Бегманова Бибіжан Сейтханқызы 1972 жылы 8 қыркүйекте Түркістан облысы, Сауран ауданы, Бабай-Қорған ауылында дүниеге келді
Ұлты - қазақ
Түркістан облысы, Үлгілі ауылындағы «М.Балақаев» атындағы он жылдық орта мектепте 1979-1989 жылдары білім алды
Білім жолы
1989-1991 жж. Түркістан қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық училищенібітірді
1995-1999жж. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті филология факультетінің күндізгі бөлімінде «қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің оқытушысы мамандығы бойынша бітірді
2006 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы диссертациялық кеңесте «М.Мақатаев лирикасындағы ұлттық болмыс» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады
2001-2002 жж. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ізденушісі,
2002-2005жж. Қазақ әдебиеті кафедрасының күндізгі бөлім аспирантурасын бітірді
Қызметтік жолы
1991-1994жж. Бабай-Қорған ауылында «Қарлығаш» балалар бақшасында тәрбиеші, 1994-1995жж. «Куйбышев» жалпы орта мектебінде бастауыш сынып оқытушысы қызметтерін атқарды
1999-2001 жж. Шымкент қаласындағы «Арман» мектебінде «қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің оқытушысы қызметін атқарды
2006 жылдан бері Қазақ әдебиеті кафедрасында қызмет атқарып келеді
Жетістіктері
2014 жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің дамуына қосқан үлесі үшін «Құрмет белгісі» медалімен марапатталды (Куәлік номері № 337)
ҚазҰҚПУ профессор-оқытушыларының рейтингісі бойынша 2020 жылдың «Үздік ғалымы» атанды
Қауымдастырылған профессор (2021ж.), ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің бекітілді.
Жалпы саны жүзге жуық ғылыми мақала, оқулықтардың авторы.
Монография – 3,
Оқулық -1,
Эл.оқулық -1,
Уәкілетті орган ұсынған басылымдарда – 25,
Scopus, Jstore базасындағы журналдарда –8,
халықаралық шетелдік конференция материалдарында – ;
Отбасы жайында Жолдасы – филология ғылымдарының кандитаты Мұқамадиев Дәурен Бақдаулетұлы – Абай атындағы ҚазҰПУ-нің қызметкері.
Алинұр есімді ұлды тәрбиелеуде
.
Назарларыңызға рақмет!