ҚЎлпыбаев с



бет161/315
Дата16.09.2023
өлшемі3 Mb.
#108084
түріОқулық
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   315
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007

Тапшылықты қаржыландыру – оны жабу үшін қосымша ақшалай қаражаттарды іздестіру.
Бюджет тапшылығын қаржыландырудың жолдары:
1. Ақша белгілерін шығару. Бұл жол теріс әлуметтік-экономикалық салдарлары болатын инфляцияға жеткізеді. Өз кезегінде ақша эмиссиясы айналысқа ақша белгілерін тікелей шығаруда да, жанама түрде мемлекеттік бағалы қағаздар шығару және оларды коммерциялық банктерге өткізу арқылы да тұлғалануы мүмкін, коммерциялық банктер өзінің резервтерін көбейтеді және банктік мультипликатордың арқасында айналыстағы ақшаның санын көбейтеді.
2. Мемлекеттік қарыздар. Бұл жағдайда қаржыландыруға бос ақшалай қаражаттары бар компаниялар, банктер және т.б. қатысады.
3. Шетелдік қарыздар. Оларды Бүкіләлемдік валюта қоры, басқа халықара­лық қаржы ұйымдары, үкіметтер, банктер береді.
4. Ұлттық байлықты пайдалану. Бұл ретте мемлекет басқа субъектілерге өзінің активтерін сатады.
Мемлекет жүргізетін қаржылық (фискалдық) саясаттың тұрпатына қарай бюджет тапшылықтарының сыныптамасын бірқатар америкалық экономистер (Р. Кэмбелл, Макконелл, Стенли Л. Брю, Э.Дж.Доллон, С. Фишер, Р. Домбуш және басқалары) ұсынған болатын.
Бюджет тапшылығының өзінің сапасы әр түрлі болуы мүмкін және оны пайда болуының саналуан себептеріне қарай сыныптайды.
Елдің бюджет құрылысына қарай республикалық (өңірлік) және жергілікті бюджеттердің тапшылықтарын ажыратады. Биліктің жергілікті органдары үшін бұл проблеманың маңызы зор, өйткені орталық үкіметке қарағанда оны шешу үшін олардың қаржылық ресурстары шектеулі болады.
Бюджет тапшылығының пайда болу себептері заңды түрде төтенше тапшылықты, дағдарысқа қарсы тапшылықты, дағдарыстан кейінгі тапшылықты бөліп көрсетуге мүмкіндік береді.
Тапшылықтың бірінші түрінің негізінде төтенше жағдайлар (соғыстар, дүлей апаттар және т.б.) жатыр, олардан сақтану қиын әрі мүмкін емес. Бұл жағдайда мемлекеттің кәдуілгі резервтері келтірілген зиянның салдарларын жоюға жетпейді, сондықтан ерекше көздерге жүгіруге тура келеді.
Дағдарысқа қарсы тапшылық экономика дамуына ірі мемлекеттік жұмсалымдарды жүзеге асыру қажеттігімен байланысты, ол экономиканы мемлекеттік реттеу үдерістерін, қоғамдық өндіріс құрылымында прогресті байланыстарды қамтамасыз етуге ұмтылысты бейнелеп көрсетеді.
Дағдарыстан кейінгі тапшылық экономикадағы дағдарыстық құрылымдарды, олардың қаржылық жағдайатты күйреуін, қаржы-кредиттік байланыстардың тиімсіздігін, елдегі қаржылық жағдаятты бақылап ұстап тұруға үкіметтің қабілетсіздігін бейнелеп көрсетеді.
Бірінші, сондай-ақ екінші жағдайда да бюджет тапшылығын ең алдымен дағдарыс және экономикадағы оның салдарлары тудырып отыр. Бұдан ынталандырушы және ынталандырмайтын маңызы бар тапшылықтарды бөліп көрсетуге болады.
Тапшылықтың экономикалық мазмұны мен ықпал ету бағытына қарай активті және пассивті бюджет тапшылықтары болып бөлінеді. Активті тапшылық қаржылық параметрлерді (салық салудың, шығыстардың жекелеген түрлерінің мөлшері) мемлекеттік жедел оңтайландыру нәтижесінде пайда болады. Дж. Кейнс теориясына сәйкес тапшылықтың бұл түрі ұлттық табыстың өсуіне мүмкіндік туғызады. Пассивті тапшылық ұлттық табыстың ІЖӨ-нің өсу қарқынының қысқаруы нәтижесінде пайда болады, ал бұл бюджеттің кіріс базасы негізінің – салықтық түсімдердің құлдырауына жеткізеді.
Экономикалық теорияда құрылымдық және циклдық бюджет тапшылығын ажыратады. Тап экономиканың жай-күйі құрылымдық және циклдік тапшылықтардың деңгейін анықтайды.
Пайда болу сипаты бойынша бюджеттің кездейсоқтық (кассалық) және ақиқаттық (бюджет) тапшылығын бөліп көрсетуге болады. Бюджеттің кездейсоқ тапшылығы, басқаша кассалық деп аталатын қаражаттардың түсімдері мен жұмсалымдағы кассалық (уақытша) алшақтықтан пайда болады. Әдеттегідей, кассалық тапшылықтарға кірістің бір көзіне жоғары тәуелдігі немесе түсімдер көздерінің маусымдық сипаты бар (мысалы, жер салығынан, жеке адамдардың мүлкіне салынатын салықтан және бірқатар басқа салықтар мен алымдардан түсетін түсімдер) бюджеттер ұшырайды. Мұндай бюджеттерге әдеттегідей жергілікті бюджеттер жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет