Ұлтьық руханияттан 15-ші өсөж
Жыраулар поэзиясындағы ұлттық идея мен рухани үндестік
Орындаған:Қитуллаұлы Нұртас
Тексерген:Обаева Г.С.
Ұлттық рухты қалыптастыруда қазақ əдебиетінде жыраулар поэзиясының алатын орны ерекше. Бұл жөнінде Елбасымыз Н.Ə.Назарбаев «Тарих толқынында» атты еңбегінде былай ой түйеді:«Халық рухының ұшқыны ақындардың, сазгерлер мен айтқыш абыздардың жүрегінде тұтанып, жалындай бастады. Асан қайғы, Шалкиіз, Бұқар жырау сияқты бұл дəуірдегі ұлттың шығармашылығында шынайы қазақ руханияты қалыптасып дамыды»
Жыраулық поэзия – ұрпақтан-ұрпаққа жеткен сөз өнеріміздің асыл мұрасы, дамыған
ұлт əдебиетінің ғажап көркемдік белгісі. Ə. Тəжібаев:«Жырау – сөз жоқ, ақын. Ақын
болмай, жұрт қадірлейтін жырау атану мүмкін емес. Ақындығы күшті жыраулардың
жалынды жырлары үнемі жаңғырып, кейінгі ұрпаққа сиқын бұзбай көрікті күйінде жетіп отырады. Ал, жыраулықертеден келе жатқан халық поэзиясының үлкен бір дəстүрлі саласы» – деп жыраулық дəстүрді əдебиетте орны бөлек жеке сала ретінде алып
қарастырады.
ХV -ХVIII ғасырлардағы жыраулар поэзиясы – өмірді танытушылық, философиялық-дидактикалық мағынасы мол мұра. Ақын-жыраулар өлең-жырларымен, өнегелi iсiмен
халыққа белсене қызмет етiп, ел ұйытқысы, тəлiм-тəрбие мектебiнiң ұстазы бола бiлдi.
Жыраулар ел болашағын жырлауы тұрғысынан дараланып келген, сол дəуірдің ой-сана,
əдет-ғұрыптық, тілдік шаруашылық, тарихи көріністерін суреттеген. Бұл жөнінде Х.
Досмұхамедов былай дейді: «Қазақтың жеке өмірінің барлық сəттері – туғаннан бастап
өмірден озғанға дейін, сондай-ақ тұтас халықтың немесе жеке рудың қоғамдық өміріндегі
барлық оқиғалар халық əдебиетінде жырланады» – деп ой түйсе, Е.Ысмайлов:
«Жыраулар өмірдің ұсақ мəселесіне аз араласып, көбінесе, заман-дəуір, өткен мен келешек, адамгершілік, жақсылық пен жамандық жайында ойлар, болжаулар, қағидалы сөздер айтып отырған»
Жыраулар поэзиясының өзекті тақырыбы – туған елі, оған деген сүйіспеншілігі, елдің
бірлігі, бүтіндігі. Асан қайғы:
«Ай, хан, мен айтпасам білмейсің,
Айтқаныма көнбейсің.
Шабылып жатқан халқың бар,
Аймағын көздеп көрмейсің
Қымыз ішіп, қызарып,
Мастанып, қызып терлейсің.
Өзіңнен басқа хан жоқтай,
Елеуреп неге сөйлейсің», – деп ханның мінін бетіне айтып, орда маңында болып жатқан
келеңсіздіктерді, елінің қараусыз қалғанын батырып айтады. Одан əрі халқына жайлы қоныс, ырысты жер іздеген абыз жырау:
...Тіл алсаң іздеп қоныс көр,
Желмая мініп жер шалсам,
Тапқан жерге ел көшір,
Мұны неге білмейсің!», – деген ақылгөй сөзі – сол елінің қамын ойлаған жүрек сөзі.
Сол сияқты Қазтуған жырау да:
«Қайран менің Еділім,
Мен салмадым, сен салдың,
Қайырлы болсын сіздерге
Менен қалған мынау Еділ жұрт!.. – деп еңіреп өткен. Қазтуған жыраудың бұл толғауы
өзінің рухани қуатын, идеологиялық мағынасын əлі жоғалтқан жоқ. Бұл туынды өзінің елге
деген, туған жерге деген патриоттық рухымен, ғасырлар бойы халықты жігерлендіріп келді.
«Еділдің бойын ел жайлап,
Шалғынына бие біз байлап,
Орындықтай қара сабадан
Бозбаламен күліп, ойнап,
Қымыз ішер күн қайда!» – деп Доспамбет жырау армандаған,
«Ауылдан топыр үзілмей,
Ошақтың оты өшпесе,
Май жемесе қонағым...
Он кісіге жараса,
Бір кісіге асқан тамағым», – деп Ақтамберді жырау еліне ырыс, молшылық тілеген,
бейбіт, тыныштық өмірді қалаған.
Жыраулар поэзиясы еліне деген ыстық сезімге толы. Олар сол еліне жалынды
жырларын арнаған, халқын сол елі үшін қызмет етуге үндеген, керек болса, жанын пида етуге шақырған. Халқы үшін қан майданда шайқасқа түсіп, елін, жерін сыртқы жаудан қорғаған əйгілі халық батырларының ерліктерін де жыр еткен. Мысалы, Тəтіқара жырау толғауында:
«Ағашта биікті айтсаң қарағайды айт,
Жігіттік, ерлікті айтсаң Бөгембайды айт.
Найзасының ұшына жау мінгізген
Еменəлі Керейді Ер Жабайды айт», – деп батырлардың ержүректілігін, батылдығын
жыр еткен.
Шалкиіз жырау ерлер жаудан да, сойдан да тартынбайтын, батырлығы басынан асқан
жігерлі жандар.
Ғаділ төре ел бастар,
Шешен адам сөз бастар,
Аға жігіт ел бастар,
Шешен адам сөз бастар, – деп ер жігіттің ерлікпен аты шығатынын, нағыз батыр
қиындыққа шыдап, ел үшін күреске шығу керектігін айтады.
Ақтамберді жырау:
...Қоңыраулы найза қолға алып.
Қоңыр салқын төске алып,
Қол қашырар ма екенбіз, – деп өзінің замандас жас ұрпағын табандылыққа, ерлікке,
жауға батыл аттануға шақырады. Ал Бұқар жырау өз заманының басты идеологы болды, толғаулары сол тұстағы маңызды мəселелерге арналды. Сол тұста ерекше ерліктерімен көзге түскен Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақұлы Жəнібек, Сіргелі Тілеуке тағы басқа батырларды ханның сенімді серіктері, «қазақтың абырой-арына бар күшін сарп қылған» ел қорғаны, əйгілі
батырлары, асыл азаматтары тұрғысынан жырлады. Жырау Абылай ханның
Қалмақты қашырдың.
Алатаудан асырдың.
Қазаққа жер кеңейттің,
Дұшпаныңды кеміттің, – деп жау қашырған қолбасы, батырлығы мен көсемдігін, өзгеге
үлгі боларлық істерін жырлады. Сонымен, халқымыздың ауыз əдебиеті ұрпақ тəрбиелеуге өлшеусіз үлес қосты жəне əлі де үлес қосып келеді. Ақын-жыраулардың поэзиясы, олардың
ұлттық рух пен тарихи сананы жаңғырту идеясы қазірдің өзінде де өз күшін жойған жоқ.
Елбасымыздың «Егер біз мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің мемлекетіміздің ұзақ
уақытқа меңзеп құрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн. Оған барар жол халық даналығының негізінде жатыр. Қазақта мынандай мақал бар: «Жеті атасын білмейтін ер жетесіз, жеті ғасыр тарихын білмейтін ел жетесіз»
Сондықтан жыраулардың бай мұраларын қазіргі жастардың пайдаланатын тəлімдік
құралы етіп, оларды елін, жерін сүюге, құрметтеуге баулып, адамгершілік қағидаларының басты ұстанымы екендігін жастар санасына сіңіру қажет.
Ұрпақты ұлттық рухқа тəрбиелеу тұрғысынан жыраулар мұрасы өз мəнділігін
жоғалтпақ емес жəне ақынжыраулар толғаған жырлар арқылы олардың бойына патриоттық сезімді қалыптастыруымыз қажет.
Тағдыр талайымен, көп бейнет-азаппен жеткен тəуелсіздігіміз баянды істермен толыға
түсуде. Елбасы Н.Ə.Назарбаев Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауларының бірінде былай деген еді:«Біз алдымызға анық та айқын мақсат қойдық – біз жақсы өмір сүргіміз келді, біз еркіндікке ұмтылдық, біз бəрінен бұрын балаларымыз бен немерелеріміздің лайықты өмір сүруін қаладық». Міне, осы ұлы мақсаттарға бүкіл ел азаматтары ғұмырының біраз жылдарын арнады. Еңбегіміз еш кеткен жоқ, біз бүгінгідей биікке көтерілдік, төрткүл дүние таныған, əлем мойындаған елге айналдық. Бұл ұғымның астарында елдің ертеңі үшін атқарылған қаншама жанкешті істер бар, жұдырықтай түйіліп, елді көркейтуге жұмсалған өлшеусіз еңбек бар. Тəуелсіздік тұғырын бекемдей түсудің ұлы мұраты – елдің бүтіндігін келер замандарға жалғастыру, өркениеттің асқар белестеріне өрлеу болмақ.
Пайдаланылған əдебиеттер:
1. Назарбаев Н.Ə. Тарих толқынында. – Алматы, 2003.
2. Тəжібаев Ə. Жылдар. Ойлар. – Алматы, 1976.
3. Досмұхамедұлы Х. Таңдамалы. – Алматы, 1998.
4. Ысмайылов Е. Ақындар. – Алматы, 1956.
5. Бес ғасыр жырлайды. Том 1. – Алматы, 1984.
Достарыңызбен бөлісу: |