ҚЎлпыбаев с



бет298/315
Дата16.09.2023
өлшемі3 Mb.
#108084
түріОқулық
1   ...   294   295   296   297   298   299   300   301   ...   315
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007

Қарыз келісімшартықарыз алушы қарыздық қаражатты соған байланысты алатын жəне қарыз берушінің алдында оны қайтару жəне сыйақыны, сондай-ақ қарызға байланысты басқа төлемдерді төлеу жөнінде міндеттемені мойнына алатын келісім.
Қарызға қызмет көрсету – бюджетті атқару жөніндегі орталық уəкілетті органның немее банктің қарыз алушының шоттарындағы қарыздық қаражаттардың пайдаланылуын есепке алу жөніндегі қызметі жəне қарыз алушының сыйақы төлемдерін, тиісті басқа төлемдерді жүзеге асыруы.
Қарызды қайта құрылымдау – тараптардың келісімі бойынша қарыз келісімшарты жөніндегі өздерінің міндеттемелерін орындау мерзімдерін, қаржылық жəне өзге талаптарды өзгертуі.
Қатысу үлесі – жеке жəне заңи тұлғалардың бірлесіп құратын ұйымдарға, консорциумдарға, акционерлік қоғамдарды қоспағанда, мүлкімен қатысу үлесі.
Қор биржасы – акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, осы сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесін пайдалана отырып, оларды тікелей жүргізу арқылы сауда-саттықты ұйымдық жəне техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асыратын заңи тұлға.
Қорлар – мынадай: өндірістік процесте пайдалану үшін шикізат және материалдар түріндегі; қызмет көрсету кезінде тұтынылатын немесе таратылатын шикізат пен материалдар түріндегі; кәсіпорынның қалыпты қызметі барысында сатуға немесе таратуға арналған; сату немесе тарату үшін өндірілетін активтер.
Л
Левередж – эмитенттің міндеттемелері мен өз капиталы мөлшерінің арақатынасы.
Листинг – қор биржасының бағалы қағаздар тізімінің санатын енгізу жəне сол санатта болуы үшін қор биржасының ішкі құжаттарында бағалы қағаздарға жəне олардың эмитенттеріне арнайы (листингтік) талаптар белгіленіп, бағалы қағаздарды оған енгізу.
М
Материалдық емес актив – физикалық нысаны жоқ сәйкестендірілетін монетар­лық емес актив.
Мемлекет активтері – өткен операциялар немесе оқиғалар нəтижесінде мемлекеттік меншікке алынған, құндық бағасы бар мүліктік жəне мүліктік емес игіліктер мен құқықтар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   294   295   296   297   298   299   300   301   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет