ҚЎлпыбаев с



бет51/315
Дата16.09.2023
өлшемі3 Mb.
#108084
түріОқулық
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   315
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007

Салалық (ведомстволық) қаржы жоспарларының жүйесі материалдық өн­діріс салалары министрліктерінің (ведомстволарының) кірістері мен шығыс­тарының балансын, өндірістік емес салалар министрліктерін (ведомстволарын) қаржыландырудың дара жоспарларын (сметаларын), қоғамдық ұйымдардың қаржы жоспарларын кіріктіреді.
Аумақтық қаржы жоспарларына мыналар жатады: жергілікті бюджеттер, тиісті аумақтағы қоғамдық ұйымдардың және т.б. жоспарлары.
Қаржы жоспарларының әр алуан түрлері өзара байланысылған: мәселен, салалық жоспарлар ведомствоға қарасты ұйымдардың жоспарларын біріктіреді; аумақтық, әдеттегідей, жалпымемлекеттік немесе салалық жоспарлардың бөлігі болып келеді.
Мезгіліне қарай қаржылық жоспарлау жылдық, орта мерзімді (үш жылдық, бес жылдық) және перспективалық болып бөлінеді. Қазіргі кезде жоспарлардың жоғарыда аталған барлық түрлері бір және бесжылдық мерзімге жасалынады.
Экономика теңдестігінің бұзылуына, шаруашылық органдарының іс-қимыл ету факторларының екі ұштылығына (неғайбілдігіне) байланысты рыноктык ортада бес жылдық және перспективалық жоспарлау шектелінген. Үш жылдық мерзімге Үкіметтің фискалдық саясатын әзірлеген кезде республикалық бюджеттің кірістері мен шығыстарының негізгі көрсеткіштері бойынша есеп-қисаптар жүргізілді.
Аса маңызды оперативтік қаржы жоспары мемлекеттік бюджет болып табылады (14-тарауды қараңыз).
Материалдық өндіріс сферасында кәсіпорында басқарушылық міндеттерді шешу кезінде стратегиялық, ағымдағы және оперативтік жоспарлау жүзеге асырылады. Жоспарлар тәптіштеудің әр түрлі деңгейлерінде әзірленеді.
Стратегиялық қаржы жоспары ұлғаймалы ұдайы өндірістің аса маңызды көрсеткіштерін, үйлесімдерін (пропорцияларын) және қарқындарын айқындайды. Ол нысаналы нұсқамаларды, инвестициялар стратегиясын және болжалды қорланымдарды іске асырудың басты нысаны болып табылады. Қаржылық стратегия ұйымды ақшалай қаражаттармен қамтамасыз етуге, оның жұмыс тиімділігін арттыруға бағытталған.
Ағымдағы қаржы жоспары перспективалық жоспар негізінде әзірленеді. Келесі жылға арналған кәсіпорынның ағымдағы жоспарлауы тоқсандар бойынша бөлініп жүзеге асырылады. Өткен кезеңнің қаржылық жай-күйін талдау және осы кезеңге арналған қабылданған қаржылық стратегия (кредит алу, акционерлік капиталды көбейту, өнім өндіруді көбейту, азайту және т.б.) негізінде қалыптастырылған ұсыныстар ескеріле отырып, жоспардағы барлық көрсеткіштер нақтыланады.
Ағымдағы жоспарлау кезінде әдетте кірістер мен түсімдердің жоспары, шығыстар мен аударымдар жоспары, ұйымның бюджетпен (жоғарғы органдармен) өзара қарым- қатынастарының жоспары, кредит жоспары әзірленеді. Ағымдағы жоспарлау үдерісінде жұмсалымдардың немесе алымдардың әрбір түрі қаржыландыру көздерімен үйлестіріледі. Бұл үшін қаржы жоспарына тексеру (шахматтық) кестесі жасалады.
Жоспарлау кезінде кірістер мен шығыстардың балансын қамтамасыз еткен дұрыс. Тепе-теңсіздікті реттеу үшін, егер шығыстар кірістерден көп болса, қаражаттардың қосымша, сыртқы көздері кредиттер, қарыздар іздестіріледі.
Соңғы жылдары кәсіпорындардағы, компаниялардағы дәстүрлі ағымдағы жоспарлау кәсіпорын бюджетін жасау, қабылдау үдерісі және оның атқарылуын кейінгі бақылау болып табылатын бюджеттендірілумен ауыстырылады.
Әрбір кәсіпорын әзірлеу үшін міндетті негізгі бюджеттер: баланс болжамы; кірістер мен шығыстар бюджеті; ақшалай қаражаттар қозғалысының бюджеті.
Операциялық және қаржылық болып ажыратылатын бюджеттердің неғұрлым егжей-тегжейлі жасалуы мүмкін.
Операциялық бюджет мыналарды қамтиды: сату бюджеті; өндірістік бюджет; материалдарға тура шығындардың бюджеті; еңбекақы төлеуге тура шығындардың бюджеті; жалпыөндірістік шығыстар бюджеті; өндірістік босалқы қорлар (дайын өнім, аяқталмаған өндіріс, материалдар) бюджеті; коммерциялық шығыстар бюджеті; басқару шығыстарының бюджеті; кірістер мен шығыстардың бюджеті (пайдалар мен залалдар жоспары).
Қаржылық бюджет мыналарды кіріктіреді: инвестициялық бюджет; ақшалай қаражаттар қозғалысының бюджеті (кассалық бюджет); баланс болжамы.
Бюджет толық жазулы кесте болып табылады, оның сол жақ бөлігінде бюджеттің осы түріне сипатты көрсеткіштер үшін колонка, сонан-соң бұл көрсеткіштер бойынша есептік мәліметтері бар колонка, одан ары бюджеттік кезеңнің (жылдың) айлары бойынша 12 колонка және «жылдағы барлығы» – оң шеткі болады.
Оперативтік жоспарлау төлемдік күнтізбені жасау мен пайдалануда болады. Төлемдік күнтізбе – бұл ұйымның оперативтік қаржы айналымы (ақшалай қаражаттардың түсуі мен пайдаланылуы) егжей-тегжейлі көрсетілетін қаржылық құжат. Төлемдік күнтізбе талданылатын кезеңдегі қаражаттардың жұмсалымын бақылау үшін пайдаланылады.
Қаржы жоспарының негізгі нысаны – кірістер мен шығыстардың балансы,оны жасау кірістер мен қаражаттар түсімдері, шығыстар мен қаражаттардың аударымдары, бюджетке төленетін төлемдер, белгілі бір жағдайларда қызметтің (қызметтің басымдық түрлері мен бюджеттік мекемелер үшін) бюджеттен бөлінетін қаржы бойынша есеп айырысулардың кешенін орындауды болжайды.Қаражаттарының айналымы үлкен емес шаруашылық жүргізуші субъектілер екі бөлімнен: кірістер мен шығыстардан тұратын қаржы жоспарларын жасайды.
Материалдық емес сфера қызметінің ұйымдары мен мекемелерінің әдетте, табыстардың меншікті көздері болмайды және бюджеттен қаржыландырылады. Олар жыл сайын қаржыландырудың дара жоспарларын (төлемдер мен міндеттемелер бойынша) (бұрынғы атауы смета) әзірлейді. Қаржыландырудың дара жоспарларында жоспарда қарастырылған сандық көрсеткіштер (мысалы, оқушылар контигенті, персоналдың штаттық саны) және белгіленген нормалар бойынша есептелген шығындардың әрбір бағыты бойынша қаржыландырудағы қажеттілік көрсетіледі. Жекелеген ұйымдар мен мекемелердің қаржыландырудың жеке жоспарларын (сметаларын) жинақтау жолымен министрліктердің, ведомстволардың, басқарудың жергілікті органдары бөлімдерінің қаржыландырудың жиындық жоспарлары қалыптастырылады. Қаржыландырудың жиынтық жоспарларының жобалары қаржы органдарымен келісіліп, мемлекеттік бюджетті жасау кезінде ескеріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет