ҚЎлпыбаев с


Экономикалық реттеу теорияларындағы қаржы



бет234/315
Дата16.09.2023
өлшемі3 Mb.
#108084
түріОқулық
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   315
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007

20.4. Экономикалық реттеу теорияларындағы қаржы

Қаржылық реттеу теориялары экономикалық теориялық тұжырымдамалардың, ғылыми мектептер ағымдарының құрамында дамыды. Тұтас алғанда теориялық түсініктерді не олардың хронологиясы бойынша, не экономикалық және қаржылық қызметте мемлекеттің қатысу дәрежесі бойынша, яғни тиісті үдерістерге оның араласуында қарастыруға болады.


Реттеу тәсімдері (сызбалары) – тоталитарлық жүйелердегі әкімшіл-әміршілден демократиялық құрамалардағы либералдыққа дейін – қоғамның, мемлекеттің, экономиканың жай-күйі мен міндеттеріне қарай әдістерді, нысандарды ұсына отырып, биліктердің, саясатшылардың іс-әрекеттерін түсіндірді, ақтады, негіздеді, бағыттады.
Экономика үздіксіз өзгеріп отыратын және дамушы материя болып табылатындықтан, қаржылық-экономикалық реттеудің барлық елдер мен құрылымдар үшін бірыңғай, мәңгі- бақи берілген, қолайлы моделі болуы мүмкін емес. Реттеу теорияларының, олардың түрлендірілуінің сан алуандығы, нақтылы пайдалану үшін жекелеген постулаттарды нақтылау қажеттігі осымен айқындалады.
Төменде алдынғы бөлімде баяндалған кейнстік теорияға қосымша ретінде ең белгілі теориялар қаралып отыр.
«Неоклассикалық синтез» тұжырымдамасында фискализмнің кейнстік идеялары ақшалай-кредиттік саясат арқылы экономиканы реттеуді қарастыратын неоклассиктердің тұжырымдамасымен біріктірілді. Бұл теория жақтаушыларының (П.Самуэльсонның, Дж. Хикстің) пікірлері бойынша сұранымды реттеу мемлекеттің шығыстары немесе салықтары саласындағы өзгерістердің негізінде ғана емес, сондай-ақ пайыздың есептік мөлшерлемесінің шамасымен айла-шарғы жасаумен және ашық рынокта тиісті операцияларды жүргізумен де жүзеге асырылуы тиіс.
Ұлттық табыс өсуін зерделеудің кейнстік тәсілдемесін бағалардың, жалақының, пайданың қозғалысын талдап және толықтырып, «неоклассикалық синтез» зерттеудің макроэкономикалық әдістерін микроэкономикалық әдістермен біріктіреді. Мемлекеттік монополиялық реттеудің жаңа теориясында ұлттық өнімді бөлу мәселелеріне, бұдан және халыққа трансферттік жәрдемақылар жүйесін әзірлеуге және оның әлеуметтік функцияларымен байланысты мемлекет шығыстарының өсуіне айрықша көңіл бөлінген.
П. Самуэльсон «мемлекет шығыстарының таза теориясының» авторы болып табылады, бұл теория XІX-XX ғ. басында маржианалистік мектептің өкілдері жасаған «мемлекеттік қызметтер» тұжырымдамасын дамыту теориясы деп саналады. Ол айналымға «қоғамдық тауар» терминін кіргізді. «Мемлекеттік қызметтер» теориясы экономиканың мемлекеттік және жекеше секторлары арасында қоғамның қаржылық ресурстарын бөлу туралы мәселе қойды. Мемлекет пайдасыз немесе жекеше сектор үшін пайдалығы төмен экономикалық және әлеуметтік инфрақұрылымды қаржыландыруы тиіс. «Қоғамдық тауарлар» саласындағы қаржылық саясаттың міндеті олардың ұсынымын реттеу болып табылады, ал араласудың негізгі мақсаты – мемлекет шығыстарының оңтайлылығына жету.
Мемлекет араласуындағы оңтайлылыққа жету болса тек қоғамдық әл-ауқат дәрежесі туралы және қоғамның әрбір мүшесінің артықшылық сферасы туралы үкімет ақпаратының болуы кезінде ғана мүмкін. Мұндай сипаттағы ақпарат мемлекет шығыстарының көлемі мен құрамын анықтау үшін қолайлы болары екі талай.
Негізгі ерекшеліктерінде П. Самуэльсон әзірленген «Мемлекет шығыстарының таза теориясын» Р.Масгрейв дамытты. Ол «саяси шешімдер қабылдаудың үдерісі» абстракттік моделін толықтырды және мемлекеттің шығыстарын салықтық механизммен үйлестірді. «Шығыс-салықтық механизм қоғамдық қажеттіліктер үшін белгілі бір ресурстар бөлуге және осы уақытта бұл қызметтердің құнын өздерінің қажеттіліктерін қанағаттандырылуын қажет ететін жеке-дара тұлғаларға жүктеуге керек. Сондықтан қоғамдық тауарлармен қамтамасыз ету бюджет арқылы жүзеге асырылуы тиіс»* деген пікірді айтты. Масгрейвтің пікірінше қоғамдық тауарларға қоғамның барлық мүшелері бірдей мүдделі, шындығында бұл – қарама-қайшылық, өйткені, мысалы, әскери шығыстардың көбеюіне тек аса ірі монополиттер мүдделі. Р.Масгрейвтің теориясына сәйкес, салық төлеушілер өз еркімен өзіне ауыртпалық салады. Р.Масгрейв фискалдық шаралармен және жұмыспен толық қамтылуға жету үшін үкімет жүзеге асыруы тиіс шаралар арасындағы, сонымен, бірге жұмыспен толық қамтылуға жетудегі автоматты және дискредициялық шаралар арасындағы айырмашылықты анықтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет