ҚЎлпыбаев с



бет163/315
Дата16.09.2023
өлшемі3 Mb.
#108084
түріОқулық
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   315
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007

14.7. Бюджеттік үдеріс

Бюджеттік қаражаттарды тиімді басқару тікелей бюджеттік үдеріспен байланысты.


Бюджеттік үдеріс – Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен бюджетті жоспарлау, қарау, бекіту, атқару, нақтылау және түзету, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептемені бюджеттік есеп пен бюджеттік есептемені жүргізу, мемлекеттік қаржылық бақылау, бюджеттік мониторинг және нәтижелерді бағалау бойынша регламенттелген мемлекеттік органдардың қызметі. Бюджеттік үдерістің барлық стадиялары өзара байланысты және қоғамның экономикалық үдерістерін ғана емес, сонымен бірге саяси өмірінің тікелей бейнеленуі болып табылады.
Бюджеттерді жоспарлау, атқару, бюджеттің атқарылуы туралы есепті жасау атқарушы билік органдарының функциялары, қарау және бекіту Парламент пен жергілікті өкілетті органдардың функциялары болып табылады; бюджеттердің атқарылуын бақылауды биліктің екі тармағы орындайды. Қазақстан Республикасы Президентінің функциялары – елдің бюджеттік саясатының негізгі бағыттарын, республикалық бюджетті және оның атқарылуы туралы есепті әзірлеу тәртібін анықтау. Төтенше мемлекеттік бюджетті енгізу туралы шешім, Республикалық бюджеттік комиссияны құру, Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес басқадай өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Бюджеттік үдерісте мына құжаттар пайдаланылады:
1) республиканың немесе өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен бюджеттік параметрлерінің болжамы.
2) республикалық бюджет туралы заң, жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімі;
3) мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары;
4) операциялық жоспарлар.
Әлеуметтік-экономикалық даму мен бюджеттік параметрлердің болжамы стра­тегиялық және бағдарламалық құжаттарды:
макроэкономикалық көрсеткіштер болжамын, әлеуметтік параметрлер болжамын, әлеуметтік-экономикалық даму нысаналы индикаторлары мен көрсеткіштерін жыл сайын жылжымалы негізде бесжылдық кезеңге арнап әзірлейді және Қазақстан Республикасының салықтық-бюджеттік саясатының негізгі бағыттарын;
Мемлекеттік және республикалық бюджеттердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, Қазақстан Республикасы шоғырландырылған бюджетінің негізгі параметрлерінің болжамдарын;
Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бойынша шығыстардың болжамды көлемін қамтуға тиіс бюджеттік параметрлердің үш жылға арналған болжамын қамтиды.
Мемлекеттік органның стратегиялық жоспары жоспарлы кезеңге жыл сайын Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттары, әлеуметтік-экономикалық дамудың және бюджеттік параметрлердің мақұлдаған болжамы негізінде әр үш жыл сайын бес жылдық кезеңге әзірленеді. Мемлекеттік органның стратегиялық жоспары мемлекеттік орган қызметінің стратегиялық бағыттарын, мақсаттарын, міндеттерін, нәтижелерінің көрсеткіштерін айқындайды.
Орталық мемлекет органдардың стратегиялық жоспарлары немесе стратегиялық жоспарларға өзгертулер мен толықтырулар республикалық бюджет бекітілгеннен кейін республикалық бюджте туралы заңды Қазақстан Республикаснының Президенті қол қойған күннен кейін бір апта уақытта пысықталады, бекітіледі және Қазақстан Республикасның заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды қамтамасыз ете отырып, он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі (жергілікті атқарушы орган) әлеуметік-экономикалық дамудың және бюджеттік параметрлердің қосымша көрсеткіштерін енгізуі мүмкін.
Жоспалы кезеңнің екінші және үшінші жылдарына арналған бюджеттік параметрлердің болжамы индикативтік сипатта болады және әлеуметтік-экономикалық даму болжамының өзерістері, бджеттік мониторинг және нәтижелерді бағалау, басқа ішкі және сыртқы факторлар ескеріле отырып, кезекті жоспарлы кезеңде бюджеттік параметрлердің болжамын әзірлеу кезінде нақтылануы мүмкін.
Әлеуметтік-экономикалық даму болжамының Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы орган мақұлдайды және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жатады.
Стратегиялық жоспарды жүзеге асыру үшін мемлекеттік орган операциялық жоспар әзірлейді, ол ресурстарды, стратегиялық жоспардың мақсаттарына, міндеттеріне және нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізу жөніндегі іс-шаралардың жауапты орындаушылары және жүзеге асыру мерзімдері бойынша байланыстырылған мемлекеттік органның ағымдағы қаржы жылындағы нақты іс-қимылдарын қамтитын құжат болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет