Жаңартылған бағдарламаның жаңғырығы
Елбасының бастауымен жүзеге асып жатқан бағдарламалар мен реформалар- еліміздің өміріне жаңа серпіліс беріп, тың бастамалар жүзеге асырылуда.
«Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» – баршамызға ортақ жауапкершілік жүктеп, Қазақстанның білім беру саласын жаңғыртуындағы негізгі бағыттарын айқындауды көздейді. Білім мазмұнын жаңарту – білім беру бағдарламасының құрылымы мен мазмұнын, оқыту мен тәрбиелеудің әдістері мен тәсілдерін қайта қарастыру болып табылады. Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды бойына сіңірген, кез - келген өмірлік жағдайда функционалдық сауаттылығы мен бәсекеге қабілеттілігін көрсете білетін тұлғаның үйлесімді қалыптасуына және зияткерлік дамуына қолайлы білім беру ортасын тудыру – жаңартылған білім мазмұнын енгізудің нәтижесі болуы керек.
Бүгінгі күні жаңартылған бағдарлама бойынша 1,2,5,7-сыныптар оқытылып жатыр. Жаңартылған бағдарламаның жаңашылдығы мен тиімділігі оқыту үрдісіне оң өзгерістер әкеліп жатқандығы айқын. Білім беру салаларының барлығы дерлік осы өзгерістерді жүзеге асыруда жүйелі жұмыстар ұйымдастыруда. Педагог мамандарды жаңартылған бағдарлама бойынша оқу үрдісіне дайындау, оларға әдістемелік көмек көрсету, ата-аналар қауымына ақпарат беру, түсіндірме жұмыстарын жүргізу, оқушыларды жаңа жүйеге үйрету сияқты сан-салалы жұмыстарды жүргізуде аудандық, қалалық білім бөлімдері ұйытқы болып отыр. Олардың басшылығымен семинарлар, педагогикалық оқулар, коучингтер, «шеберлік сабақтары» өткізілуде.
Алматы облысы, «Қарасай ауданының білім бөлімі» мемелкеттік мекемесінің басшысы Г.Такимова жаңартылған бағдарламаның сәтті жүзеге асырылуын бақылап, жаңашылдықты кезең-кезеңімен білім беру үрдісіне енгізуді жүйелі түрде жүзеге асырып отыр. Үстіміздегі оқу жылында аудан көлемінде қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, география, тарих сияқты негізгі пәндер бойынша семинарлар ұйымдастырылды. Қазіргі уақытта осындай игі бастаманы жалғастыру мақсатында жас мамандар мен еңбек өтілі аз ұстаздарға үшін Қаскелең қаласын, Алтын ауыл орта мектебінде 2018 жылдың 20 қаңтар күні «ЖАҢАРТЫЛҒАН БАҒДАРЛАМА – БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА МАЗМҰНЫ» тақырыбында қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пән мұғалімдеріне арналған тәжірибе алмасу мақсатындағы әдістемелік күн ұйымдастырылды.
Жаңартылған бағдарлама бойынша қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәнін оқытудың өзекті мәселелерін талқылау өзара тәжірибе алмасу, құнды ақпараттар беру арқылы тәжірибедегі проблемалардың шешу жолдарын табуға әдістемелік көмек көрсету қажеттілігін Қарасай аудандық білім бөлімінің әдіскері Нұрғазы Айнұр Нұрғазықызы нақты айтып өтті. Аталған әдістемелік күнде ауданымыздың «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Педагогкиалық шеберлік орталығыц Кембридж университетінің Білім беру факультетімен бірлесіп әзірлеген Қазақстан Республикасының орта білім беру факультетімен бірлесіп әзірлеген бағдарламасы бойынша деңгейлік курстан және жаңартылған бағдарлама бойынша арнайы курстан өткен тәжірибелі ұстаздар әдістемелік күнде өздерінің озық іс-тәжірибесімен бөлісіп, ой-пікірлерін ортаға салды.
Семинарда «шеберлік сабағын» өткізу алдыңғы кезекке қойылған. Тек құжат немесе кеңес беру арқылы емес, шеберлік сабақтарын көру арқылы ұстаздар қауымы жаңартылған бағдарламаның ерекшеліктері туралы терең мағлұматтар алып, практикада қолдана білудің қыр-сырын үйренеді. Тәжірибелі ұстаздар үлгілі сабақтарда сабақ құрылымын сауатты қиюластыру, оқу мақсаттарын қою, критериалды бағалау, топпен, жұппен жұмыс түрлерін жургізу, әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану арқылы заманауи сабақты өткізудің маңыздылығын көрсетті. Үлгілі сабақтарда сабақтың психолологиялық, педагогикалық, мазмұндық, әдістемелік және пәндік аспектілері өзара тығыз байланыста болуы керектігіне жете мән беріліп, ақпараттық коммуникативті технологияны қолдана білудің шеберлігі де көрсетілді.
Қазақ тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі және орыс тілі пәнін оқытудың педагогикалық тұғырлары «Құндылық бағдарлы оқыту», «Түрлі мәдениет пен көзқарастарға құрмет сезімін қалыптастыру», «Тұлғалық бағдарлы оқыту», «Коммуникативтік-функционалдық бағдарлы оқыту», «Ақпараттық-коммуникациялық бағдарлы оқыту» бағытында болғандықтан, педагогикалық әдістер мен тәсілдер жүйесі осыған сәйкес қолданылды.
Жаңалыққа жаны құмар ұстаздар қауымы семинардан өздеріне көптеген қажетті мәліметтерді алып, шеберліктерін шыңдап, алғыстарын білдіріп жатты. «Озық іс - көпке үлгі» демекші, озат мұғалімдердің іс-тәжірибелерін тарата отырып, жаңалықтың жаршысы болған аудандық оқу бөлімінің игі істері баршаға үлгі болады деген сенімдемін.
Осындай игі іске жанашыр болған Қарасай ауданнының білім бөлімінің басшысы Г.Такимоваға және аудандық әдістемелік кабинет әдісекрлеріне білім сапасын көтерудегі әрбір істеріңіз табысты да, жемісті болсын.
Достарыңызбен бөлісу: |