Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы



Дата30.09.2024
өлшемі187,44 Kb.
#146257
Байланысты:
ЭССЕ (1)


Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
"Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті

ЭССЕ
тақырыбы: Ауыл шаруашылығында сумен жабдықтау жүйелері



Орындады: Ордабаев Д.
Алматы – 2024
Агроөнеркәсіп - еліміздегі даму бағыттары айқындалған, жеткілікті қаржы көздері бар, оларды игеру механизмдері де сынақтан өткен сала. Ендігі жерде президентіміздің биылғы жолдауындағы ауыл мен ауыл шаруашылығына байланысты айтқан міндеттерін, бүкіл әлемде орын алып отырған қаржы дағдарысынан шығу жолдарымен байланыстыра отырып, белсенді түрде жүзеге асыру қажет. Жолдауда агроөнеркәсіптік кешенді одан әрі дамыта отырып, аса маңызды екі міндетті - азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен экспортты әртараптандыруды қатар шешу жолдары аталды.
Ел экономикасын сауықтыруға Үкіметтің, Ұлттық банктің және Қазақстан қаржы рыногын реттеу мен қадағалау агенттігінің экономиканы және қаржы секторын тұрақтандыру жөніндегі 2024-2025 жылдарға арналған бірлескен жоспарында 2 триллион 172 млрд теңге қаржы қарастырылған. Оның ішінде экономиканы тұрақтандыру локомотиві ретінде таңдалған 5 бағыттың бірі — агроөнеркәсіп кешені саласына 500 млрд теңге қаржы бөлу жоспарланды.
Инвестициялар негізінен қазіргі қолда бар және жаңадан дамитын экспортқа бағытталған астық, ет және сүт өнімдерін қайта өңдеу, жеміс және көкөніс секторларына бөлінеді. Бұл қаржылардың дені экспорттық әлеуеті бар инфрақұрылымдарды жаңғыртуға, жаңадан құс фабрикаларын, ет комбинаттарын, көкөніс қоймаларын, тауарлы-сүт фермаларын, бордақылау алаңдарын, мал соятын бекеттерге жұмсалады. Осы іс-шаралар аясында агроөнеркәсіптік кешеннің мал шаруашылығында мал түрлерінің және олардан алынған будандар-дың жалпы мал табынындағы үлес салмағын арттыру, олардан сапалы өнім алу үшін мал бордақылауға, биязы жүн өндіруге, сүт фермалары арқылы сүт өндіруге маманданған шаруашылық құрылымдарын белсенді ұйымдастыру, ет өнімдерін өңдейтін кешендер ашу секілді жобалар жүзеге асырылатын болады.
Қазақстандағы кең ашық далада орналасқан жайылымдар, жоғары өнімді шабындықтар мен тау етегіндегі аймақтар мал шаруашылығын одан әрі өркендетудің нақты базасы болмақ. Ақшаға шаққандағы ауылшаруашылығының жалпы өнімі 2023 жылы 828,9 млрд. теңгені құрады, ол 2022 жылмен салыстырғанда 81 % артық.
Қазіргі кезде, ауылшаруашылығын жаңа техникалармен жарақтандырудың артуына қарамастан, басқа түрлі малшаруашылығымен салыстырғанда, қой шаруашылығындағы жұмыстарды механикаландыру деңгейі төмен. Атап айтқанда қой қора ішіне су беру бар болғаны 63 %-ке механикаландырылған, ал бұл көрсеткіш ірі қара, шошқа, құс фермаларында - 92 ...96 %-ті құрайды, тағы сол сияқты, осыларға сәйкес қи тазалау - 38 және 84 ... 93 %, азық тарату - 27 және 58 ... 93 %. Қой шаруашылығындағы механикаландырудың жалпы деңгейі бар болғаны - 24 % ғана, ал шошқа фермасында - 72 %, құс шаруашылығында - 84 %-ке жетеді. Қой шаруашылығындағы қолмен атқарылатын жұмыстың шамасы 80 %-ті құрайды.
Мал фермасындағы сумен қамтамасыз ету процесінің механикаландырылған деңгейінің жоғарылығына қарамастан, қой мен ешкіні суару кезіндегі суару жүйесін күтуге қажетті қол еңбегінің шығыны да өте жоғары. Оның негізгі себебі қазіргі кезде қолданылып жүрген автосуарғыштардың беті ашық болғандықтан, олардың бәріне ортақ мына төмендегідей технологиялық кемшілік пайда болады. Ол автосуарғыштарды пайдалану кезінде ішетін судың санитарлық-гигиеналық сапасы тез нашарлап кетеді. Себебі ондағы ыдысқа азық қалдықтары, жүн, қи, сілекей қалдықтары және т.с.с. лас заттар түседі. Оның үстіне олар қолмен үнемі тазаланып отырылмайды.
Жалпыға белгілі, қой-ешкіні өндірістік жолмен күтіп-баптау кезінде аздаған ғана шектелген ауданда көптеген мал басы шоғырланады. Сондықтан да ол кезде мал суаруға үлкен талап қойылады. Өйткені мал суаруды дұрыс ұйымдастырмау мен топтық автосуарғыштардың құрылыстық кемшіліктерінен малдардың арасында су арқылы жүқпалы, иназиондық және жұқпайтын аурулар тарауы мүмкін. Бұл әсіресе қойлар үшін өте қауіпті, өйткені олар, басқа малдарға қарағанда, бруцеллез, салмонеллез, қышыма, оспа және әсіресе гельминтоз сияқты ауруларға сезімтал болады.
Автосуарғыштардағы ішетін судың сапасының нашарлауын болдырмау мақсатымен, біздің елде және шетелдерде, бір тәулік ішінде бірнеше рет суару ыдыстарын лас заттардан механикаландырылған жолмен тазалайтын автосуарғыш жүйелері жасалып жатыр (ВНИИЖивМаш, СибНИПТИЖ, №3921587 АҚШ патенті). Бірақ олардың тазалау сапасы төмен, автосуарғыш-тардың жиек құрылысы күрделі және металл шығыны жоғары.
Малды сумен қамтамасыз ету оларды жайылымдық жағдайда бағу мен бір жерде тұрақты ұстауға байланысты ерекшеліктері өте үлкен. Бірінші жағдайда мал суғару үшін жайылымдарда (шабындықтарда) қарапайым су пункттері салынады. Құдықтан алынған су арнайы науаларға құйылып, жайылып жүрген мал содан су ішеді.
Біздің қарастырғалы отырған технологиямыз екінші вариантқа қатысты болғандықтан, оның жүйелік айырмашылығын толық қарап, техникалық және экономикалық тұрғыда бағалау қажет.
Мал фермалары мен кешендерін сумен қамтамасыз ету үшін ағын суды немесе жер асты суын пайдалану олардың геологиялық және гидрогеоло-гиялық орналасуына, экономикалық тиімділігіне байланысты екендігі көптеген зерттеулерде көрсетілген. С.В. Мельников [1] мал суарудың осындай ағымдық технологиялық жүйесін энергетикалық және технологиялық деп екіге бөледі.

Сурет 1.1 – Жер асты суларын пайдаланып сумен қамтамасыз ету сұлбасы
1-станса ғимараты; 2-ұнғыма; 3-ЭЦВ салмалы сорабы; 4-таза су резервуары; 5,7-су құбырлары; 6-арынды сорап стансасы; 8-су мұнарасы; 9-ұңғыма сүзгісі; 10-консольді сорап.
Қарастырылып отырған жер асты суы негізіндегі технология сұлбасының осындай бірінші бөлігі 1.1–суретте келтірілген. Бұл сұлба бойынша су ұңғымасынан 1 су көтеруге арналған салмалы сорап 2 көмегімен қажетті су бақылау құдығы 3 арқылы жер астында қазып салынған арнайы резервуарларда 4 жиналады. Сонан соң резервуардан су қажетінше екінші сатыдағы сораптарды 5 пайдалана отырып, су мұнарасына немесе тікелей тұтынушыларға (мал фермаларына) беріледі. Сораптар сатылы графикпен жұмыс істейді. Су пайдалану режимінің жоғарғы немесе төменгі мәндеріне байланысты берілу автоматты түрде қосылып, ажыратылып отырады. Сораптар саны сағаттық (тәуліктік) су тұтыну мөлшеріне тиісті қабылданады. Бұл сұлбаны пайдаланғандағы анықталған кемшілік – ол ұңғымадан сумен бірге құм шыққанда сораптардың қажалып тез істен шығатындығы 2 фермадағы автосуарғыштардың бітеліп, олардың жұмыс істеуінің нашарлайтындығы.
Атап айта кетер болсақ, сораптардың ішкі құрылысы пластмасса желбезектерден тұрады. Ал пластмасса желбезектеріміз барлық жағынан сипаттамалары бойынша көңілден шығатын болса (суға төзімді, ұзақ уақытқа шыдауы, шірімейді, тоттанбайды), суды сору кезінде сумен қоса құм, майда тастар бірге шығатыны белгілі. Осы құм, майда тастар жылдамдықпен айналыс кезінде үйкеліс әрекетінен пластмасса желбезектері желініп істен шығады. Пластмаса желбезектер істен шыққаннан кейін сораптың ішінде айнала береді, бірақ сораптың пайдалану коэффициенті 0 – ге дейін төмендеуі мүмкін.
Ауыл шаруашылығының суға қажетін өтеу үшін, бұрынғы Кеңес Одағында жыл сайын орта есеппен 20 мың құмыр (скважина) бұрғыланған, олардың диаметрі 50 – ден 500 мм – ге дейін, тереңдігі 300 -500 м-ге дейін, кейде тереңдігі 1,5 км-ге дейін барған.
Бұрғыланған құмырлар, негізінен,өте тереңде орналасқан арынды жер асты суларын пайдалануға арналған және су шығымы 0,7 –ден 36 м 3 / сағ – қа дейін және одан да артық. Тесу жұмыстарын бұрғылау тәсілімен жүргізіп, қабырғасын обсадты құбырмен бекітеді де, құмырдағы қысымсыз суды батырылған электрлі сорғышпен жоғары тартып шығарады.
Кейінгі кездері жер асты суларын мал шаруашылығына пайдалану деңгейі төмендеді. Олардың істен шығуы көп жылдардан бері жөндеусіз қызмет жасауына байланысты 70 % - дан асады, себебі пайдалану кезінде су алатын құмырлардың көбісінің тесіктері (ірі бөлшек заттар ұстаушы саңылауы бар) торлы, қиыршық тастармен бітелген сайын өнімділігі азайып, бірте – бірте істен шығады.
Сумен қамту жүйесінің екінші негізгі бөлігі – нысанға тиісті су пайдалануды дұрыс ұйымдастыру. Берілген су мал суаруға, садыраны жинап, еденді жууға, малға азық дайындауға, ғимаратты жылытуға, өрт сөндіруге және техникалық қажеттілікке жұмсалатыны 1.2–суретте келтірілген.
Индустриалды бағытта малды күтіп бағу жүйесінде малды суаруға байланысты процестер автосуғарғыштар көмегімен атқарылады.



Сурет 1.2 – Мал шаруашылығы нысандарының су пайдалану сұлбасы
Олардың жұмысын жасау принципі және конструкциясы жағынан бірнеше топқа бөлуге болады. Суғаратын судың сапасын жақсарту немесе оны жылытып беру, автосуарғыш бетін тазалау жағдайы әлі күнге дейін дұрыс шешімін таппай отырған өзекті мәселе.
Ферма ішіндегі малдардың су ішуі жоғарғы тұрақсыздық коэффициентімен ерекшеленеді. Себебі, автосуарғыштарды қолдану малға кез-келген уақытта суды пайдалануға мүмкіндік береді. Олейник В.Н.[2] мәліметтері бойынша кешенді түрде бағылатын малдарды суғарып, басқа да қажетті жұмыстарды атқару үшін тәулігіне 2500 м 3 су қажет болса, кейде ол ауа райына, жейтін шөптің, азықтың ылғалдылығына байланысты 1500 м 3 – ге дейін төмендеп кетеді. Мұның ішінде: мал суғару мен азық дайындауға – 410,0 – 624,8 м3/тәулік., еден жуу мен садыраны жинауға – 205,6 – 1527,3 м3/тәулік., басқа да шаруашылық қажеттіліктерге – 8,5 – 15,8 м3/тәулік. су шығындалатыны көрсетілген.
Бұл көрсеткіштерді бірқалыпты мәндерге келтіру үшін су ысырабын азайтып, ветеринарлық-гигиеналық талаптарды күшейтіп және тәуліктік су пайдалану шығынының сағаттық мөлшерін айқындайтын графиктерді дұрыс реттеуге мүмкіндік жасалуы керек. Осының бір жолы – автосуарғыштар жұмысының бірқалыпты режимде болуын қамтамасыз ету.
Қорытындылай келе Республикада ауылдық елді мекендер мен жайылымдарды сумен қамтамасыз ету деңгейі өте төмен жағдайда қалып отыр. Пайдалануға жарамды жерасты суларының үлесі 88,6% құрайды. Қолданыстағы шахталық құдықтардыңң шамамен 80% құм шөгінділерінен тазалауды қажет етсе, ал су алу скважиналарының 65...70% «құмдану» режимінде жұмыс істейді. «Ғимарат – сукөтергіш» кешенінің технологиялық-пайдалану көрсеткіштерінің төмендеуі, ең алдымен ғимараттардың құмдануына (лайлануына) және құбырлардың механикалық, химиялық шөгінділермен ластануына байланысты.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет