Мұрат Мөңкеұлының «Қыз» өлеңіндегі қыз сипаты әнші-ақындар шығармашылығындағы қыз бейнесімен салыстыра талдап жазыңыз



Дата06.01.2022
өлшемі34,88 Kb.
#11819

Мұрат Мөңкеұлының «Қыз» өлеңіндегі қыз сипаты әнші-ақындар шығармашылығындағы қыз бейнесімен салыстыра талдап жазыңыз.

Қазақ әдебиетінде шығармалары қайшылыққа толы күрделі тұлға саналған ақындардың бірі — Мұрат Мөңкеұлы. Мұраттың артына қалдырған мол әдеби мұрасы тек қана әлеуметтік тақырыпқа арналмай, сонымен қоса махаббатты, әсемдікті, сұлулықты жырға қосқан. Сондай сұлу өлеңдерінің бірі «Қыз» деп аталады.Сұлу қыз, сарбаз қыз, қылықты қыз тақырыбына он тоғызыншы ғасыр ақындарының ішінде қалам сілтемегендері кемде-кем. Сол кездегі Мұраттан кейін қазақ әдебиетіне келген бір топ әнші-ақындар, яғни сал- серілердің де негізгі тақырыптары болды. Олар өздерінің әндерінде сұлулықты, махаббатты жырға қосты. Олардың қаламдарынан қазақ қыздарының сұлулығы мен сымбатын, ақылы мен парасатын, қайғысы мен мұңын суреттейтін алуан тақырыптағы әндер туындады. Осы «Қыз» өлеңің оқи отырып, ойыма Ақан Серінің "Қыз сипаты" өлеңі түседі. Екі шығарманың қандай ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар?

Мұраттың «Қыз» өлеңіндегі қыз бейнесі былай деп басталады:

Бұраңдап ақ моншақтай керілген қыз,

Оздырған салтанатын еліңнен, қыз.

Сәулесі ақ жүзіңнің жерге түссе,

Реңкің сары алтындай көрінген, қыз,-деп қыздың сұлулығы мен салтанатын дәріптеп, асқақтата суреттейді.

Ал Ақан Сері:                    

Бірінші бір қыз келер ақша маңдай,                  

Жамағат - үлкен-кіші мақтағандай.                  

Екінші бір қыз келер тілі жорға,                  

Ұқсаған жұмақтағы бейне хорға.                  

...Алтыншы бір қыз келер толық сары,                

 Бойына тең келмейді жанның бәрі,- деп қыз-қырқынның мақтауын асырады. Мазмұны бір болғанымен, сөз иірімдерінде де аздаған айырмашылық бар сияқты. Бірақ, екі түрлі ақынның туындысы болғандықтан, бұл, әрине, заңдылық. Енді мазмұны бойынша ең басты ұқсастыққа келейік. Екі бірдей сөз шайырының өлеңдерін өрнектеп, өрелі оймен, ең негізгісі, қорытындысын келіскендей бір-біріне пара-пар оймен аяқтаған қайта көңіл аудартты. Мұрат Мөңкеұлының өлеңіде:
Шалқақтап ата- ананың дәулетіне

Бір күні жөнелерсің үйіңнен, қыз

Әуеле атаңа еріп анаң келген,

Ойласаң осы жерден білін ген, қыз,-делінсе, Ақан Сері өлеңінде :

:    ...Жетінші бір қыз келер алым-салым,              

Болғанда мойны қысқа, шашы қалың.              

Әрқашан осындайға кез келеді.              

Қашаннан арылмаған соры қалың,- деп ақыры "Қыз мұраты - кету" деген қорытындыға келеді.  Тек Ақан Сері сәл де болса, "әйел теңсіздігі" тақырыбын қамтып өткені бар.


Жалпы сал- серілер поэзиясындағы қыз бейнесіне тоқталсақ ақындар өздерінің өлеңдерінде қыз тақырыбын шырқау биіктерге көтеріп, махаббат шәрбатына мас болады. Олар үшін басты тақырып- достық, махаббат, сұлулық, сезімге беріктік пен адалдық. Олар өздерінің сүйген сұлуларының бойынан неше түрлі асыл қасиеттерді көріп, соларды әндеріне қосады. Олардың сезімдері ыстық, олар өз жүректерінің қалауына ынтық. Олардың әндерінен армандарына жете алмаған ғашықтардың зары, сүйгеніне қосыла алмаған жастардың мұңы көрінеді.

Қорыта айтқанда, Мұраттың алған қыз бейнесі жалпы қазақ қыздарына тән бейне. Ал әнші- ақындар шығармаларындағы қыздар бейнесі тоқталсақ, олар белгілі бір өмірде болған оқиғалармен байланысты туындаған. Олардың сұлу, сазды өлеңдерінің артында бір адамның тағдыры бейнеленеді. Жалпылық емес даралық ұғым білдіреді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет