ҚЎлпыбаев с



бет54/315
Дата16.09.2023
өлшемі3 Mb.
#108084
түріОқулық
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   315
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007

Нәтижеге бағытталған бюджеттендіру әдісін енгізу мемлекет шығыстарының тиімділігі мен нәтижелілігін арттыруға, стратегиялық, орта мерзімді жоспарларын бюджет жоспарларымен үйлестіруді жүргізуге, бюджеттің әлеуметтік және инвестициялық құрамдас бөліктерін күшейту үшін қаржылық ресурстарды ынталандыру есебінен оларды босатуға жағдай жасайды. Нәтижеге бағытталған бюджеттендіру – бұл мемлекеттік саясат басымдықтары мен бюджеттік қаражаттарды пайдаланудың күтілетін нәтижелерінің қоғамдық мәнділігін ескере отырып, мемлекеттің мақсаттары, міндеттері және функциялары бойынша бюджеттік ресурстарды бөлуді қамтамасыз ететін бюджетті жоспарлау, атқару және оның атқарылуын бақылау әдісі.
Бұл әдіс шығындар мен нәтижелерді өлшемдеуге, бюджеттік қаражаттарды жұмсаудың неғұрлым тиімді жолдарын таңдауға, жоспарланған нәтижелерді және олардың сапасына жету дәрежесін дер кезінде бағалауға мүмкіндік береді.
Бюджеттік үдерісті реформалау қаржылық менеджменттің қағидаттарын енгізудің алғы шарттарын жасайды, яғни әкімшілік жолмен басқарылатын бағдарламалардың тиімділігі бойынша мемлекеттік органның қызметі туралы жоруға мүмкіндік беретін нақтылы мүмкіндіктерге орындалатын функцияларға бейімделу бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің өкілеттіктерін кеңейтеді.
Қазақстан Республикасының Парламенті өңірлердің қаржылық ресурстарына тиіспей тек республикалық бюджетті қарайды. Сондықтан өзін-өзі қаржыландыру қағидатына аумақтарды көшіруде аумақтық қаржы жоспарларының рөлі артады. Барлық деңгейлерде бюджеттік үдерісті автономдау (дербестеу) туралы шешім қызмет нәтижелеріне тәуелділікті және тиісті аумақтарға кірістердің түсуін жоспарлауда облыстар мен басқа аумақтық-әкімшілік құрылымдардың құқығын кеңейтуде үлкен қадам болып табылады.
Өндіріс пен қаржы рыногы жағдайларында тез ауыспалы рыноктық конъюнктураның ықпалында болатындықтан жоспарлы кезеңдер ұзын сонар болуы мүмкін емес. Қаржы жоспарлары өтпелі кезең жағдайларында көбінесе болжамдар болып келеді. Осы кезеңге сипатты болатын өндіріс динамикасының тұрақсыздығы, маркетингтің және шаруашылық байланыстардағы және ақшалай қатынастардағы басқа алдын ала айтуы қиын құбылыстар қаржы жоспарларын әзірлеудің дүркіндігін 5 жылдан 1 жылға дейін қысқартуға алып барады. Тоқсандық жоспарлар жұмыс жоспарлары бола бастайды; оларға қосымша ретінде 10-30 күнге арналған оперативтік қаржы жоспарларын да әзірлеу талап етіледі.
Қаржылық және бюджеттік жоспарлау мемлекеттің бірыңғай қаржылық саясатын жүргізуді қамтамасыз ететін тұрақты ұзақ мерзімді нормативтер жүйесінің базасында құрылуы тиіс.
Қазақстанда Мемлекеттік жоспарлаудың жүйесі қабылданған, бұл жүйе кезінде Қазақстан Республикасын дамытудың стратегиялық жоспарының, Елдің аумақтық-кеңістік дамуының болжамды схемасының, мемлекеттік бағдарламалардың, аумақтарды дамыту бағдарламарының, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының мониторингі, бағалау және бақылау әзірленеді, іске асырылады, жүргізіледі.
Мемлекеттік жоспарлау жүйесінде тұжырымдамалар мен доктриналар әзірлеу қарастырылған. Олар стратегиялық және бағдарламалық құжаттар, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары және заңдар арқылы іске асырылады.
Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын іске асырудың барысы туралы есептер мен өзге ақпаратты жинау, жүйелеу, талдау және қорытындылау мониторинг болып табылады.
Стратегиялық және бағдарламалық құжаттар, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары мониторингінің мақсаты – болжалды нәтижелерге тиісті және уақтылы жетуді қамтамасыз ету үшін оларды іске асырудың барысын жақсарту. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын іске асырудың нәтижелілігі мен тимділігіне жету дәрежесін анықтау стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын бағалау болып табылады.
Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының атқарылу толымдылығы мен уақыттылығын, соның ішінде бұзушылықтарды анықтау, жою және болдырмау мақсатымен жоспарлы және жоспардан тыс тексерулер жолымен талдауды жүзеге асыру бақылау болып табылады. Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды , мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарын бақылау жүргізілген мониторингтің немесе бақылаудың нәтижелерін ескере отырып жүзеге асырылады.
Қаржылық қатынастарды реттейтін экономикалық нор­мативтер мыналарды қамтамасыз ету тиіс:
бөлгіштік қатынастарда мемлекеттік, ұжымдық және жеке мүдделердің оңтайлы үйлесуі; ақшалай қорланымдар өсуінің интенсивтік факторлары есебінен олардың көбеюін ынталандыру;
өндірісті дамыту, әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыру және еңбек ұжымдарының тапқан қаражаттары есебінен оларды материалдық көтермелеу бойынша шығындарды қаржыландыру.
Рынокқа өту кезінде кәсіпорын қызметін тиімді басқарудың шешуші шарты ретінде фирманың ішкі қаржы жоспарларының да мәні арта түсті.
Қазіргі кезде көптеген фирмалар, акционерлік қоғамдар және басқа кәсіпорындар қаржылық жоспарлауда да жалпы дүниежүзілік стандарттарға көше бастады. Әңгіме барлық белгіленетін шараларды қаржымен қамтамасыз етуде маңызды орын алатын бизнес-жоспар жасау туралы болып отыр. Осы мақсатпен қаржы жоспары және қаржыландырудың стратегиясы жасалынады.
Кәсіпкерлік буындар өзінің шаруашылық-коммерциялық қызметінде бизнес жоспарлар деп аталатынды басшылыққа алады. Бизнес жоспар – бұл кәсіпкерлік қызметтің техникалық-экономикалық негізіне сайма-сай келетін құжат. Ол мемлекеттік кәсіпорындардың экономикалық және әлеуметтік дамуының жоспарларына қарағанда қатынастардың барлық жақтарын анағұрлым толық қамтиды. Бизнес-жоспар өнімнің немесе қызметтің ерекшеліктерін, олардың бәсекеге жарамдылығын, өткізу рыногын (рынок болжамын) бағалауды, маркетинг стратегиясын, өндірістік, ұйымдық және заңдық жоспарларды, тәуекел мен бағалауды және сақтандыруды сипаттайтын бөлімдерді кіріктіреді.
Аса маңызды құрамды бөлігі ретінде қаржы жоспары бизнес- жоспарлардың басқа бөліктерінің материалдары мен көрсеткіштерін қорытындылайды және оларды құндық тұлғаланымда көрсетеді. Бұл жерде бірнеше құжаттар әзірленеді:
өткізу көлемдерінің болжамы;
ақшалай табыстар мен түсімдердің балансы;
табыстар мен шығындардың кестесі;
кәсіпорын активтері мен пассивтерінің жиынтық балансы;
залалсыздыққа жетудің графигі .
Дербес бөлім қаржыландыру стратегиясын және инвесторларға шарттасылған көлемдерде және уақыттарда қаражаттардың қайтарылымын көрсетеді.
Сөйтіп, рыноктық ортада қаржылық жоспарлау анағұрлым жоғары сапалық деңгейде жүзеге асырылады және ғылыми әдістерді, қазіргі заманғы техникалық құралдарды және берік ақпараттық базаны пайдалана отырып бұл үдерісті жүргізуге мүмкіндік беретін жаңа нысандармен және әдістермен молаяды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   315




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет