ҚЎлпыбаев с



бет303/314
Дата13.11.2022
өлшемі3 Mb.
#49826
түріОқулық
1   ...   299   300   301   302   303   304   305   306   ...   314
Салықтық реттеусалық салудың жалпы деңгейін төмендету немесе көтеру есебінен бюджетке алу нормасын өзгерту арқылы өндірісті дамытуға мемлекетің жанама ықпал жасау шараларының жиынтығы.
Салық төлеуші – салықты жəне бюд­жетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуші болып табылатын адам.
Салықтық есептеме – салық төлеуші салық органдарына табыс етілетін, салық­тық міндеттемелерді есептеу туралы ақпараты бар құжаттама.
Салықтық емес түсімдер – Қазақстан Республикасының Салықтық кодексінде белгіленген, негізгі капиталды, гранттарды сатудан түсетін түсімдерге жатпайтындардан басқа, Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінде белгіленген бюджетке төленетін міндетті, қайтарылмайтын төлемдер, сондай-ақ, ресми трансферттерден басқа, бюджетке өтеусіз негізде берілетін ақша.
Салық мағлұмдамасы, есеп-қисабы – салық төлеушінің, салық агентінің Салықтық кодексте белгіленген тəртіпке сəйкес салық органдарына берілген жазбаша өтініші жəне (немесе) электрондық құжаты, онда салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілер туралы, сондай-ақ салықтық міндеттемелерді есептеу мен төлеуге байланысты басқа да деректер туралы мəліметтер болуға тиіс.
Салық мөлшерлемесі – салық базасының өлшем бірлігіне салықтық есептеулердің шамасы. Салық мөлшерлемесі салық базасының өлшем бірлігіне пайызбен немесе абсолюттік сомамен белгіленеді.
Салықтық түсімдер – Қазақстан Рес­пуб­ликасының Салықтық кодексінде белгіленген салықтар жəне бюджетке төле­нетін басқа міндетті төлемдер.
Салық төлеушінің тіркеу нөмірі – салық төлеуші ретінде оны мемлекеттік тіркеу жəне Қазақстан Республикасы салық төлеушілерінің мемлекеттік тізіміне ол туралы мəліметтерді енгізу кезінде салық жəне бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдердің барлық түрлері бойынша салық төлеушіге берілетін бірыңғай нөмір.
Салық төлеушінің (салық агентінің) дара шоты – салықтың жəне бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдердің, міндетті зейнетақы жарналарының, əлеуметтік аударымдардың есептелген, есепке жаз­ылған (азайтылған), аударылған жəне төленген (есепке жатқызылғандары жəне қайтарылғандары ескерілген) сомасын, сондай-ақ өсімпұлдар мен айыппұлдардың сомасын есепке алуға арналған құжат, оның ішінде электрондық нысандағы құжат.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   299   300   301   302   303   304   305   306   ...   314




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет