінісінің тереңдеуімен; бұл мемлекет тарапынан тиімді және ұтымды экономиканы, құқық тәртібін, заң қызметтерін кеңейтуді қолдаудың қажеттігіне жеткізеді;
2) техника мен технология дамуы капиталдың үлкен мөлшеріне қажеттілікті қажет етеді, бұл капиталды майда фирмалардың алдында артықшылықтары бар акционерлік компаниялар немесе мемлекеттік корпорациялар қамтамасыз ете алады; мемлекет монополиялардың қызметін реттеу үшін техникалық шарттар бойынша олар құрылатын өндірістерге қатысуы тиіс;
3) көрсетілетін қызметтерден болатын пайда экономикалық бағалауға төзбейтін білім беру және денсаулық сақтау сфераларында мемлекет белсенділікті күшейтеді.
Сөйтіп, Вагнердің заңы рыноктық шаруашылықтың белгілі бір шектеулілігін және экономикалық үдерістерді мемлекеттік реттеудің қажеттігін дәлел-дейді.
Мемлекет қаржысы үшін көп дәрежеде бөлгіштік тұжырымдаманың іс-әре­кеті қолайлы, сондықтан ол бөлгіштік және бақылау функцияларын орындайды.
Сонымен бірге экономиканың мемлекеттік секторында нақтылы өндіріспен байланысты (мемлекеттік кәсіпорындар, ұлттық холдингтер мен компаниялар) қаржылық қатынастар әрекеті жағдайларында мемлекет қаржысының ұдайыөндірістік функциясы іс-әрекет етеді. Жалпы кеңейтілген түсінікте бұл буын қоғамдық ұдайы өндіріске оның «адамның өсіп-өнуіне», оның материалдық, әлеуметтік, табиғи және моралдық игіліктеріне жәрдемдесу бөлігіне жұмыс істейді. Бұл мағынада қаржыда ұдайы өндірістік функцияның ғаламдық әрекеті және жарым-жартылай бөлгіштік туралы айтуға болады.
Алайда бөлгіштік функциядағы мемлекеттің қаржысын неғұрлым толық сипаттау үшін мемлекеттің реттеуші іс-қимылдарының қажеттігінен туындайтын (10.1 параграфтағы 3,4,5 тармақтар) құрамдас қосалқы функцияларды бөліп көрсеткен жөн; бұл: 1) орналастыру; 2) қайта бөлгіштік; 3) тұрақтандыру қосалқы функциялары.
Орналастыру қосалқы функциясы қоғамдық тауарлар, игіліктер және қыз­меттер көрсету рыноктық жүйе арқылы қамтамасыз етілуі мүмкін еместігінде, мемлекеттің оларды өндіру және халықты қамтамасыз ету үшін ресурстарды бөл­уі және орналастыруы қажет екендігінде көрінеді. Мәселе шектеулі экономика­лық ресурстарды «жекеше» және «қоғамдық» тауарлар арасында оңтайлы бөлуде жә­не олардың құрылымы мен мөлшерін таңдауда болып отыр. Қоғамдық тауарлар­дың ресурстары көбінесе салықтардың есебінен қалыптасатындықтан, жекеше, рыноктық тауарларды өндірудің мүмкіндіктері шектелінеді, оңтайландыру проб-лемалары фискалдық саясат үшін қиын болып көрінуі мүмкін.
Түрлі фискалдық құралдар арасында қайта бөлгіштік қосалқы функция көбінесе тікелей мыналар арқылы орындалады:
1) табысы төмен үй шаруашылығын қаражаттандыруды жоғары табыстарға үдемелі салық салумен үйлестіретін салықтық трансферттік тәсім арқылы;
2) баламалы түрде қайта бөлу жалдаушылардан төмен табыс болатын тұрғын үй сықылды қоғамдық шаруашылықты қаржыландыру үшін пайдаланылатын прогрессивті салықтар арқылы орындалуы мүмкін;
3) ақырында, қайта бөлуге табысы төмен тұтынушылар пайдаланатын басқа тауарларды қаражаттандыруды көбінесе жоғары табысты тұтынушылар сатып алатын тауарларға салынатын салықтармен үйлестіру арқылы жету мүмкін.
Саясаттың баламалы құралдарын таңдауда тұтынушылардың немесе өнді­рушілердің таңдауға араласуы болғанда көтерілетін толық нәтижеленетін ысыраптар немесе тиімділік шығындары есепке алынуы тиіс. Салықтық-трансферттік механизм арқылы қайта бөлудің жеке тұтыну немесе өндірістік таңдауға кедергі жасамайтын артықшылығы болады. Алайда тіпті бұл механизм де «тиімділік шығындарысыз» емес, сондықтан жанжалды теңдік пен тиімді мақсаттарды теңгеруді табу қажет. Жүргізілетін оңтайлы саясат мүдделердің екеуіне қолданылуы тиіс.
Тұрақтандырудың қосалқы жүйесінің іс-әрекеті сыртқы сауда мен төлем балансының жай-күйінің нәтижелерін ескере отырып, жоғары жұмыспен қамтуға, бағаны тұрақтандыру мен экономикалық өсудің қолайлы дәрежесін қамтамасыз етуге саяды. Сонымен бірге мемлекеттік бюджеттің шығыстары және салық салудағы өзгерістер бойынша қатаң не шектеулі шараларды қолдана отырып, мемлекет жиынтық сұранымға ықпал жасайды. Осыған байланысты бұл қосалқы функция қаржының ұдайыөндірістік функциясына барып тіреледі және мемлекет жұмылдырған қаржылық ресурстарды ұлғаймалы ұдайы өндіріске инвестициялау мақсатына бағыттау кезінде оған түрленуі мүмкін.
Мемлекеттің қаржысы бұл буынға имманенттік түрде тән ретінде бұрын баяндалған түсініктердегі бақылау функциясын орындайды (1.5 параграфты қараңыз).
Мемлекет қаржысының экономикалық мазмұны бірыңғай емес: оның құрамында жеке оқшауланған буындар бөлінеді, олардың әрқайсысы өзгеше функцияларды орындайды.
Мемлекеттің қаржысы республикалық және жергілікті деңгейлерде іс-әрекет етеді және мемлекеттік бюджетті, бюджеттен тыс қорларды, мемлекеттік кредитті, мемлекеттік және муниципалдық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржыларын кіріктіреді. Аталған буындардың түрлі функциялық арналымының арқасында мемлекет экономикалық, әлеуметтік, саяси үдерістердің үлкен спектріне, салалық және аумақтық проблемаларды шешуге ықпал етеді. Экономикалық және әлеуметтік сфераға мемлекеттік басшылықтың деңгейіне қарай мемлекеттің қаржысы жалпымемлекеттік (республикалық, федералдық, үкіметтік) және жергілікті (муниципалдық) қаржылар болып бөлінеді.
Функциялық арналымы бойынша мұндай сан алуан қаржылық байланыстар­дың арқасында мемлекет аумақтық, сондай-ақ салалық аспектілерде көптеген экономикалық және әлеуметтік үдерістерге ықпал жасай алады.
Егер қаржылық қатынастарды топтастыру кезінде мемлекеттің экономика мен әлеуметтік үдерістерге басшылық жасау деңгейіне сүйенетін болсақ, онда Қазақстан Республикасындағы мемлекет қаржысының құрылымын шамамен мынадай түрде көрсетуге болады (10.5 сызба).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет