ҚЎлпыбаев с


Ш Қаржылық есептемені беру валютасы



бет310/314
Дата13.11.2022
өлшемі3 Mb.
#49826
түріОқулық
1   ...   306   307   308   309   310   311   312   313   314
Байланысты:
каржы-кулпыбаев-2007-1

Ш
Қаржылық есептемені беру валютасы – қаржылық есептеме берілетін валюта.
Шетел валютасындағы операция – шетел валютасында көрсетілген немесе реттеуге жататын мәміле.
Шығыстар – шетке кету түрінде есепті кезең ішінде экономикалық пайда немесе сервистік әлуеттің азаюы немесе капиталда қатысатын тұлғаларға бөлуге қатысты азаюдан ерекшеленетін, таза активтердің / капиталдың азаюына әкелетін активтердің азаюы мен міндеттемелердің туындауы.
Э
Экспорт – өнімді Қазақстан Респуб­ликасының кедендік аумағынан тысқары жерде тұрақты орналастыру немесе тұтыну мақсатында осы аумақтан əкету.
Электрондық салық төлеуші – Сал­ықтық кодексте белгіленген тəртіппен электрондық құжаттармен алмасу кезінде салық службасы органдарымен жасалған электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану жəне тану туралы келісімнің негізінде салық службасы органдарымен электрондық тəсілмен өзара іс-қимыл жасайтын салық төлеуші.
Электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құрал дарымен жасалған жəне электрондық құжаттардың дұрыстығын, оның тиесілілігін жəне мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиыны.
Эмитент – эмиссиялық бағалы қа­ғаздарды шығаруды жүзеге асыратын тұлға.
Эмиссиялық бағалы қағаздар – бір шығарылым шегінде біртекті белгілер мен реквизиттері болатын, осы шығарылым үшін бірыңғай жағдайлар негізінде орналастырылатын жəне айналысқа түсетін бағалы қағаздар.
Эмиссиялық емес бағалы қағаздар – заңнамалық актілерде көрсетілген белгілерге сəйкес келмейтін бағалы қағаздар.
Эмиссиялық бағалы қағаздар шыға­рылымы – эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздардың азаматтық құқықтар объекті ретінде пайда болуына бағытталған іс-əрекет немесе орналастырылуы, айналыста болуы жəне өтелуі осы эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымы проспектіне сəйкес жүзеге асырылатын белгілі бір бағалы қағаздардың жиынтығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   306   307   308   309   310   311   312   313   314




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет