ҚЎлпыбаев с



бет26/314
Дата13.11.2022
өлшемі3 Mb.
#49826
түріОқулық
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   314
Жергілікті қаржы мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды құрамы болып табылады. Жергілікті қаржының әлеуметтік рөлі, оның құрамы мен құрылымы бүтіндей жергілікті органдарға жүктелінген функциялардың сипатымен, сондай-ақ мемлекеттің әкімшілік-аумақтық құрылысымен және оның саяси- эконо-микалық бағыттылығымен анықталады.
Жалпы, қаржылардың бүкіл құрамы екі ірілендірілген бөлікке біріктіріледі:
мемлекеттік және муниципалдық қаржы;
шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы.
Қаржы жүйесін құрайтын жеке элементтердің орны мен рөлі бірдей емес. Бастапқы (басты) элемент жүйенің басқа элементтерінің арасында алдыңғы орынды алады, өйткені жүйе элементтері мен буындардың өзара байланысындағы оның рөлі айқындаушы болып табылады. Бұл – бірінші кезекте мемлекеттік бюджетпен көрінетін мемлекеттің қаржысы.
Мемлекеттің қаржысы – қоғамдық өнімнің құнын және ұлттық байлықтың бір бөлігін бөлу және қайта бөлу туралы, мемлекет пен оның шаруашылық субъектілерінің қарамағына қаржылық ресурстарды қалыптастырумен және мемлекеттің қаражаттарын олардың жұмыс істеуімен байланысты шығындарға жұмсаумен байланысты ақшалай қатынастар. Ол қаржылық ресурстардың орталықтандырылған қорын жасаудың экономикалық нысаны мен мемлекеттің негізгі қаржы жоспары ретіндегі мемлекеттік бюджетте, қоғамдық мұқтаждарды мақсатты қаржыландырудың қосымша көзі ретіндегі бюджеттен тыс арнаулы қорларда, мемлекеттік кредитте көрінетін қаржылық қатынастарды кіріктіреді.
Мемлекеттік кредит кредиттік қатынастардың қаржылық қатынастардан айырмашылығы болғанымен қаржы жүйесіне кіріктіріледі. Бірақ кредиттің бұл түрі мемлекеттік бюджеттің тапшылығын жабу, мемлекет қаржысының орнықтылығын қамтамасыз ету мақсатына бағытталатындықтан, ол бойынша есеп айырысу бюджеттік қаражаттар есебінен жүзеге асырылатындықтан – бұл қосалқы буынды қаржы жүйесіне де, сондай-ақ кредит жүйесіне де жатады деп санауға болады.
Сонымен бірге қаржы жүйесінің салыстырмалы дербес бөлігі ретінде мемлекеттің жиынтық салық-бюджет қосалқы жүйесі ретіндегі оған тән директивалық-міндетті қызметтерімен фискалдық саясат бөліп көрсетіледі.
Қаржы жүйесіне сақтандыруды да жиі жатқызады, алайда көптеген ғалымдар оны дербес, бірақ қаржымен өзара іс-әрекет ететін категория деп есептейді.
Материалдық өндіріс сферасының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің қаржысы қаржылардың негізін құрайды, материалдық өндірісте нақты өнім – қоғамның қаржылық ресурстарының негізгі көзі жасалынатындықтан ол қаржы жүйесінің бастапқы буыны болып табылады.
Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының біршама екі дербес қосалқы буыны болады:
1) материалдық өндіріс сферасының (нақты сектордың) шаруа­шылық жүргізуші субъектілерінің қаржысы;
2) өндірістік емес сфераның (қызметтер сферасының) ұйымдары мен мекемелерінің қаржысы.
Материалдық өндіріс сферасының қаржылары өндірістік компанияларда, фирмаларда, корпорацияларда, шаруашылық қызметті ұйымдастырудың басқа нысандарында орталықтандырылмаған ақшалай қорларды қалыптастыру мен тиімді пайдаланудың, сондай-ақ қаражаттарды аталған шаруашылық жүргізуші субъектілердің жоғарғы органдарының мақсатты және резервтік қорларына орталықтандырудың мәселелерін шешеді. Бұл қосалқы буынның қаржысы өндірістік тірлікке қызмет етеді, еңбек өнімділігінің өсуіне, өндірістің басқа сапалық көрсеткіштерінің тиімділігін арттыруға қаржылық тұтқалардың белсенді ықпалын қамтамасыз етеді. Бұған төменгі буындарды қамтитын және олардың қызмет түрлері болып табылатын мына құрамдастар: ауыл шаруашылығы, аңшылық және орман шаруашылығы, балық аулау, балық өсіру, кен өндіру өнеркәсібі, өңдеу өнеркәсібі, электр қуатын, газды және суды өндіру және бөлу, құрылыс жатады.
Қаржы жүйесіндегі қызметтер сферасы (өндірістік емес сфера) қаржысының орны мен рөлі оның ұлттық табысты бөлу және пайдалану жөніндегі байланысымен айқындалады. Бұл қосалқы буында қаржылық қатынастар оның бастапқы құрылымдарында және олардың арасында, қаржы жүйесінің басқа буындарының, өзге экономикалық жүйелердің: бағалардың, кредиттің және басқа буындардың арасында пайда болады. Өндірістік емес сфера қаржылары мынадай құрамдастарды кіріктіреді: сауда; автомобилдерді және үйде пайдаланатын бұйымдарды жөндеу; мейманханалар мен мейрамханалар; көлік және байланыс; қаржылық қызмет; жылжымайын мүлікпен операциялар, жалдау және кәсіпорындарға қызметтер; мемлекеттік басқару; білім; денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер; басқадай коммуналдық, әлеуметтік және арнаулы қызметтер; үй шаруашылығын жүргізу бойынша қызметтер; қаржылық делдалдық жанама-өлшенетін қызметтері.
Шаруашылық жүргізуші субъектілерде қаржылық қатынастар түрлі мақсатты сипаттағы сан алуан ақшалай қаражаттар қорларын қалыптастыру арқылы одан ары тұтыну мақсатында құнды қайта бөлудің арналары бойынша бұрын жасалынған құнның қозғалысына қызмет көрсетеді.
Халықтың (үй шаруашылықтарының) қаржысы қаржы жүйесінің ерекше бөлігі болып табылады. Халық (азаматтар) өзінің ақшалай қаражаттарымен жалпы мемлекеттік қаржы жүйесімен және меншіктің барлық нысандарының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің өндірістік және өндірістік емес сфераларымен қарым-қатынас жасайды. Бұл сан алуан қатынастар халыққа еңбекке ақы төлеумен, жинақтаушы зейнетақы жүйесіне ақшалай қаражаттардың аударымдарымен және одан төлеумен, материалдық және материалдық емес игіліктерді алумен байланысты; басқа жағынан, халық өзінің ақшалай табысынан салық төлейді, өндірістік және өндірістік емес сфералардың мемлекеттік және басқа мекемелер мен ұйымдардың қызметін төлейді. Сонымен бірге азаматтардың жеке-дара және шағын кәсіпкерлікпен айналысумен байланысты бұл сферада көлемді қаржылық қатынастар пайда болады. Мұндай қатынастар айырбасқа жататын сауда орындарында, рыноктарда, халыққа қызмет көрсететін кәсіпорындар мен ұйымдарда (көлік, байланыс, тұрмыстық сектор және т.б.) тұтыну тауарлары мен қызметтерді сатып алуға байланысты болатын ақшалай қатынастарды қоспағанда, қаржылық қатынастар болып табылады және шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылары сферасында пайда болатын қатынастарға ұқсас болып келеді.
Сонымен бірге халықтың ақшалай қаражаттарының әрбір жеке жағдайда мақсатты бағыттылығының немесе жинақталуының мүмкін болатынымен және олардың иелері қаражаттарды өзінің ойынша басқарып ұйымдастыра алатынымен, халық қаржысының өзіндік ерекшелігі қаржы жүйесінің екі сипатты бөліктерінің – қор нысаны мен сыртқы басқарудың өзгешілігінде болады. Азаматтардың дара және шағын кәсіпкерлікпен айналысумен байланысты бұл буында кең қаржылық қатынастар пайда болады: мұндай қатынастар шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының буынында пайда болатын қатынастарға ұқсас болады (8 тарауды қараңыз).
Қаржылық қатынастар сфераларының әрқайсысының ішінде буындар бөлінеді, оның үстіне қаржылық қатынастарды топтастырып, мақсатты ақшалай қорлардың құрамы мен арналымына белгілі бір әсер ететін субъект қызметінің сипатына қарай жүргізіледі. Бұл белгі кәсіпорындар мен ұйымдар қаржысы сферасында мынадай буындары бөлуге мүмкіндік береді: коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы; коммерциялық емес ұйымдардың қаржысы.
Қаржы жүйесінің әр буыны өз кезегінде буыншаларға (ондағы қаржының өзара байланысының ішкі құрылымына сәйкес) бөлінеді. Мәселен, салалық бағыныштылығына қарай коммерциялық негізде жұмыс істейтін кәсіпорындар (ұйымдар) қаржысының құрамына өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, сауда, көлік, құрылыс және т.б. кәсіпорындарының қаржылары, ал меншік нысанына қарай – мемлекеттік, кооперативтік, акционерлік, жекеше және басқа кәсіпорындардың қаржылары болып мүшеленеді. Мемлекет қаржысының құрамында буындар ішіндегі қаржылық қатынастарды топтастыру, мемлекеттік басқарудың деңгейіне (республикалық, жергілікті) сәйкес жүзеге асырылады. Сақтық қатынастары сферасында буындардың әрқайсысы сақтандырудың түрлеріне (жалпы сақтандыру, өмірді сақтандыру) бөлінеді.
Өзінің ортақ қағидалы біртұтастығына қарамастан, қаржылық қатынастарды ұйымдастырудың нысандары мен олардың сыртқы көрінісі әр түрлі. Бұл мағынада қаржы құрамы туралы айтуға болады. Қаржылық қатынастардың сфералары мен буындары өзара тығыз байланыста болады және елдің біртұтас қаржы жүйесінің құрамын құрайды.
Сонымен бірге қаржы құрамын мемлекеттің қаржылық саясатын жүзеге асыруға қызмет ететін нақтылы қаржы органдары болып табылатын қаржы жүйесінен ажырата білген жөн.
Қаржы жүйесі ұғымымен қатар қаржы-кредит жүйесінің жалпылама ұғымы да бар, оған қаржы жүйесінің буындары ғана емес, сондай-ақ кредит жүйесі де кіріктіріледі. Қаржы-кредит жүйесі бірлескен түрде көбінесе материалдық өндіріс сферасыда қызмет етеді, өйткені кредит мекемелері өндірістік емес сфераға жатқанымен өндірістік емес сферада кредиттік қатынастар шектелінген.
Ақшалай қаражаттардың қозғалысына байланысты мемлекет, шаруашылық жүргізуші субъектілер, салалар, өңірлер және жеке азаматтар арасында пайда болатын экономикалық, ақшалай қатынастардың жиынтығы қаржылық қатынастарды құрайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   314




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет