Қазынашылық мiндеттемелер ерiктi негiзде халық арасында таратылатын мемлекеттiк бағалы қaғаздың түpi, ол иелерiнiң ақшаны бюджетке аударғанын куәландырады және осы бaғалы қағаздарды бүкiл иелену кезеңiнде тiркелген табыс алуына құқық бередi.
Боналар – мемлекеттiк қазынашылық, муниципалдық органдар, мекемелер, фирмалар шығаратын және ұстаушылары сатып алу және төлем құралдары ретiнде пайдаланылатын борышқорлық мiндеттемелер.
Бүгiнде айналыста мына бағалы қағаздар жүр: Ұлттық банктiң қысқа мерзiмдi ноталары, Қаржы министрлiгiнiң бағалы қағаздары (МЕККАМ, МОИКАМ, МУИКАМ, МЕОКАМ, МEУКAМ, МАОКО және басқалары), муниципалдық бағалы қағаздар.
Ұлттық банктiң қыcқа мерзiмдi ноталары 7 күннен 1 жылға дейiн айналыс мерзiмiндегi мемлекеттiк бағалы қағаздар болып табылады. Олар aқшaлай-кредиттік саясаттың мақсаттарын iскe асыру және айналымдағы ақша массасын жедел реттеу үшiн пайдаланылады. Айналысқа 1995 жылдан берi шығарылып келеді.
Республикалық бюджеттiң тапшылығын қаржыландыру үшiн пайдаланылатын қаржылық құралдарды түрлендiру мақсатында Қазақстан Республикасының аумағында айналым мерзiмi бiр жыл және бiр жылдан астам мемлекеттiк индекстелген қазынашылық мiндеттемелер дешығарылды, оларды республикалық бюджеттiң ағымдағы тапшылығын қаржыландыру мақсатында Үкiметтiң атынан Қаржы министрлiгi (эмитент ретiнде) шығарады және Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес Қазақстанның бағалы қағаздар рыногында epкiн айналыста болады.
Айналыс мерзiмi 7 жыл және бастапқы құны 1000 АҚШ доллары, капиталдың халықаралық рыноктарында орналастырылған Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бағалы қағаздары – Еурооблигациялар шығарылды.
Депозит және банк сертификаттары – жинақақшаны тарту үшiн тек қaнa банктер шығаратын бағалы қағаздар. Бұл айналмалы бағалы қағаздар болып табылады, яғни олар бойынша талап құқығы басқа тұлғаларға қайтуы (шегiнуi) мүмкін. Депозит және жинақақша сертификаттарының Қазақстандық практикада қабылданған негiзгi айырмашылығы депозит сертификаттарының иелерi заңи тұлғалар, ал жинақ ақша сертификаттарының иелерi жеке тұлғалар бола алатындығына.
Коммерциялық қағаздар тіркелген табысы бар қысқа мерзімді борышқорлық міндеттемелер болып табылады, облигациялардың (корпоративтік облигациялардан айырмашылығы эмиссиялық емес бағалы қағаздар болып табылады, мұның өзі эмиссияны тіркеуге жұмсалатын уақыттың шығынын айтарлықтай төмендетеді және айналыс мерзімдерін таңдауға артықшылық береді) және векселдердің (векселдерден айырмашылығы стандарттық ережелер бойынша шығарылады, есепке алудың орталықтандырылған жүйесі болады және ұйымдасқан рынокта айнала алады) жақсы қасиеттерін ұштастырады. Олар кредиттердің мөлшерлемелерін төмендетуге және валюталық рыноктан теңгелік ресурстардың бір бөлігін аударып әкете отырып, қаржы рыногы шеңберінде теңгелік массаны қайта бөлуге жәрдемдеседі.
Инфрақұрылымдық облигациялар бойынша эмитент міндеттемелерінің атқарылуы мемлекетке берілетін объектінің құнына сәйкес сомада мемлекет пен эмитент арасында жасасылған инфрақұрылымдық жобаны іске асыру жөніндегі концессиялық келісім шегінде мемлекеттің кепілгерлігімен қамтамасыз етіледі.
Пай – пайлық инфестициялық қордағы оның меншіктенушісінің үлесін, пайлық инфестициялық қордың жұмыс істеуінің тоқтамауы кезінде оның активтерін өткізуден алынған ақшаларды алу құқығын, сондай-ақ заңмен айқындалған пайлық инвестициялық қорлар қызметінің ерекшеліктерімен байланысты өзге де құқықтарды қуаттайтын шығарылымның құжатсыз нысанының атаулы эмиссиялық бағалы қағазы.
Бағалы қағаздардың тегінде басқа дамыған экономикалық жүйелердiң қаржы рыногында нақтылы бағалы қағаздарды, валютаны, басқа құндылықтарды сатып алуға және caтуғa олардың иелерінің құқығын куәландыратын туынды қаржылық құралдар (деривативтер) деп аталатындар: фьючерстiк және опциондық контракттар, валюталық және пайыздық своптар, жазылыс құқықтары, депозитарийлiк куәлiктер,биржа индекстерi бойынша опциондар мен фьючерстер және бiрқатар басқалары пайдаланылады.
Фьючерстiк операцuялар – биржалардағы мерзiмдiк мәмiлелер, олардың мәнici қаржылық және кредиттік құралдарды шикiзат тауарларын, алтынды, валютаны мәмiле жасау сәтiнде тiркелетiн бағамен сатып алуда және сатуда, бұл орайда операциялар белгiлi бiр уaқыт аралығында (2-3 жылға дейiн) орындалады.
Своптар кезiнде шұғыл жеткiзiлiм шартымен («спот» мәмілесі) қайсыбiр активтi – қор құндылықтарын, валютаны, басқа заттарды, тауарларды сатып алу (сату) жінiнде мәмiлелер жасалады, бұл орайда сонымен бiрге белгiлi бiр мерзiмге кepi мәмiле жасалады.
«Своп» операцияларының алуан түрлерi бар, олар: валюталық, пайыздық, борыштық, алтынмен байланысты және басқа операциялар.
Опциондарда мерзiмдiк биржа мәмiлелерiне енгiзiлген шарт бойынша тараптардың бiрiне мәмiленiң бiрiн-бiрi жоққа шығаратын жекелеген шарттардың бiрiн таңдау немесе оның бастапқы шарттарын өзгерту құқығы берiледi.
Жазылыс құқықтары – болған акционерлерге компания акциясының жаңа шығарылымын бастапқы рынокта олар орналастырылатын бағалардан неғұрлым төмен бағалар бойынша сатып алуға құқық беретiн бағалы қағаз.
Депозитарийлық куәлiк – бұл түрлi компаниялар акцияларының пұлындағы үлестерді иелену туралы куәлік болып табылатын туынды бағалы қағаз.
Варранттар – туынды бағалы қағаздар, олар белгiлi бiр баға бойынша белгiлi бiр кезеңнiң iшiнде эмитенттiң акцияларды сатып aлyға жеңiлдiктi құқығын бiлдiредi. Варранттың кәдуiлгi мезгiлi 5-20 жыл.
Қазақстанда қазақстандық депозитарийлық қолхаттар (ҚДҚ ) – басқа мемлекет заңнамасына сәйкес шығарылған, Қазақстан Республикасы эмитенті-бейрезидентінің эмиссиялық бағалы қағаздарының белгілі бір санына меншік құқығын растайтын туынды эмиссиялық бағалы қағаздары пайдаланылады. Қор құралының жаңа түрі ҚДҚ америкалық депозитарийлық қолхаттарына, Еуропалық қор рыногының жаһандық депозитарийлық қолхаттарына, басқа елдер рыноктарының жергілікті депозитарийлық қолхаттарына ұқсас.
Туынды бағалы қағаздарды пайдалану белгілі бір қажеттіліктермен – қаржылық және баға тәуекелдерін сақтандырумен (хеджерлеумен), өтемпаздықтың артуымен, қарыз алулар құнының төмендеуімен, қажетті рынокқа шығу мүмкіндігін алумен байланысты.
Қазақстанда барлық халықтың қатысуымен айрықшалықты бағалы қағаздарды – елдің мемлекеттік мүлкіндегі азаматтардың үлесі тіркелген жекешелендіру инвестициялық купондарды (ЖИК-ті) пайдалануымен жаппай жекешелендіру бағдарламасын жүзеге асыру кезінде арнаулы ұйымдар – инвестициялық жекешелендіру қорлары жұмыс істеді. ЖИК инвестицияларының мақсаттары жекешелендірілген кәсіпорындар акцияларына инвестициялық купондарды салулардың табыстылығын қамтамасыз ету және салынған қаражаттардың үстелуі, инвестициялардан және бағалы қағаздармен жасалатын операциялардан алынытын табыс есебінен дивидендтер алу және қор акционерлеріне тұрақты төлем төлеу болып табылады. Купон аукциондарында ЖИК өз қызметінің таңдап алынған бағытына сәйкес жекешелендірілетін кәсіпорындардың акцияларына купондардың баланстанылған салуды айқындайды. Алайда жекешелендіру инвестициялық купондарын пайдаланумен ЖИК-ті дамыту бағдарламасы негізінен экономикалық дағдарыстар әрекетінен, ЖИК-тің және купондардың жұмыс істеуін заңнамалық шектеулерден, қорларды рентабелді объектілерді жекешелендіруге шығаруды шектеуден жүзеге асырылмай қалды.