ҚЎлпыбаев с


сызба. Қазақстанның мемлекет қаржысының құрамы



бет97/315
Дата16.09.2023
өлшемі3 Mb.
#108084
түріОқулық
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   315
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007

10.5 сызба. Қазақстанның мемлекет қаржысының құрамы



Мемлекет қаржысының құрамында республикалық және жергілікті деңгейлерде қалыптасатын бюджеттік қатынастар маңызды рөл атқарады. Бюджеттік өзара байланыстар көмегімен мемлекеттік құрылымдардың қара­мағына қаржылық әдіспен қайта бөлінетін ұлттық табыстың едәуір бөлігі жұмылдырылады. Түрлі деңгейдің бюджеттері – республикалық, жергілікті бюджеттер тиісінше өкімет пен басқарудың республикалық және жергілікті органдары үшін тірліктің қаржы базасы болып табылады.
Қазақстан Республикасы аумағында жалпы функцияларды орындау үшін республикалық (орталық) бюджет қалыптастырылады. Оның ресурстары мемлекеттік мақсатты кешенді бағдарламаларды қаржыландыруға, республикалық функцияларды орындауға, сондай-ақ қарулы күштер мен басқару органдарын ұстауға байланысты мемлекеттің шығыстарын қамтамасыз етуге арналған.
Бюджеттік қатынастар жүйесінде жергілікті бюджеттерге маңызды орын беріледі. Жергілікті бюджеттер көбінесе экономикалық үдерістерді реттеу үшін пайдаланылады, өндіргіш күштерді орналастыруға ықпал етеді, жергілікті кәсіпорындар шығаратын өнімінің бәсекелестік қабілетін арттыруға, аумақтық инфрақұрылымды жасауға, еңбек ресурстарының ұдайы өсуі жөніндегі шығындарды қаржыландыруға жәрдемдеседі. Жергілікті бюджеттер әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруда зор рөл атқарады.
Бюджеттен тыс қорлардың* 13 арналымы – арнаулы мақсатты аударымдар мен басқа көздер есебінен жеке нысаналы шараларды қаржыландыру. Бюджеттерде қаражаттар иесізденеді, ал бюджеттен тыс қорлардың құқықтық мәртебесі қаражаттарды қатаң мақсатты арналым бойынша пайдалануға мүмкіндік береді. Қорлардың дербестігі (автономдығы) өкілетті және атқарушы органдардың қатысуысыз дербес басқаруды қажет етеді, мұның өзі бюджеттен тыс қорлардың қаражаттарын неғұрлым жедел пайдалануға мүмкіндік береді.
Мемлекеттік кредиттің мазмұнын құрайтын ақшалай қатынастар мемлекет қаржысының өзгеше бөлігі болып табылады. Мемлекеттік кредиттік қатынастар кәсіпорындардың, ұйымдар мен халықтың уақытша бос ақшасын жұмылдыруға және оларды мемлекеттің шығыстарын қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін билік органдарына уақытша беруге байланысты пайда болады.
Заңи және жеке тұлғалардың уақытша бос ақшаларын мемлекеттің жұмыл­дыруы қаржы рыногында облигацияларды, қазынашылық міндеттемелерді және мемлекеттік бағалы қағаздардың басқа түрлерін сату арқылы жүзеге асады. Халықаралық кредитте қарым-қатынастарға шетелдік мемлекеттер, олардың компаниялары, фирмалар, сонымен қатар халықаралық және мемлекетаралық қаржы мекемелері кіріседі.
Мемлекеттік сектордың жұмыс істеуі мемлекеттік меншіктің болуына негізделген. Меншікті жіктеу тұрғысынан мемлекеттік заңи ұйымдардың мүлкі және мемлекеттік қазына болып ажыратылады.
Мемлекеттік заңи тұлғалардың мүлкі заңмен бөлектелген және мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдар қаржысының жұмыс істеуінің негізін құрайды. Олардың қызметінің ерекшеліктері «Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы» бөлімінде баяндалған, өйткені мемлекеттік сектор кәсіпорындарының өзіндік қаржы жүйесінің бұл буынының барлық субъектілері үшін ұқсас және басқарудың біртұтас қағидаттарына бағынады.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінде «мемлекеттік қазына» ұғымы бөліп көрсетіледі.
Мемлекеттік қазына республикалық және жергілікті қазына болып бөлінеді. Республикалық қазына мыналарды кіріктіреді:
1) республикалық бюджеттің қаражаттары;
2) мемлекеттің алтын-валюталық қаражаттары;
3) мемлекеттік меншіктің айрықша құқығының мүлкі (жер, оның қойнауы, өсімдік және жануар әлемі, басқа табиғат ресурстары);
4) республикалық меншікке жататын оқшауландырылмаған мүлік. Мүлік иесі талап етпеген иесіз мүлік, тәркіленген, мұралану құқығы бойынша мемлекетке берілген өлген адамнан қалған мүлік (иесіз мүлік), мемлекетке – қазынаға өткізуге немесе беруге жататын көмбелер, олжалар қазыналық бола бастайды.
Жергілікті қазына мыналарды кіріктіреді:
1) жергілікті бюджеттің қаражаттары;
2) коммуналдық меншікке жататын оқшауландырылмаған мүлік.
Меншікті пайдаланудың ұқсас сан алуан нысандары мемлекетке икемді және атаулы экономикалық және қаржылық саясатты жүргізуге, экономикалық және әлеуметтік үдерістерге, оларды керекті арнаға бағыттай отырып, ықпал етудің қаржылық механизмін белсенді қолдануға мүмкіндік береді. Сонымен бірге үкіметтің экономикалық функцияларын орындаудың, қоғамның өмір сүруінің әр кезеңінде оның мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асырудың негіздері ретінде «мемлекеттің қаржысы» категориясының рөлі мен маңызы білінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет