Ұлттық валюта қазақстан Республикасының валютасы



Дата22.12.2023
өлшемі0,78 Mb.
#142885
түріСабақ

Сабақтың тақырыбы:

  • ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА
  • Қазақстан Республикасының валютасы
  • Тәуелсіз егемен мемлекеттің міндетті рәміздерінің бірі оның ұлттық валютасы болып табылады.
  • Кез келген мемлекеттің тарихына оның бір-ақ рет енгізілетін өз валютасының тарихы да кіреді. Басқа көптеген елдердің ұлттық валютасының тарихы сан ғасырлар бойы қалыптасқан. Кез келген ұлттық валюта елдің өткенін, бүгінгісін және болашағын бейнелейді. Ал Теңгенің - Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының тарихы Президенттің 1993 жылғы 15 қарашадағы жарлығынан басталды.
  • Алғашқы кезде Теңгенің бірінші шығарылған қатары (1 теңге = 100 тиын) мынадай номиналдардан тұрды: • 1, 3, 5, 10, 20, 50 және 100 теңгелік банкноттар • 1, 3, 5, 10, 20 теңгелік монеталар, • 1, 3, 5, 10, 20 және 50 тиындық монеталар ( бастапқыда қағаздан жасалған ).
  • Кейіннен айналысқа: • 1994 жылы 1993 жылғы үлгідегі номиналы 200 теңгелік және 1994 жылғы үлгідегі 500 теңгелік банкноттар; • 1995 жылы 1994 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкноттар; • 1996 жылы 1996 жылғы үлгідегі номиналы 2000 теңгелік банкноттар ; • 1997 жылы номиналы 1, 5, 10, 20, 50 теңгелік монеталар (жаңа дизайны); • 1999 жылы 1998 жылғы үлгідегі номиналы 5000 теңгелік банкноттар; • 2000 жылы 1999 жылғы үлгідегі номиналы 200 және 500 теңгелік банкноттар (дизайны өзгертілген),
  • 2001 жылы : • 2000 жылғы үлгідегі номиналы 1000 және 2000 теңгелік банкноттар ( дизайны өзгертілген ); • 2001 жылғы үлгідегі номиналы 100 теңгелік банкноттар ( дизайны ішінара өзгертілген ); • Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған 2001 жылғы үлгідегі 5000 теңгелік мерейтойлық банкноттар; • 2001 жылғы үлгідегі 5000 теңгелік банкноттар ( дизайны ішінара өзгертілген ).
  • 2002 жылы : • 2003 жылғы үлгідегі номиналы 100 теңгелік банкноттар; • 1999 жылғы үлгідегі номиналы 200 және 500 теңгелік банкноттар (дизайны ішінара өзгертілген) шығарылды.
  • 2003 жылы: • 2003 жылғы үлгідегі номиналы 10 000 теңгелік банкноттар. қолданылады . Мерейтойлық және ескерткіш монеталар оларда белгіленген құнға сәйкес төлем қабілетіне ие, бірақ олар негізінен мәдени - ағарту
  • Республикада ақша айналысындағы монетамен қатар мерейтойлық және ескерткіш монеталар да мақсатында шығарылған . Әдеттегідей, олар қатаң шектеулі таралыммен шығарылады және Қазақстан Республикасының аумағында және шет елдерде коллекциялық құнымен сатуға арналған.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет