ҚЎлпыбаев с



бет188/315
Дата16.09.2023
өлшемі3 Mb.
#108084
түріОқулық
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   315
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ


1. Бюджеттен тыс қорлардың әлеуметтік-экономикалық мәні неде?
2. Бюджеттен тыс қорлардың жұмыс істеуі қандай қайта бөлгіштік үдерістерді тудырады?
3. Бюджеттен тыс қорлар қалай сыныпталады?
4. Қазақстан Республикасында дағдарыстық жағдай кезінде бюджеттен тыс қорлардың жұмыс істеуінің қандай проблемалары болды?
5. Әлеуметтік бағыттағы бюджеттен тыс қорларды қалыптастырудың және пайдаланудың ерекшеліктері мен тәртібін баяндап беріңдер.
6. Қазақстан Республикасында жұмыс істейтін өздеріңе белгілі экономикалық арналымның бюджеттен тыс қорларын сипаттаңдар.
7. Ұлттық әл-ауқат қорын қалыптастыру және пайдалану тәртібін баяндаңдар.
8. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының арналымы қандай? Қордың қалыптасу және пайдалану тәртібін баяндаңдар.
9. Кәсіпкерлікті дамыту қорын құрудың мақсаты неде? Қорды қалыптастыру және пайдалану тәртібін баяндаңдар.


І7-тарау. Мемлекеттік кредит
пен мемлекеттік борыш



17.1. Мемлекеттік кредиттің мәні,
нысандары және әдістері

Мемлекет пен муниципалдық құрылымдардың (жергілікті атқарушы органдардың) қарамағына елдің заңи және жеке тұлғаларының бос ақшалай қаражаттары да, сонымен бірге, басқа елдердің (үкіметтердің, қаржы-кредит мекемелерінің) және халықаралық қаржы-кредит институттарының ресурстары


да несие капиталы ретінде уақытша пайдалануға жұмылдыру үшін және бюджет тапшылығы проблемаларын шешу үшін тартылуы мүмкін. Оны алудың басты әдісі мемлекеттік кредит болып табылады.
Мемлекеттік кредит – жалпымемлекеттік қаржының басты буындарының бірі және кредиттік қатынастардың жиынтығы, бұл қатынастарда мемлекет кредитордың да, қарыз алушының да, гаранттың да (қарыз алушы үшін мемлекет­тің кепілгерлігін білдіреді) рөлінде көрінуі мүмкін. Кредиттік қатынастарда тараптардың бірі мемлекет, ал заңи және жеке тұлғалар кредиторлар немесе қарыз алушылар болып табылады.
Мемлекеттік кредиттің ерекшелігі қарызға берілген қаражаттардың қай­тарымдылығында, мерзімділігінде және ақылығында. Алайда, бұл қаты­настар­ды банк кредитімен шатастыруға болмайды.
Мемлекеттік кредиттің жекеше кредиттен айырмашылығы:





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет