Ұлтымыздың жақсы қа­ сиеті, әдемі үлгісі бар. Ол – қарттарын қадір тұтып, үлкеннің алдын кесіп өтпей



Pdf көрінісі
бет4/4
Дата02.01.2017
өлшемі8,28 Mb.
#1042
1   2   3   4

Шәкірат ДӘРМАҒАМБЕТҰЛЫ,

Арал қаласы.



Суретте: Рауаш және 

Шалқошқар батыр бейіті.

Бабакүлдік

ШАЛҚОШҚАР БАТЫРДЫҢ ШӨПШЕГІ

немесе


 

ҰЗАТЫЛҒАН ҚЫЗ ХИКАЯСЫ

Тар төсекке қалма ұлым таңылып,

Өткен күндер ойға алып қамығып.

Белді буып өнер жолға қарышта,

Дертке дауа күш – жігерге бағынып.»

Жайлап  Бәкең кетті ұзап бөлмеден,

Түсім емес бейне тірі өлмеген.

Бұл ғажапқа қалай қайран қалмассың,

Дүр ақынды жолықтырсаң көрмеген.

Жеңіл тұрдым төсегімнен мен сергек,

Жыр тасқыны төгілгендей бой кернеп.

Ақын жайлы сыр шертуге бекіндім,

Мойындатқан дарынымен тым бөлек.



Жұмабек ТАБЫНБАЕВ.

Көп  қабатты  үйіміздің  ауласынан  алысқа  ұзамай 

есік  алдында  жүргенмін.  Сәлден  соң  қабырғалас 

тұратын  көршім  Нұрым  да  сыртқа  шықты.  Осы-

нау тұйық мінезді, ірі тұлғалы жігіт ағасының қашан 

көрсең  де  терең  ой  үстінде  жүретін  әдеті  бар.  Осы 

жолы  да  қабағы  түксиіп  әлденеге  мазасызданып 

тұрғаны  байқалады.  Қолына  үлкен  жол  сөмкесін 

ұстап  алыпты.  Сірә,  алыс  бір  жаққа  сапар  шегетін 

сыңайлы. Ауылда тұрып, әке-шешемнің «жасы үлкен 

адамға таны-таныма сәлем беру міндетің» деген сөзін 

кішкентайымнан  бойға  сіңіріп  өскендіктен  сәлем  бе-

руге  асықтым.  Ғұмыр  бойы  мұғалім  болған  марқұм 

әжем  де  «Сәлем  –  имандылықтың  белгісі»  дегенді 

жиі  айтушы  еді.  Мен  кейде  қала  тұрғындарының 

қылығына  таң  қаламын.  Қарсы  жолыққан  бейтаныс 

қарт  адамдарға  сәлемдесе  қалсаң  бетіңе  тосырқай 

қарап  кім  екеніңді,  қайдан  танитыныңды  сұрап  сау-

ал жаудырғанда еріксіз қысыласың. Ежелгі дағдымен 

көршіме  «Ассалаумағаликум»  деп  қос  қолымды  соз-

дым.  Күректей  алақанымен  саусақтарымды  қысқанда 

қатты  ауырсындым.  Амандық-саулық  сұрасқаннан 

кейін  Нұрым  өзінің  Қарағандыға  жол  жүріп  бара 

жатқандығын айтты.

Жалпы,  ол  өзің  әңгімеге  тартпасаң  ашылып 

сөйлесе бермейді. Темекіні көп шегетіні болмаса бөтен 

жаман әдеттері жоқ. Біздің ауладағы көпқабатты үйде 

тұрып  жатқанына  жылға  жуықтаған  еді.  Сонан  бері 

екеуміз  жақын  тіл  табысып,  еркін  әңгімелесіп  кеттік. 

Жасы  қырықты  алқымдаған  жанның  туыстарының 

үйінде жүргені өзгелерге оғаш көрінетіні де рас. Оның 

үстіне өзінің отбасы да тұрақты жұмысы да болмауы 

себепті  көршілер  оған  үрке  қарайтын.  Бетіме  үңіле, 

ұзақ  қараған  Нұрым  «қолың  бос  болса,  мені  пойызға 

шығарып  салшы»  деп  өтініш  жасады.  Мен  қуана 

келістім.  Екеуміз  вокзалға  келдік.  Жолаушылар  көп 

екен.  Күткен  пойызымызға  әлі  ерте  болғандықтан 

көршім  мейрамханадан  тамақтанып  алсақ  деген 

ұсынысын  айтты.  Шеткері  тұрған  үстелге  жайғасып, 

дәмге тапсырыс бердік. Сәлден соң Нұрым өзінің ба-

сынан  өткен  өмірі  жайлы  әңгімесін  бастады.  Оның 

ауыр  да  күрделі  тағдырын  естігенде  көңілде  терең 

күрсіністер болғанын несіне жасырайын.

–  Әке-шешеден  тым  ерте  қалдым.  Аға-жеңгемнің 

қолында өстім. Шыны керек, ағам Ғалым мен жеңгем 

Гүлсім  қанша  өбектеп  тұрса  да  бәрібір  әкенің  аялы 

алақаны мен ананың мейірімін аңсаушы едім. «Арты-

ма ерген жалғыз інім ғой» деп ағам ешқашан бетімнен 

қаққан емес. Обалы нешік, жеңгем де ағамның қабағына 

қарап «тәйт» деген кезі болған жоқ. Не кием, не жеймін 

демедім. Өз балаларынан гөрі мені мәпеледі. Ағамның 

аздаған  алып-сатарлығы,  саудаға  икемі  бар-тұғын. 

Соның  арқасында  «қайта  құру»  аталып,  Кеңестік 

кезеңнің  құлдырауға  таяу  тұрған  тұсында  да  біздің 

жағдайымыз  нашар  болды  дей  алмаймын.  Мектеп-

те оқып жүргенде айтулы тентектің бірі болдым. Со-

нау советтік кезеңнің тұсында бозбалалардың көшеге, 

аула-аулаға  бөлініп  төбелесуі  жаппай  етек  алғаны 

мәлім ғой. Мен де талай жанжалды басымнан өткердім. 

Көп төбелестім. Кейін келе түнделетіп жүру әдетке ай-

налды.  Үйірімен  жүрген  шибөрілердей  көше  кезетін 

едік.  Бала  кезімнен  еркін  өскендікі  шығар  мінезім  де 

тік, өжет болды. Құдай берген бұла күшіммен «менмін» 

дегендердің  де  мысын  басып  тұратынымды  айтсам 

мақтанғаным  емес.  Оның  үстіне  тілге  шешендігім 

де  бар.  Көше  шеңберінде  аз  уақытта  жақсы  бедел 

иелендім. Айтқан сөзімнің жерде қалған сәті жоқ. Не 

істейміз  десем  де  жанымдағы  жігіттер  екі  айтқызбай 

орындайтын.  Тұр  десем  тұрып,  отыр  десем  отырады. 

Орындалмаса,  соққы  жейтіндері  белгілі.  Сондықтан 

амалсыздан көнеді. Осы аралықта аға-жеңгем, олардың 

үйімен  де  арамызға  сызат  түсіп,  салқындай  бастаған 

еді. Бірақ, оларға ештеңе білдірмеуге тырысатынмын. 

Менің  өз  өмірім,  өрлікке  толы  еркіндігім,  олардың 

бала-шағасы, тіршілігі бар дегендей...

Жиырма жасқа толғанда Айсұлу атты бойжеткен-

ге көңілім ауды. Оқыған, зиялы жердің қызы еді. Өмірі 

төбелесіп,  әркіммен  жағаласып  жүретін  мені  әдепкі 

де менсіне қоймады. Алайда көше тентегі атанып, өз 

ортамда  билігім  жүріп  тұрған  мен  оған  көне  қоямын 

ба?  Жандайшаптарыммен  ақылдаса  отырып  қыздың 

басын  айналдырудың  түрлі  әдіс-тәсілін  жасадық. 

Ақыры Айсұлудың сезімін жаулап алдым. Сол кездегі 

шексіз  бақытты  күндерімді  әлі  ұмыта  алар  емеспін. 

Екеуміз үйленетін болып келістік. Шіркін, өзі де аты-

на  заты  сай  сұлу  еді.  Сенесің  бе,  мен  түзеле  баста-

дым. Арақты мүлде тастауға бекіндім. Шаруашылыққа 

жұмысшы  болып  орналастым.  Бөтелкелес,  төбелеске 

бірге  қатысатын  достарыммен  де  көп  араласпай-

тын  болдым.  Бірақ  мендей  тас  жетім  өскен,  оның 

үстіне  содырлығымен  жаман  аты  шыққан  сорлыны 

Айсұлудың  әке-шешесі  жақтырмады.  «Бай  мен  ке-

дей құда болса, қайдан құда болдым деп зорға жүреді» 

демеушіме  еді.  Зорға  жүргісі  келмей  қыздарын  бір 

байдың баласына ұзатып жіберді. Алғаш рет кеудеме 

күйік  түсіп,  тағдырыма  қатты  налыдым.  Жазмышқа 

кеткен  есемді  өзгелерден  алуға  тырыстым.  Біреудің 

мұрнын  бұзып,  біреудің  көзін  көгертіп,  немесе  теуіп 

кету  дағдыма  айналды.  Ішімдікті  суша  сіміріп,  наша 

шегуге  кірістім.  Қысқасы  азғындай  бастадым.  Бір 

жақсысы менен таяқ жегендер ешкімге шағымданбады. 

Ол кезде қазіргідей қит етсе қағаз-қаламын ала жүгіріп, 

үстіңнен арыз боратпайтын. Мұндайды жігіттік мінезге 

жат санап, ерсі көретін. 

«Мың  асқанға  бір  тосқан»  деген.  Ақыры  ойда-

жоқта  сүріндім.  Бірде  дәл  осы  теміржол  вокзалын-

да  бір  жігітпен  ерегесіп  қалдым.  Менің  жанымда  екі 

жолдасым  бар  да,  ол  жалғыз  болатын.  Шорт  кететін 

мінезімнен пайда көрген жерім жоқ. Бұл жолы да со-

лай болды. Керісіп тұрып оң қолыммен періп жібердім. 

Иек тұсына дөп тиді. Кескен теректей ұзынынан түскен 

жігітті бір соққымен құлатқаныма мәзбін. Жанымдағы 

екі жолдасым да қызып кетсе керек. Жабылып кеттік. 

Мен  бетінен  тепкілеуге  көштім.  Неткен  қатігездік?! 

Жон  арқасына  табанымды  тіреп  үстіне  шығыпта 

секірдім.  Басынан,  бүйрегінен  құнымыз  кеткендей 

тепкілей  бердік.  Алғашқыда  ыңырсыған  жігітіміз  ар-

тынан  дыбысын  шығаруға  да  әлі  келмей  қалды.  Тал-

дырып  тастап  түн  қараңғысын  жамылып  сытылып 

кеттік. Алайда вокзал жанындағы буфеттің сатушысы 

бізді байқап қалған екен. Полицияға қоңырау соғыпты. 

Ертеңіне-ақ тұтылдық. 

Күн  шығар-шықпастан  іздеп  келген  полиция 

қызметкерлері  қолыма  кісен  салды.  Ағам  іс  сапарға 

кеткен болатын. Мені тор есікті машинаға мінгізгенде 

жеңгем  дауыс  шығарып  жылап  қалды.  Тұңғыш  рет 

өзімнің  қылығыма  қатты  өкіндім.  Көзімді  әрең  ашып 

теңселіп  отырдым.  Басым  айналып,  құлағымның  іші 

шыңылдап барады. Қоңыр ғимаратқа кіргенде денемді 

ызғар  шарпып  өткендей  болды.  Қызыл  жағалы  жан-

дар  мен  олардың  жұмыс  орындарынан  салқындық 

лебі есіп тұратыны неліктен екен? Қанша мықтымын 

десең  де  тәртіп  сақшыларын  көргенде  мысың  ба-

сылып  қалатыны  өтірік  емес.  Еңсем  түсіп,  суға  кет-

кен мысықтай болып қалғанымды жасырып қайтейін. 

Көшеде басбұзар атаман атанғанмен бұл жерде ешкім 

емес екендігімді ұққандаймын.

Екінші  қабатқа  көтеріліп,  көп  есіктің  біреуіне 

кірдік.  Көзінде  көзәйнегі  бар,    ұзынбойлы  офицер 

«отыр» деген пәрмен берді. Ескі көк орындыққа сылқ 

ете түстім. Әлгі офицер алдыма бір бума қағазды тас-

тай салды. Ішінде өткен түнде екі жолдасыммен бірге 

тепкілеп,  тастап  кеткен  жігіттің  фотосуреті,  тағы 

басқа  құжаттары  жатыр.  Әлгі  жігіт  аса  ауыр  халде 

аурухананың жансақтау бөліміне түсіпті. Өмірімде бо-

йымды бірінші рет қорқыныш биледі. Кеуде тұсым шан-

шып, көзімнің алды қарауытып кетті. Тергеуші менің 

өміржолыммен  жақсы  таныс  екен.  Тіпті,  кімдермен 

төбелесіп,  қай  жерде  қандай  іс-әрекет  жасағыныма 

дейін ап-айқын қылыпайтып берді. Сұрақтарды қарша 

жаудырды. Жұмған аузымды аша алмадым. Не айтам?

Міне,  әп-сәтте  қылмыскерміз.  Қанша  жусаңда 

кетпейтін,  өмір  бойы  көкіректе  өшпейтін  күнәға 

тап  болдық.  Бәріне  өзіміз  кінәліміз.  Тергеу  изолято-

рында  жатырмын.  Бір  күні    кездесу  бөлмесінде  ағам 

Ғалыммен жолықтым. Ағам ашулы екен. Аздан соң:

– Болар іс болды, бояуы сіңді. Өкінгенмен шара не? 

Өзіңде әбден дандайсып, көкірегіңмен көк тіреп кетіп 

едің. Қапастағы күндерде тәубеңе келгенге ұқсайсың. 

Әке-шешемнен  қалған    тұяқсың.  Солардың  аруағы 

үшін, оған қоса жеңгең жылап мазамды алған соң амал-

сыздан келдім. Әйтпесе, «қолымен істегенін мойнымен 

көтерсін» деп отыр едім. Енді тығырықтан шығар жол 

қарастыруымыз  керек.  Жаныңдағы  екі  жолдасыңда 

осында  уақытша  қамауда  жатқанға  ұқсайды.  Бар 

жиған-тергенімді  бала-шағамның  аузынан  жырып 

жолыңа  шашсам  да  шығарып  алуға  тырысамын.  Ол 

үшін  жәбірленушіден  кешірім  алып,  татуласуымыз 

қажет. Сонда ғана сотталудан аман қаласыңдар. Бәрін 

бастап  жүрген  сенсің.  Қылығыңа  қарағанда  обалың 

жоқ дер едім. Амал қанша. Сырт ағайын бір інісіне ара-

ша  бола  алмады  деп  күледі  ғой,  –  деп  күйінген  ағам 

ызаға булықты.

Ағам  сөзінде  тұрды.  Дәулетін  шашып  жүріп 

кешірім  алды.  Жеңіл  жазамен  құтылдық.  Өкініштісі, 

біз соққыға жыққан жігіт өмірлік мүгедек болып қалды. 

Кейін  кешірім  берген  сәтте  жәбірленуші  жігіттің 

атасының сақалынан жасы сорғалап бізді қарғап, теріс 

бәтесін бергенін естідім. Ол кезде көңіл бөлмеген едім. 

Зардабын  жылдар  өте  сезіндік.  Сол  оқиғадан  кейін 

Гүлсім  жеңгемнің  алыстау  сіңілісінің  біріне  үйленіп, 

өз  алдыма  отау  тіктім.  Бірнеше  жыл  бірге  тұрғанмен 

сәбилі бола алмадық. Ажырастым. Қайтадан шаңырақ 

көтердім.Тағы  да  ажырастым.Үшінші  рет  үйлендім. 

Тағы да жолым болмады. Ал кеше баяғы екі досымның 

жол апатынан қаза тапқаны жайлы хабар алдым. Қазір 

солардың  жаназасына  бара  жатырмын.  Әттең,  менің 

еркімде  болса,  өмірімді  жаңадан  бастап,  адамдарға 

тек жақсылық жасар едім, – деген Нұрым жас сәбише 

солқылдап жылады. Көп ұзамай оны күткен пойызына 

мінгізіп салып, үйге беттедім...

Есет ТАБЫНБАЕВ.

Түнгі төбелес

Сан мәрте қалам тартылса да, бұл 

мәселенің  маңызы  жойылған  емес. 

Қазіргі  уақытта  сәнге  айналған  биік 

өкшенің зардабы жетерлік. Көпшілікке 

сымбаттылығын көрсетіп, өзінің стилін 

қалыптастырған 

бойжеткендердің, 

әдеміліктен өзгеге ойы жетпей тұр. Он 

сантиметрлік биік өкшелі аяқ киіммен 

көшеде жүру оңай емес. Десе де, жиын-

тойға  барғанда  «мен  мұндалаған» 

арулардың  аяғына  көзіміз  еріксіз 

түседі. Кейбіріне күштеп кигізгендей, 

сол  аяқкиіммен  жүре  алмай  әуре. 

Жұрттың  алдында  аудаңдап,  сүрініп 

жатқандарға  не  дерсің.  Тіпті  сондай-

дан аяғын қайырып, тобығын шығарып 

жатқандар да аз емес. Көбі биік өкшелі 

аяқ  киім  ерлерді  бойұсындырудың 

қаруы  деп  есептейді.  Бұл  тақырып 

әзілкештер әлемінен де тыс қалмауда. 

Тұрсынбек  Қабатов  оларды:  «Қыздар 

биік  өкше  кисе,  камазға  мінгендей, 

тізелері алда, өздері соңында келе жа-

тады» деп әжуалайды.

Жүрген жерін қопара қазып, тіпті 

тақасы  құмға  батқан  бикештердің 

мұңы да жетерлік. Табандары қызарып, 

ісінген өкшесін көргенде «Аяқ киімің 

тар  болса,  дүниенің  кеңдігінен  не 

пайда?»  деген  сөзді  өздері  де  жиі  ай-

тып  қояды.  Сонда  да,  балтырларын 

дірілдете, тақаларын тоқылдата басып, 

түзу  жүруге  дағдыланған  сәнбикелер 

үшін  сұлулық  құрбандықты  қажет 

етеді екен. 

Аяқ  киімнің  мұндай  үлгісі  ең 

алғаш  Египетте  пайда  болған.  XIX 

ғасырда  биік  өкшелі  аяқ  киімді  тек 

қалтасы  қалыңдар  ғана  киген  деседі. 

Ал, бүгінде кез келген дүкеннен басы 

сүйір,  біз  тақаларды  қалтаңа  қарай 

шертіп  таңдай  аласыз.  Сапасы  сын 

көтермесе де талғап киюге бағасы қол 

жетімді.  Ал,  зиянына  бас  қатырып 

жатқан ешкім жоқ.

Жерден бақыт тапқандай 

күлгені сұлу,

Жерге қазық қандай жүргені сұлу, 

– деп әнге қосқандай қазақ қыздарын  

қай  жағынан  алып  қарасаңыз  да 

сымбатты,  әрі  көрікті.  Абай  сүйген 

Тоқжан,  Төлеген  ұнатқан  Жібек, 

үріп  ауызға  салғандай,  үлбіреген 

Баянсұлулар биік тақа, қысқа шашсыз, 

тар белдемшесіз-ақ, тал бойын тіктеп, 

елді  ерекше  еліктірген.  Беліне  түскен 

ауыр,  қалың  қос  бұрымы  арулардың 

кеудесін  еріксіз  тіктеген.  «Заманы-

на  қарай  амалы»  десек  те  біз  тақалы 

бүгінгінің  сылқымдарына  денсаулық 

емес, сән артық болып тұр. 

Клиникалық  сараптау  нәтижесі 

бойынша,  ұзақ  уақыт  биік  өкше 

киетіндердің  жасы  ұлғайған  сайын 

бүйрек,  несеп,  ауруларымен  ауыра-

тындары  анықталған.  Кейде  мұндай 

аурулар  соңы  бедеулікке  апараты-

ны  да  дәлелденіп  отыр.  Сондай-ақ 

өкше  кигенде  бар  салмақ  башпайға 

түсетіндіктен,  бұл  жерде  қан  айналы-

мы  бұзылып,  тері  қорғаныс  ретінде 

қатайып,  салдарынан  омыртқа  ау-

рулары,  тізе  асты  сіңіріне  салмақ 

түсуі,  аяқ  саусақтарының  қисаюы, 

бел  аурулары  пайда  болады  деп 

ғалымдар  дабыл  қағуда.  Сонымен 

бірге,  биік  киіп  алған  қыздар  «құлап 

қалмаймын  ба,  мына  жерден  қалай 

өтемін»  деген  қобалжуынан,  ішкі 

қорқынышынан  миы на  салмақ  түсіп, 

әр  қадамын  басқанда  уайымға  са-

лынады  екен.  Қазіргі  ару  –  ертеңгі 

ана.  Ендеше,  ұлт  қамына  үлес  қосар 

нәзікжандыларымыз болашағын қазір-



ден қаперден шығармағандары жөн. 

Айсұлу НАСЫР.

Сұлулық құрбандықты талап ете ме?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет