ҚЎлпыбаев с


Жинақталған зейнетақы қаражаты –



бет289/315
Дата16.09.2023
өлшемі3 Mb.
#108084
түріОқулық
1   ...   285   286   287   288   289   290   291   292   ...   315
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007

Жинақталған зейнетақы қаражаты – міндетті зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын, инвестициялық табысты, өсімпұлды жəне келісімшарттарға, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңға, Қазақстан Республикасы заңна­масына сəйкес өзге де түсімдерді қоса алғанда, салымшының (алушының) жеке зейнетақы шоттарында есептелетін ақша.
Жинақталған зейнетақы қара жаты­ның номиналдық құны – жинақ талған зейнетақы қаражатының Қазақ стан Республикасы мемлекеттік статис тикасының уəкілетті органы есептеп шығаратын тұтыну бағалары индексіне үйлестірілген номиналды құны.
Жинақтаушы зейнетақы қоры – зей­нетақы жарналарын тарту жəне зейнет­ақы төлемдері жөніндегі қызметті, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тəртіппен зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңи тұлға.
Жинақтаушы зейнетақы қорларынан – алушыларға жинақталған зейнетақы қаражатын төлеу.
Жоспарлы кезең – ағымдағы қаржы жылынан кейінгі үш қаржы жылы.


З
Заңи тұлғаның құрылымдық бөлімшесі – филиал, өкілдік.
Заңсыз жолмен алынған табыстар – қылмыс жəне (немесе) əкімшілік құқық бұзушылық жасау нəтижесінде алынған ақша жəне (немесе) өзге мүлік.
Заңсыз жолмен алынған табыстарды заңдастыру (жылыстату) – заңсыз жолмен алынған ақшаны жəне (немесе) өзге мүлікті мəмілелер жасау арқылы заңды айналымға тарту, сол сияқты көрсетілген ақшаны жəне (немесе) өзге мүлікті пайдалану.
Заңи тұлғаның өзге құрылымдық бөлімшесі – орналасқан жері бойынша стационарлық жұмыс орындарымен жабдықталған, тұлғаның заңи функцияларының бір бөлігін орындайтын кез келген аумақтық оқшауланған бөлімшесі. Жұмыс орны бір айдан артық мерзімге құрылса, стационарлық болып саналады.
Зейнетақы – Зейнетақы төлеу жөнін дегі орталықтан (Орталықтан), жинақтау­шы зейнетақы қорларынан төленетін зей­нетақы төлемдерінің жиынтығы.
Зейнетақы активтері – зейнетақы төлемдері мен аударымдарын, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларын алынатын қаражатты қамтамасыз етуге жəне жүзеге асыруға арналған ақша, бағалы қағаздар, өзге қаржылық құралдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   285   286   287   288   289   290   291   292   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет